Quot;Тұлғаны дамыту", "тәрбиелеу", "қалыптастыру" ұғымдарына сипаттама.

Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы заңдылықтары қалыптасқан.Жеке адамның даму процесін қарастыратын болсақ, бұл ’’процесс’’латын тілінен аударғанда алдыға қарай қозғалу, өзгеріс деген сөзді білдіреді.

Даму процесі - адамның организміндегі сандықжәнесапалықөзгерісте болады. Мысалы, баланың әсерленуі, суреттеуі, ойлауы, сезуі ер жеткен адамнан басқа. Баланың бұл жан көрністерінің әрқайсысының жеке-жеке алғанда басқаша бұлардың бәрін тұтас алғанда да басқашалық бар.

Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы заңдылықтары қалыптасқан.Жеке адамның даму процесін қарастыратын болсақ, бұл Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы заңдылықтары қалыптасқан. Жеке адамның даму процесін қарастыратын болсақ, бұл ’’процесс’’латын тілінен аударғанда алдыға қарай қозғалу, өзгеріс деген сөзді білдіреді.

Бірінші баланың барлық жан әсері бір-біріне берік байланған болады, бірімен-бірі бірге жүреді. Мысалы, баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі қайраты бәрі бірге іс қимылды, бұлар бір-бірімен күресе білмейді, бірін-бірі тізгіндей білмейді. Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты бәрі бірге жұмсалады. Балалық шақта алынған әсер ер жеткенде адамның ақылының, ой-пікірінің, мінезінің қандай дәрежеде болуына негіз болады. Балалықта жағымсыз әсер алса,қорлық, зомбылық жоқшылық көрсе, адамның күншілдігі, қызғаншақтығы, адам өмір бойы қасіретке бейім болуы осыдан.

Екінші, бала ылғи іске ұмтылса, бірақ не істеу, қалай істеуді білмейді. Сондықтан ересек адамдардың не істегенін қалай істегенін өнеге тұтады. Сондықтан бала еліктегіш келеді және бала өте сезімпазболады. Сондықтан баланы өз күшіне өзін сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек. Мағжан Жұмабаевтың сөзімен айтсақ ‘’Жас бала- жас бір шыбық ’’,тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ жолдасы болсын’’,деген екен.

Сонымен адамның Биологиялық дамудеп адамның морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық тұрғыдан даму процесін айтады. Ал, әлеуметтік дамуадамның психолгиялық, рухани-мәдениеттілік тұрғыдан дамуы.

Адам тұлға болып тумайды, ол тек даму процесінің нәтижесінде ғана тұлға деген атқа ие болады.

Егер адам белгілі бір білім дәрежесіне жетік, өмірден алған тәжірибесі мол болып, өз бетінше қоғам үшін өзі үшін, жанұясы үшін күрделі жұмыстарды атқара алатын даму деңгейіне жететін болса, адамды ’’тұлға’’деп атайды.

Халқымыздың алтындай ардақты, күмістей салмақты асыл тұлғаларының бірі - Бауыржан Момышұлы, Нұрғиса Тілендиев т.б.

Б.Момышұлының, Н.Тілендиевтің бойындағы ізгі қасиеттердің қалыптасу жолдары халықымызды гүлге қонған бал іздеген арадай сан жылдар бойы жинақтаған әдет-ғұрып, салт-сана, тәлім-тәрбие дәстүрі мен іштей түлеп сұрыпталған рухани мәдениетінде жатыр.

Бауыржан, Нұрғиса ағалардың барлық өмір жолы халық педагогикасының адастырмас қысқа жолы, шығар көзі.

’’Адам’’деген түсініктің ’’тұлға’’түсінігінен айырмашылығы бар, бұл айырмашылық адамның әлеуметтік мінездемесі болып табылады да қоғамдық қатынастардың әсерінен және басқа адамдармен жасалған қарым-қатынас негізінде қалыптасады. Әлеуметтік жүйеде адам белгілі бір мақсатта көзделген тәрбие нәтижесінде ғана тұлға болып қалыптасады. Тұлға қоғамдық тәжірибе алу деңгейімен және де қоғамға, материалды және рухани байлыққа қосқан үлесінің деңгейімен анықталады.

Даму процесі -өте күрделі, ұзақ, ішкі және сыртқықайшылықтардан тұратын процесс болғандықтан біздің организміміздегі өзгерістер өмір бойы болып жатады. Адамның рухани дүниетанымымен физиологиялықтұрғыдан даму бала кезде және жеткіншек шағында интенсивті түрде өзгереді. Бұл өзгеріс физиологиялық, психологиялық және рухани сипаттамалар сияқты сапалық өзгерістерге өтіп түрленеді.

Адам дамуы -өте күрделі және диалектикалық процесс. Бала анадан туа біткеннен белгілі түсініктері және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Адамның бүкіл өмірі, оның ішіндегі баланың өмірі, дамудың көрсеткіші болып табылады. Ол сан алуан дене, ақыл-ой жағынан сандық және сапалық өзхгерістерге ұшыраумен байланысты. Адамның адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиертері даму процесінде қалыптасады. Дене күштері өзгерістеріне - сүйек және бұлшық ет системасының, ішкі органдарының нерв системаларының өсуі және дамуы жатады. Психикалық өзгерістер, ең алдымен, ақыл-ойының дамуына, жеке басының қалыптасуымен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік жағдайларға байланысты оның мінезінде әртүрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады.

Даму өмір жағдайына байланысты. Адамның өзінің өсіп өнуіне, өмір сүруіне өзі әрекет жасап, жағдай туғызады, еңбек етеді, өмірдің биік шыңдары: білімге, ілімге талпынады. Дамудың қозғалыс күші қарама-қайшылық күресі болып табылады. Қарама-қайшылықты адам іздеп немесе ойлап таппайды, ол өзгерістің қажеттілігінің салдарынан туындап, адамның әрбір қадамында кездесіп отырады.

Қарама-қайшылықтың ішкі және сыртқыекі түрі болады. Ішкі қайшылықтар адамның ішкі дүниесінің қайшылықтары болып табылады. Адам өзінің еркіне қарсы іс әрекет жасаған кезде ішкі қайшылықтар пайда болады. Мәселен, қазіргі кезде С.Назарбаева Порфирии Ивановтың әдістемесін ел арасында кеңінен таратуда, суық сумен шомылуды ’’стресс’’ адам организмінде, мұздай су адам организмінде тітіркену, адамның үрейленуі, қобалжуы, қанның қысымының төмендеуі 1-2 минуттан соң адам организмінің бейімделу әсері көбейеді, ’’антитела’’бөлінеді, былайша организмнің қорғау қасиеті күшейіп оның бейімделу қасиеті көбейеді. Адам организмнің клеткалар бір- бірімен қарым-қатынасы күшейіп, адам қорғаушы энергия күшейеді.

Сол сияқты адам ауырғанда t көтерілуі адам организінде антитела көбиеді, t-ны бірден басуға болмайды, организм өзімен- өзі күреседі, сүйтіп организм адамның сауығуына көмектеседі. Ал, сыртқы қайшылықтар адамның басқа адамдармен, табиғатпен қарым-қатынасында байқалады.

Дамып келе жатқан жеке бастың тәрбиесі оны тек іс-әрекет процесінде араластырғанда ғана жүзеге асады. Бұл заңдылықты (қандай болмасын жеке бастың дамуында) адамға қоғамдық тәжірибені бергенде ғана жүзеге асыруға болады. Мысалы, адамды еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеу үшін еңбекке араластырмай, ұжымшыл ету үшін, ұжымның ісін шешуге араластырмай болмайды. Ол тәрбиенің әр түрлі әрекет түрлерін енгізу арқылы шешіледі.

2. Тәрбие жеке басты қалыптастыруда оның белсенділігін қолдау іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұл заңдылық жеке бастың қалыптасуы оның белсенділігіне байланысты. П.П.Блонский кезінде көптеген тәжірибеде біздің көзімізді жеткізе түсетін бір нәрсе - тәрбиешінің, тәрбиеленушінің өз күшіне сүйенуі оның білімге деген ынтасын оятуы.

Психолог С.Л.Рубинштейн жалпы даму барысында жеке адам қалыптасады. Оның сыртқы қалпын тек ішкі орта арқылы сол жеке бастың өз қуаты, өз белсенділігі арқылы іске асырады дейді.

Белсенділік дегеніміз не? Белсенді деп тегінде суъектінің іс- әрекет үстіндегі күйін, іс-әрекетін айтады. Әрекет ұғымына белсенділікті қолдануға болмайды, өйткені әрекет қалайда жеке бастың белсенділігі. Адам еңбекке берілгендігі емес, еңбек етуге тәуелділігінен еңбектенеді.

Қажеттілік адамның техникалық, психикалық ішкі өтініш, ренішін қажетсінуінен, әр адамда жетіспегендіктен туындайды. Соның нәтижесінде адамның әрекетке ұмтылысын, ішкі қажеттілігін, ілгері ұмтылысын туғызады.

3. Тәрбиеде жас және дербес ерекшеліктерін еске алу.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері.

А) темперамент, оның типтері (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик);

Ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипаттары;

Б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер. Қабілет - адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

4. Ұжым арқылы жеке адамның өзара байланысы. Жеке адамды қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Ұжымсыз жеке адам дамымайды, азғындайды, кері кетеді.

Ұжымның басты борышы - әрбір адамның түлеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс.

5. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі өте зор. Іс-әрекетінің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынасбелсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды.

Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.

Таным белсенділігіадамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдары терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауаптарын табады.

Жеке адамның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі фатроға айналды. Ол адамның өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейрімділік ынтықтығымен тұтандыру керек, айналадағы дүниегні танып қана қоймай, өзінің ішкі дүниенісіне үңіле қарай білуі қажет.

Сонымен бірге, өзін-өзі тәрбиелеудің жіктелген бағдарламасы жасалады, мінез-құлық тәртібі белгіленді. Оны орындау ең қарапайым істерден басталуы керек. Мысалы, басталуы былапыт сөзден арылу, жолдастардың атынан ойсыз ере бермеу, орынсыз сөзге араласпау, біреудің сөзін бөлмеу, әр кезде өз сөзіңде тұру, өз орнын үнемі жұмыс жағдайында ұстау т.б. кезінде Л.Н.Толстой өте дәлдікпен өзін-өзі бағдарламасын жасаған: Мен үшін ең маңызды деген нәрсе, өмір бойы үш негізгі кемшіліктен арылу:

· Мінезсіздік;

· Ашуланшақтық;

· Жалқаулық; - деген екен.

Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын жасай отырып, оны орындаудың әдістерінде білу керек:

· өзін-өзі иландыру;

· өзін-өзі сендіру;

· өзін-өзі сынау;

· өзін-өзі міндеттеу;

· ойша өзін өзгенің орнына қою арқылы өзгелермен санаса білу;

· өзіне-өзі бұйыру;

· өзін-өзі жазалау.

Адамның дамуы мен қалыптасуы жөнінде әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде түрліше орын алады.

Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.

Америка психологы Эдуард Торндайк (1874-1949) баланың дамуы гендерге байланыст, олар баланың дене қасиеттерін, ақыл-ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілйді деп өз ойын дәлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты де тұжырымдады.

Американ философы, педагогы Джон-Дьюн (1859-1952) өзінің даму теориясын балада туа пайда болатын инстинкт және қабілеттермен дәлелдейді. Дьюидің пікірі бойынша, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болды. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту мүмкін емес дейді. Рубинштейн, А.Р.Лурия., Л.Термен, Э. Теккель, Ю. Мюллер, И.Шванцара. Ең алдымен мына сұрақтарға жауап іздейік: неге әртүрлі адамдар даму деңгейінің әртүрлі кезеңде жақсылыққа қол жеткізеді, бұл процессжәне оның нәтижесі қандай шарттарға байланысты. Ұзақ мерзім жүргізілген зерттеулер жалпы заңдылықтың келіп шығуына себепкер болды: адамның ішкі сыртқы шарттарға негізделген. Ішкі шарттарға организмнің физиологиялық және психологиялық қасиеттері жатады.Сыртқы шарттарға адамды қоршаған қауым, ол өмір сүріп, дамып келе жатқан орта енеді. Адамның сыртқы ортамен жерлесуінің салдарынан оның ішкі дүниесі өзгеріп отырады,жаңа қарым-қатынастар пайда болып отырады.

Табиғат шарттары мен адамның дамуының формаларының арасындағы байланысты биогенетикалық заң деп атайды. Бұл заң бойынша: онтогения(жеке даму)- филогенияның (даму түрлері) қысқа және жылдам дамуы немесе тұқымның қайталануы.

Тұқым қуалау процесінің жүруі және нәтижесі қандай факторларғак негізделген? Деген сұраққа жауап алатын болсақ, біз адамның тұқым қуалау заңдылығын білгеніміз? Ағылшын философы Джон Локк (ХVІІІ ғ.) олар қоғамдағы адам дамуының шешуші факторы, күші орта, анығырақ алғанда, адамдардың өмір жағдайы және тәрбие деді. Француз материалистері көрсеткендей адам – жағдайлар мен тәрбиенің ғана жемісі. Бұл философтардың өздері де орта мен тәрбиені адам табиғатына қарсы қоя отырып, қоғам мен адамды қайткенде қайта құруға және өзгертуге болатындығын түсінбеді, оны дәлелдей алмады.

Бихевиоризм бағытының ірі өкілі американ психологі және педагог Э.Торндайктің дәлелдеуінше қарапайым дене қасиеттері сияқты адамның ақыл ой қабілеті мен тілегі тұқым қуалаушылықпен анықталады деп пайымдаған екен (бихевиоризм мінез-құлық деген мағынада). Ол тұқым қуалаушылық мағлұматтар баланың ең әуелі қозғау, жүгіру, секіру қабілетін, ол содан соң оқуын, кәсібін, шеберлігімен жеке басының қасиеттерін анықтайды деп есептейді. Адам миының құрылымы тұқым қуалайды, қоғамда болып отырып, ол адамдармен толып жатқан қарым-қатынаста болады, бұрынғы өткен ұрпақтардың тәжірибиесін меңгеріп, оны жетілдіреді, жеке адам ретінде өсіп, дамиды. Сөйтіп, адам өзінің іс-әрекеті мен жағдайын сипатын үнемі өзгертіп отырады, солармен бірге өзі де өзгереді.

Экзистенциализм (лат. – тіршілік, күн көру). Батыстағы ең кең тараған идеалистік ағымдардың бірі ғалымдар: М.Хайдеггер, К.Эсперс, Г.Марсель ерекшелігі: адамның қалыптасуындағы тәрбие мен білімнің мәнін жоққа шығару. Осыған байланысты экзистенциалистер адамның өзін-өзі тәрбиелеуді нәтижелі деп есептейді. Сөйтіп өздігінше тәрбиеленуді жанұяның, мектептің әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалына қарсы қояды, бұл олардың "субъективтік-идеалистік" қорытындыға әкеледі.

Неотомизм – діни сипаттағы объективтік идеализмнің бір саласы. Олар: Ж.Маритен (АҚШ), М.Казотти, М.Стефанини (Италия) баланың дамуын дін мен мистикаға апарып тірейді. Адам жаны құдай жаратқан болғандықтан, оның дамуы да діни тәрбиенің әсерінен болады.

Осы заманғы ағылшын психологы Г.Айзинг ақыл-ой жағынан дамудың шамамен 80 пайызы генетикалық себептерге және 20 пайызы айналадағы ортаға байланысты деп есептейді.

Л.С.Выготский (1896-1934) белгілі орыс психологы бкала дүниеге келген сәттен-ақ әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі болып саналады деп көрсетеді. Өсіп толысу үшін баланың ересек адамдармен қарым-қатынасқа түскеннің зор маңызы бар. Олардан өмірге қажетті білім мен тәжірибе алады. Төңірегіндегілермен қатынаста болу процесінде балада адамдарды қажет етіп тұру тілегі қалыптасады, ал мұның өзі оның жан-жақты дамуының аса маңызды қайнар көзі болып табылады.

Балаға қоғам мен төңірегінде жүретіндер үйлесімді әсер етуі мүмкін. Бірақ, бұл әрқашан бола бермейді, бұл ықпалдың арасында кейбір жеке сәйкестіктер де, қарама-қайшылықтарда болуы мүмкін.

Қазақтың көрнекті ақыны, ұстазы М.Жұмабаев адам баласы туралы былай деп жазған екен. "Жер жүзіндегі басқа жан иелері мен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам балдасы туғанда іңгәләған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мініеки адам баласы осылай, өте әлсіз болып туып, аса сараң өсетіндігінен оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды" – деген екен. Қазақ халқы – ертеден жалғасып келе жатқан тарихы бар. Өзіндік - әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діни наным-сенімі бар халық. Біздің ата-бабамыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп келген. Баланың "шыр" етіп жерге түскеннен бастап үлкен өнегелі азамат болғанша ұлттық ерекшеліктерімізге ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырады.

Ұлттық салт-дәстүріміздегі шілдехана, бесікке салу, тұсау кесер,т.б.-лардың бала тәрбиесінде алатын орны зор. Әсіресе, халық ауыз әдебиеті, ертегілер, батырлар жыры, мақал-мәтелдер баланың дүниеге көзқарасының дамуына көп ықпалын тигізеді. Мысалы: бұрынғы кезде әйгілі батырларға еліктесе, қазіргі кезде кинодағы боевик, "террменатор", "Рембо"-ларға еліктейтін болып отыр. Мұның өзі адам тәрбиесінде, жалпы алғанда қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Мәселен, кеңес әдебиеті біздің сан ұрпақты тәрбиелеген жарқын да ұмытылмас образдардың галериясын жасап берді. Бұлардың арасында Павел Корчагин (Н.Островский "Құрыш қалай шынықты") Алексей Мерессев (Б.Плевой "Нағыз адам") т.б. атауға болады. Бұл арада айта кететін қазақ қыздары Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұловалардың жасаған ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай. Бүгінгі нарықтық экономика қиын қыстау заманда бала тәрбиесін "Ұлы тұлға " өнегесінің тигізетін пайдасы зор.

2. Г.Итард: "Өркениет болмаса адам ең төмен, ең түйсіксіз хайуан болатын еді. Адам тек қоғам арқылы адам болады"-деп жазып кеткен екен. Әлеуметтік орта ықпалы ең маңызды анықтаушы ықпалы болып табылады. Әлеуметтік орта ұғымына осы қоғамдағы қоғамдық қатынастар мен осы қатынастарды реттеп отыратын институтар кіреді. Адам стихиялы түрде әсер ететін, мейлінше сан алуан сыртқы құбылыстардың комплексі, әдетте орта. Бұл адамның дамуына едәуір ықпал етеді. Табиғи немесе географиялық, әлеуметтік және үй-ішінгің ортасының ықпалы туралы сөз етуге болады. Әрбір орта адамға ерекеше ықпал ететіні сөзсіз. Әлеуметтік ортасыз адамадар мен арласпайынша адам өзі адам бола аламайды. Адам дегеніміз - қоғамдық қатынастардың өнімі.

Кейбір қайғылы фактлерді келтірейік. Мысалы, Киплингтің "Маугли туралы ертегісі" басынан аяғына дейін ойдан шығарылған деп айта аламаймыз. Адам өркениетінің тарихында сақталған фактлерге назар аударсаң, бұл шындыққа ұласады. Жалпы, адам баласын хайуандар асырап алғаны туралы аңыздар өте көп. Мұның қайсысы шындық, қайсысы ертегі екенін біз біле алмайтыны шығармыз.

Қоғамдық құрлыс үстем таптардың саясаты бала талабының мұраттарының қалыптасуына зор ықпал етеді. Оның тәрбие, оқып білім алатын отбасы, ұжымы, сондай-ақ оның тұрмыс жағдайы: пәтері, тамақтануы, бала төңірегіндегі ересектер, олардың тіршілігі, еңбек салалары, ондағы адамадар қызметі, өсіп келе жатқан назрына ілінген әлеуметтік, экономикалық, тұрмыстық, саяси және моралдық қатынастар, осының бәрі таным көздері. Ақпарат құралдары, әсіресе теледидар мен оның қызметтік түрлері қоршаған әлеуметтік ортаны әлдеқайда кеңітіп бүкіл жер шарын кеңістікке айналдырады.

Адамды тікелей қоршайтын: отбасы, мектеп, жолдастарымен достары балаларға зор ықпал етеді.

Адамның дамуына үлкен ықпал жасайтын, әсіресе, балалық шағында – отбасы. Отбасы көбіне баланың қызығушылығын, қажеттілігін, ортасын, көзқарастарын құнды бағдарын анықтайды.

Д.Писарев айтқандай "Тәрбиедегі басты мәселе тәрбиешінің кім екендігінде". Отбасы, мұғалім – мекетптегі басты тұлға. Сондықтан мұғалімнің бала дамуына ықпалы зор.

Ағылшын педагогы, философы Джон Локк баланың жан дүниесін тәрбиеші өзі нені қажет деп санаса, соны жазуға болатын таза тақтамен салыстырады. Кез-келген ортаның ықпал ету сипаты жеке адамның рухани байлығына, оның тілектері мен талаптарына байланысты болады.

Адамның дамуы өте күрделі толып жатқан қайшылықтары бар процесс. Бұл сыртқы орта әсер етуінің де, ішкі тұқым қуалаушылық ықпалымен өтіп жатады. Бұлар қандай да болсын тірі және өніп-өсіп келе жатқан организм сияқты адамға да тән болып келеді. Сыртқы әсерлерген, әрине, ең алдымен қоғамдық материалдық өмірдің жағдайлары – баланы қоршаған табиғи және әлеуметтік орта бейімделуі мен оның қоғам өміріне қатынасуы.

Осы үш фактор адамның дамуына қалай әсер ететіндігі, бұлар өзара қандай қарым-қатынастарда болатындығы, бұлардың қайсысы және қашан жетекші болып шығатындығы туралы мәселенің өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Сондықтан осы үш факторлар өзара тығыз әрекеттестікте болып, дамуға бірігіп ықпал еткенмен әрбір фактордың жеке адамға тигізетін әсеорі әр түрлі. Енді әр қайсысын жеке қарастырайық.

1.Тұқым қуалаушылық немесе биолгиялық фактор – ата-анасының балаға белгілі бір сапалық қасиеттермен ерекшеліктерінің берілуі. Тұқым қуалаушылықты таситын "Ген" – грек тілінен аударғанда туа біту деп аталады.

Қазіргі ғылым организімінің қасиеттері гендік кодпен шифрленетінін, олар организмнің қасиеттері туралы информацияны сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратындығын дәлелдейді. Тұқым қуалаушылық арқылы әртүрлі нышандар, ойлау, сөйлеу, аурулар берілуі мүмкін. Ата-аналарынан балаға сыртқы бейнелер: дене бітім ерекшеліктері көздің, шаштың, терінің түрі беріледі. Қан ауруларының (гемофиля), қант диабетінің, алкоголизм мен наркоманияның тұқым қуалаушылық сипаты бар.

Адамның орталық нерв жүйесіндегі туа біткен ерекшеліктері.

Адамда, туа біткен қасиеттер (шартсыз рефлекстердің фондысы - денені тік ұстап жүру, тілдің дамуы, ойлануы, еңбек етуге қабілеттілігі, музыкаға бейімділігі тағы толып жатқан нышан түрінде болады. Нышан өздігінен дамымайды, оны қозғаушы күші және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайға байланысты. Осыдан адамды адам еткен тұқым қуалау емес, әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қатынастар.

Адам бүкіл өмір бойында оның дамуы жүріп жатады. Ол сан алуан дене күші мен психикасы, жағынан, сандық және сапалық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Дене күштері өзгерістеріне – сүйек және бұлшық ет системасының ішкі органдарының, нерв системасының өсуі мен дамуы жатады.

Психикалық өзгерістер, ең алдымен, ақыл-ой жағынан дамуына, жеке басының барлық психикалық сипаттарының қалыптасуы мен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік салдарды алуына қатысты болып келеді.

Адам басқа адамдармен қарым-қатынассыз рухани, әлеуметтік, психикалық дамулардың болуы мүмкін емес.

2.Сыртқы орта әсері: Адамның дамуына сыртқы орта стихиялы комплексті түрде әсер етеді. Ол географиялық, әлеуметтік, жанұядағы жағдайлар, мектеп, достары, микроаудандар атауға болады.

Балакезде адамға үй ішіндегі жағдайлар көп әсерін тигізеді. Жанұяда адамның даму негіздері қалыптасып, бағыт-бағдар алады. Жанұяда болатын ұрыс-керіс қиындықтардың барлығы өсіп келе жатқан бала психикасына әсерін тигізеді. Адамға географиялық, климаттық жағдайлар әсер етеді. Тірі организм үздіксіз өзгеріп отырды. Ол қоршаған ортаға бейімделіп отырады. Климат ауыстырған кезде, басқа климатқа кейбір адамдар тез бейімделіп, ал кейбіреулер өте қиындықпен бейімделуі мүмкін. Табиғаттың өзі де адамның түсінігіне ішкі дүниесіне әсер етеді, нәр береді.

Климат пен барлық сан алуан табиғат жағдайлары мен ресурстары географиялық орта адамның тіршілік ету салты мен оның еңбек қызметінің сипатына ық пал ететіндігі даусыз.

Мысалы: ауылшаруашылығы дамыған ауданда тұратын, әрі ыстық тропикалық климат жағдайлары ауыл шаруашылық өндірісіне қатынасуға джайындалған тропикалық аймақта туған адам тіршілігі өмір – салты айырмашылығы бәрі солтүстіктің тұрғыны еңбек қызметі бұғы мен балық шаруашылығы мен шұғылданады.

Қазіргі кезде биологиялық және әлеуметтік факторлар қатынасы антропология ілімінде ең күрделі проблемалардың бірі болып отыр.

Биологиялық және әлеуметтік бұл бір-біріне паралель емес және бір-бірімен байланыссыз екі фактор. Олар тұлғаға комплексті түрде бюірдей әсер етеді. Әсер ете отырып, олардың қарқындылығы, сапасы әр түрлі және де түрлі байланысты. Осы орайда белгілі ғалым И.Шванцор адам дамуындағыүш фактордың қарым-қатынасын суреттейді.

· Биологиялық:

Адам – табиғи тіршілік иесі. Тұлғаның рухани қасиеті биологиялық негіздері болады: іс-әрекерт пен даму туа біткен қабілеттіліктерімен инстинктері және адам бейімделетін сырт қы талаптары сай анық талады. Тәрбие–табиғи дамуды тегжейтін процесс.

· Әлеуметтік:

Адам биологиялық тірі жан болып туғанымен де, өмір барысында ортаға бейімделіп кетеді. (өзіне жақын әлеуметтік топ ықпалына). Тәрбие – сыртқы орта әсерін реттеуші.

· Биоәлеуметтік:

Адам биологиялықта әлеуметтік те жан. Биологиялық табиғатына психикалық процесі тән. Ал бағытталуы ол әлеуметтік орта әсері.

Қоғамдағы адамның дамуы табиғи әлеуметтік орта мен іс-әрекеттері арқылы тұрмыс-жағдайын, өзінің психикасы белсенділігін өзгертеді.

Данышпан Абай айтпақшы: “адамдар жесем, кисем десе, екіншісі, көрсем, білсем” – дейді.

Адам көп жағдайда өзін-өзі тәрбиелей білім өзінің деңгейін көтеруі тиіс. Адамның әрқашанда алдына қойған мақсатты, ерік-жігері оны жетістіктерге жетелейді сол арқылы дамиды.

 








Дата добавления: 2016-01-30; просмотров: 8345;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.047 сек.