Дәріс №4 Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері мен оларды есепке алу.

 

1. Оқушылардың жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама.

2. Жеке тұлға дамуының педагогикалық проблемасы. Жеке тұлғаның даму проблемасына әртүрлі көзқарас. Баланың даму процесі.

3. Жеке тұлғаның дамуындағы жағдайаттар. Қазіргі қоғамның даму кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері.

Қоғамсыз, әлеуметтік қарым қатынассыз және ұжымсыз баланың жеке адам, тұлға болып тәрбиеленуі мүмкін емес. Сонымен қатар жаңа тұған бала, өзіндік даму қабілеті бар, спондандық дамуға ішкі күштері және ынтасы тән табиғи тірі жәндік.

Алдында балаларға итермеші шартсыз рефлекстер, инстинктер, табиғи қажетіліктер болса, олардың қанағаттандыру процесінде бірте-бірте икемділіктер, қабілеттер қалыптасады, дағдылар мен әдеттер, рефлексивті - шарты байланыстар, стереотиптік ойлау пайда болады. Әрекетінде ынталармен қоятын талабы мен баланың өзбеттілікке ұмтылуының арасындағы қайшылық "дағдарыс" кездеседі.

Л.С. Выготскийдің ойын жалғастырып Д.Б. Эльконин әр бір жас кезеңдерін бөлуде келесі белгілерді қолдануды ұсынады.

· Дамудың әлеуметтік жағдайын. Әлеуметтік ортадағы баланың қарым-қатынас жүйесі;

· Кезендегі баланың негізгі немесе жетекші іс әрекеті;

· Дамудың негізгі жанадан пайда болған түрлері (жаңашылдық);

· Дағдарыс. Дағдарыс бұл баланың даму қисығындағы бір жасты екінші жастан бөлетін өзгерісті нүктелер.

Акселерация /латын тілінің "акселерацио" - ускорение деген мағынаны білдіреді/ - бұл балалық шақ пен жеткіншек жасындағы физикалық пен психикалық дамудың жылдамдауы. Биологтардың айтуынша акселерация организмнің физиологиялық пісуімен байланысты, психологтар оны психикалық функцияларының дамуымен, ал педагогтар - тұлғаның рухани дамуымен және әлеуметтенуімен байланыстырады. Педагогтардың тұжырымы бойынша 50-60 жылдары балалар мен жеткіншектердің физикалық және рухани дамуы бір қалыпты болған /оны суреттегі 1 қисық көрсетеді/. Акселерацияның нәтижесінде 70-ші жылдары организмнің пісуі /2 қисық/ ақыл-ойдың психикалық, әлеуметтік дамудың /3 қисық/ қарқынынан озады. Осы кезде қайшылық туады. Интелектуалды, әлеуметтік, өнегелік қасиеттердің негізі психикалық функцияға қарағанда орта аумақтарында дене тез өседі. Сондықтан, мемлекеттің орта аумақтарында тұратын қыздарда 13-15 жаста, ұл балаларда 14-16 жаста организмнің физиологиялық дамуы негізінен бітеді де үлкен адамның деңгейіне жетеді, бірақ ақыл-ой дамуы туралы бұлай деп айтуға болмайды.

Акселерация қарқыны туралы келесі салыстырмалы көрсеткіштерді айтады. Соңғы үш он жылдықта 50-ші жылдардағы құрдастарымен салыстырғанда жеткіншектің бойының орташа көрсеткіші 13-15 сантиметрге, ал салмағы 10-12 кг көбейген. 80-ші жылдың ортасынан бастап барлық дүниежүзінде физиологиялық дамудың қарқыны тежеліп, біршама басылып қалды.

Даму мен оқыту екі түрлі процесс. Егер даму адамның немесе тұлғаның қалыптасу процессі болса, оқыту - бұл баланың даму процесіндегі ішкі, жалпылама және керекті кезең болып табылады. Оқыту даму жақын арадағы зонаны қалыптастырады және дамудың ішкі процестерін қозғалысқа әкеледі.

Жақын арада даму зонасы дегеніміз - бұл баланың өзекті даму деңгейі мен мүмкіндік даму деңгей аралығы. Дамудың өзекті деңгейі деген дамудың кешегі күнде жеткен табысы, нәтижесі, ал жақын арада даму зонасы ол ертеңгі күндегі ақыл-ойдың дамуын көрсетеді.

К.Д. Ушинскийдің айтуынша, егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, ол оны жанжақты білу керек. Балалардың жас ерекшеліктерін табу және барлық шақтың кезенін белгілеуде оның анатомиялық көрсеткіштерің, физиологиялық процесстердің өтуін, өсудің сапалы өзгерістерін, психиканың дамуын, эмоционалды ерікті және әрекеттік-практикалық өрісін, рухани-өнегелі жетілуін еске алынады.

Л.С.Выготский баланын психикалық дамуынын (онтогенездін) бірнеше заңдарын тужырымдаған: "Баланың дамуы уақыт бойында күрделі құрылым, өзіндік ырғағы бар. Өзіндік ырғақ уақыт ырғағымен сәйкес келмейді және өмірдің әр жылдарында өзгеріп тұрады. Мысалы; бөбек кезеніндегі бір жыл өмір, ересектердің бір жыл өміріне тен емес".

"Баланың дамуындағы метаморфоза заңы даму сапалық өзгерістердің тізбегі. Бала аз білетін үлкен емес, ол сапасы ерекше психикасы бар жан".

"Баланың бір қалыпты дамымау заңы. Баланың психикасының әр жақтарына тән оптималды даму кезендері бар". Бұл жас кезеңінде нерв жүйесі жетіледі. Психикасы да тез дамиды. Мектепке дейінгілерге қарағанда түстерге сезімталдылығы 45 %, көру - 80 %, түйсікте 50 % өседі.

Дамудың жылдамдығы, жаңа қасиеттерді туындатуға, баланың іс -әрекетін, оқу-тәрбие процесін белгілі мақсатқа бағытталғандығын талап етеді. Кіші мектеп жас оқушыларында қабылдауы бір тұрақсыз және ұйымдаспаған.

Бұл жастағылар 9 және 6 санын және кейбір әріптерді шатастырады. Қабылдаудың эмоционалдығын пайдаланып тәжірибелі педагогтар оқушыларды мақсат қойып тыңдауға, көруге үйретеді. Зейін бұл жаста әлі толығынан тұрақты емес. Сондықтан оқу және тәрбие процесі баланың бойында зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Мектеп өмірі баладан ерікті жүріс- тұрысты ерікті зейіннің қалыптасуын қажет етеді, яғни еріксіз зейін оқу түрткісі мен оқу іс-әрекет табысынан жауапкершілік сезімінің дамуынан туындайды.

Балалардың ойлауы эмоционалды-бейнеліктен абстрактілі болып дамиды.

Бастауыш мектептің негізгі мақсаты-баланың ойлауын жаңа сапалы қарқынға көтеріп, интеллект себеп-сылтаулық байланыстарды ұғыну деңгейін дамыту. Бұл жерде мектептің, мұғалімнің ролі ерекше. Зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, оқу-тәрбие процестерін құрастыру, оқу мазмұны мен әдісін өзгерту, танымдық іс-әрекетін құрастыру әдістері кіші мектеп оқушыларының ой дамуының әр-түрлі деңгейлерін көрсетеді.

Ой сөйлеу мен сөйлеумен бірге дамиды. Қазіргі 4-ші класс оқушыларының артық сөздігі орташа есеппен 3500-4000 сөзден тұрады. Егер мектепке дейінгілері 15 берілген сөйлемнен 3-5 есте қалдырса, ал кіші мектеп оқушылары 1-6-8 сөйлемді есте сақтайды.

Бұл жастағы балалардың есі көрнекі - бейнелілік болып келеді де, қызықты, конкретті, жарық материалдар тез есте сақталады.

Бұл жас кезеңінде баланы үлкендер мен құрдастары тұлға ретінде қалыптасуы жаңа қатынастардың, іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болу нәтижесімен байланысты. Оқушылардың көнгіштігі мен иланушылығы, олардың сенгіштігі, еліктеуге бейімділігі мұғалімдердің авторитеттігі баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Бастауыш мектеп өздерінің тәрбиеленушілеріне дұрыс құрылымға сай еңбекті ұйымдастыруы керек. Еңбектің ойынмен араластырылғаны тиімді нәтижелер береді, балалардың бойында еңбекқорлық, қимыл мәдениетін, ұйымдастыру әрекеттерінің әдеттерін және жан-жақты белсенділік дамытуы керек.

Жеткіншектерге қарағанда бұл жастағылар адамдардың бойын интеллектуалды қасиеттерді, материалда тез ориентир ақылды, тапқыштықты бағалайды. Моралды көзқарастар бағалау этикалық көзқарас ұқтыру сезімдері пайда болса сезімдер толық, терең болады. Олар қандай әрекетпен болсын, өздеріне зейін аударғысы келеді.

Бірінші махаббат, этикалық проблемаларға назарын аударуға ықпал етсе, осы кезеңде, өмір маңызды бақыт, парыз, тұлғаны еркіндігі туралы ойланады. Жүріс-тұрыстың саналы түрткілері күшейеді, тұлғаның ұжымда алатын орны, қарым-қатынас ерекшеліктері терең мәнге ие болады. Өмірлік жоспарлары, кәсіпті таңдауы қызығушылықтары мен талаптарына жауап береді.

"Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен тыс жерде педагогикада жоқ, педагогта жоқ"-деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған, тәрбиенің негізі отбасынан басталады дейміз. Патриоттық сезім ана тілін қастерлеуден басталады. Туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып ұлттық рухты сіңіру, тіл мен әдебиеті, тарихы мен өнерін қастерлеп салт-дәстүрлерін меңгеру үйрету, оны талап ету - әрбір ата-ананың міндеті, өмірлік парызы. Халқымыздың күрескер ұлдары Кенесары, Махамбет пен Исатай бастаған азаттық қозғалысы, Отан қорғау соғысында Бауыржан Момышұлының, қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ерліктері бүгінгі және болашақ жастарға үлгі-өнеге боларлық тағылымдар.

Жеке адамды тәрбиесіне ұжымның тигізер әсері орасан үлкен. Баланы ұжым арқылы тәрбиелеу сонау көне заманнан бері күн тәртібіне қойылып келеді. Солардың ішінде балаларды ұжымдық негізде тәрбиелеу мәселесін тәжірибе арқылы іске асыру әрекетін жасаған швейцар педагогі И.Г.Песталоцин болды. Ол балалар үйін ұйымдастырып, оны үлкен отбасына айналдыруға тырысты, онда мейірбандық бірліккен әрекет және еңбек әуені орын алды.

Жалпы алғанда баланы өмірге қызықтыру отбасы – мектепте берілетін тәрбиеге баланың оқыған әдеби кітабына, ол қатынасқан әр түрлі кештерге, ол белсене арласқан пікір таластарына, т.б. сайыс – жарыстарға байланысты. Балалардың бойына оқу орындарында, отбасында, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдердің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың, бүкіл жұртшылықтың алдында тұрған аса жауапты міндет өсіп келе жатқан ұрпақ алдында жеке адам еңбексіз дамымайды. Еңбек арқылы адамның дене бітімі, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі. Кәсіби еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі. Кәсіби еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін, творчествалық қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының және отбасының бағыты толыса түседі.

Тұлғаны еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері төмендегілей.

1. психологиялық және практикалық тұрғыда даярлау;

2. ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру;

3. еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту;

4. ынтасын және қабілетін дамыту;

5. өз бетімен өз еркін пайдаланып отыруға дағдыландыру

арқылы тұлғаның дербес ерекшеліктерін қалыптастыруға болады.

 








Дата добавления: 2016-01-30; просмотров: 6482;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.