Сурет-38. Тәрбие формалары
Топтық тәрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиешінің міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.
Ұжымдық тәрбие формалары: байқаулар, сахналық қойылымдар, ән-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары
Тәрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тәрбиеленушілер ересектермен бірлікте және олардың басшылығында жаңа тәжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды.
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар әдістемесі негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу және бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.
Соңғы жылдары тәрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тәжірибесіне енуде: «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы, «Сократтық сұхбат», «Сыр сұхбат», «Сіз не дейсіз?», «Айтуға оңай» және с.с. ашық микрофон, әңгіме, философиялық басқосу, дөңгелек үстел, пікірсайыс, т.б.
Көпшілік тыңдарман тәрбиеленушілерге арналған дәрісбаяндар: 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тәрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.
Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқылау үшін қолданылады.
Фәлсафалық бас қосу – тәрбеленуші өмірінің мән-мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат - кеңес.
Белгілі тақырып бойынша пікірсайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.
Интеллектуалдар сайысы – ақыл-ес әрекеттерін, білімдерін жарыстырудың ойын формасы.
Аукцион – ұсынылған «тауарды» - кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы және т.б.«сатып алу» үшін қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.
Мамыражай әңгіме – сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тәлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.
Даналар күні – арнайы күн, ұлы ғұламалар мерейтойына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.
Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікірталасты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тәрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз жарыс.
Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған Тәрбие формаларының қызметтері
орындайды:
· ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді.
· реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
· ақпараттық: тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймай, олардың өзіндік тәжірибелері мен бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 6400;