Педагогиканың әдіснамалық теориялық негіздері

Қазіргі кезде қазақ қоғамы қоғамдық экономикалық жүйеден екінші бір жүйеге өтудің қиын кезеңінде тұр. Мемлекет тарапынан адамдардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасалу, олардың әділеттілік, еріктілік, қайрымдылық құндылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үрдістің өзіндік қиыншылығы, қарама-қайшылығы, көп жақтылығы бақалады. Бұл негізінен белгілі курстар арқылы немесе ”жоғарыдағы” адамдардың ниеттенуіне байланысты. Жалпы әрбір адамның мақсатын өзінің қатысуынсыз іске асыруға болмайды. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматты жоғарыдағы мақсатты іске асыруға үлес қосуы тиіс. Егер де, халық білімді, ақылды, мәдениетті, гуманды, демократиялы, әділетті, кәсіби бағдарлы болса, соғұрлы қоғам өркениет деңгейіне көтеріледі. Сол себептен, Қазақстанның болашақ иелерін сол тұрғыда тәрбиелеу қажет.

Осыған орай, еліміздегі жоғары білім концепциясында адамның дамуындағы өмірмен, адамдармен қарым-қатынасына зор назар аударылып отыр. Әр адам күшті, құрметті, іскер, сыйлы өмірде өз дегініне жетуге тырысады. Сол себептен, әр кім өзін-өзі құрметтеп, бағалай білуі қажет.

Әрбір адамның психология және педагогика аймағында ғылыми білімі болмайынша бұл дәрежеге жету мүмкін емес. Педагогика ғылымы - өмір туралы ғылым.

Педагогика – адамзат қоғамының даму тарихымен бірге өмір сүріп, дамып келе жатқан, адамдардың тәрбие, оқыту, білім беру деп аталатын саналы әрекетін зерттейтін ғылым. Тәрбие, оқыту мен білім беру ісінде қоғам мен оның мүшесі болып табылатын жеке адам өзара мүдделес, мұраттас. Әрбір ата-ана дүние есігін енді ғана ашқан нәрестесін өзінің үлкен саналы ғұмырының жалғасы, бүгінгіні ертеңге жалғастырушы деп біледі, ал қоғам, дәлірек айтқанда, оның саяси реттеушісі саналатын мемлекет, сол жас адамның тәрбиелі тағылымды, білімдар және парасатты азамат болып өсуін өзінің қуаттылығының, мызғымас беріктігінің, өркениеттілігінің кепілі деп санайды. Осы ортақ мүдде мақсат бірлігі, сан ғасырлық тәжірибе, бұл саладағы алғашқы зерттеулер, тұжырымдар, қоғамдық құрылыстардың өзгеруі кезінде болмай қоймайтын сан қырлы, алуан саналы жүйелілік өзгерістер педагогиканың биік мәртебелі, іргелі ғылым ретінде қалыптасуына негіз қалады.

Педагогика атауының түп-төркіні гректің “пайдос” – бала және “аго” – деген сөзінен шыққан. “Пайдагогос” тура маынасында аударсақ “бала жетектеуші”деген ұғымды білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан. Тәрбиелеу мен білім беру тұтастай алғанда баланы сан-саналы мазмұнда, кемел өмірге баулитын, яғни оған тәрбие, білім беретін, рухани жағынан байып, жан-жақты, тоғысып жетілуіне бағыт-бағдар жасайтын, жол көрсететін ерекше сала, осы бірегей өнердің мән-мазмұнын ашу үшін“педагогика”сөзі бірте-бірте кең ұғымда қолданыла бастады. Білім беру мен тәрбие өнеріндегі басты тұлға-ұстаз. Ұстаз балабақшада- тәрбиеші, мектепте-мұғалім, жоғары оқу орнында-оқытушы деп аталып, әрбір шәкірт үшін өзіндік ерекшелігі жермен көктей.

Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.

Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Грек тілінен тікелей аударғанда "бала жетектеуші" ал, өнер сөзінің мағынасы "баланы өмірде жетектеу", т.б. оқыту, оны тәрбиелеу, жан және тәннің дамуына бағыттау.

Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығын көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім – жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.

Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды.

Берілген курста педагогика ғылымы мен тәжірибесінің әр түрлі бағыттары, әлеуметтік-педагогикалық мәселелер әсерінен балалар да ересектер қатарына теңеседі. Дәстүрлі оқыту мәселелері мен қатар тәрбие мен білім беруде, қазіргі кезеңдегі адамның педагогикалық бағдарын анықтауда өзіндік тәсілін таңдауда адамадар мен немесе олардың талабымен – отбасында, өндірісте, мектепте немесе жоғары оқу орынында, көшеде не топтарында теңдеседі.

Осылайша, аталмыш курс педагог боламын деп шешім қабылдаған адамдар өшін тағайындалған, тыңдаушылардың мамандығынан және әрекет тегінен тәуелді емес. Ол осы қиын үрдісте басқа адамдарға көмек беру тілегі және тәрбиелі, білімді адам болуға ұмтылу үшін тиімді.

Білімнің негізі, педагогиканың негізі аталған курста тыңдаушылардың қарым-қатынастағы қиындықты жеңу, өмірлік жағдайлардағы тәрбиелеуші мақсаттың саналы түрде таңдай білуі, өз балаларыңды білімді етіп тәрбиелеуге дайын болу және педагогикалық іс-әрекет берілген.

Тәрбие мен білім беру аймағы қоғам мен мемлекеттің, тұлғаның өкілетті дамуы, әрқашан әрбір адамның кең көзқарасын тудырды және жалпы кез-келген адамның біліміне тәуелсіз, бәрімізге белгілі, бәрібір педагогикада өзін маманмын деп есептейді. Жоғары білім берудің басты міндеті – студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, социологтар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сонымен бірге, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптылары бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Әлем қаншалықты көпқырлы, соншалықты әртүрлі және педагогикалық дәстүрлі. Бірақ осы үрдіс ішінде рухани интеграциялар әртүрлі адамзаттық қауымдастықтағы әлемдік білім беру кеңістігі мен жалпы білім беру-тәрбиелеу стратегиялардың және идеяларың мақсатты бағытталған ізденісі болып табылады. Ал бұл педагогикалық методтар мен технологиялар, тәрбиелеу мен оқытудағы заңдылықтар мен принциптер, негізгі категориялар мазмұны мен мағынасына тояттап және тұрақтап, педагогикалық ғылым дамуының әсер етуіне сәйкес.

Педагогиканың әдіснамасы бұл педагогикалық теориялардың негіздері мен құрылымы, білімдердің жүйесі, педагогикалық құбылыстармен үрдістерді зерттеу амалдары және білім алу амалдарының түрлері туралы білімдер жи жиынтығы.

Педагогика әдіснамасының деңгейлері:

1. Логикалық гносеологиялық;

2. Ғылыми мазмұндық;

3. Дүниетанымдық;

4. Гносеологиялық.

 

Әдіснама үшке бөлінеді:

Жалпы әдіснама; арнайы әдіснама; жеке әдіснама

Жалпы әдіснама қоршаған әлем құбылыстары мен соның жағдайында адамдарды оқыту мен тәрбиелеуүрдісіне диалектикалық амал тұрғысынан келу. Жалпы әдіснама әлем дамуының жалпы заңдары туралы сол ғылым зерттейтін феноменнің алатын орнымен ролі туралы неғұрлым дұрыс және нақты көзқарасты қамтамасыз етеді.

Арнайы әдіснама адам психикасы мен санасының, оған педагогикалық және тәрбиелік ықпалдың мүмкіндіктері туралы көзқарасты қарастырады. Арнайы әдіснама немесе нақты ғылымдардың әдіснамасы ғылымға зерттеуші феноменінің қызмет етуіне, дамуына, қалыптасуына қатысты өзінің заңдылықтарын нақтылауға мүмкіндік береді.

Жеке әдіснамаға мінезқұлықтық құбылыстармен үрдістерді зерттеудің әдістері мен ұстанымдары және т.б. кіреді. Жеке әдіснама түрлі құбылыстарды нақты ғылымда зерттеу әдістемесін, оны талдау нысанын, пәнін, амал тәсілдерін және әдістерінің жиынтығын білдіреді.

Э.Г.Юдин пікірінше, әдіснамалық білімнің төрт деңгейі белгілі:

Философиялық деңгейге ғылымның категориялдық тізбегі мен танымның жалпы ұстанымдары кіреді.

Жалпы ғылыми деңгейге ғылымның көбінде қолданылатын теориялық тұжырымдамалар жатады.

Нақты ғылыми деңгей нақты пәнде қолданылатын процедура, ұстаным, әдістердің жиынтығы.

Технологиялық деңгей зерттеу әдістемесі мен техникасы жатады.

Педагогикадағы әдіснамалық амалдар:

1. Тұлғаға бағдарланған амал

2. Құзырлылық амал

3. Жүйелілік амал

4. Тұтастық амал және т.б.

 

 

Қазіргі педагогика ғылымының құрылымы

 

Іргелі: Арнайы: Практикаға

бағдарланған:

 

мектепке дейінгі сурдопедагогика әлеуметтік

(құлағы естімейтін)

салыстырмалы

мектеп тифлопедагогика

(көз жанары кемсін)

өндірістік


СУЗ (кәсіптік олигофренопедагогика

техникалық (ақыл есі кем) отбасы

білім педагогикасы) педагогикасы

пенитенциарлық

педагогика

(қылмыстық істері үшін

айыпталғандарға

жүргізілетін тәрбие

мәселелері)

ВУЗ педагогикасы

 

 








Дата добавления: 2016-01-30; просмотров: 23463;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.017 сек.