Азақстан Республикасындағы ветеринариялық істің негіздері

 

Қазан төңкерісіне дейін, әсіресе одан ертерек кезеңдерде Қазақстан ветеринариясы мал шаруашылығымен айналысатын, осы салаға қатысы бар халықтық ветеринария практикасы түрінде бой алған. Табиғи экономикалық жағдайларға қатысты халық шаруашылығының негізгі саласы – малшаруашылығы болғаны баршаға мәлім. Ол кездері жануарлардың жұқпалы ауруларымен тиімді, ғылыми негізделген түрде жұмыс жүргізу ешкімнің ойына кірмегені де түсінікті. Ең қырғындысы «Ақмола обасы» деген атпен халық арасында белгілі болып қалған 1907 – 1909 жж эпизоотия.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазқстанда жануар емінің негізін халықтық балгер-емшілер құраған. Қазақ халық ветеринариясы ауруларды ұзақ уақыт бойы клиникалық, эпизоотиялық, пеаталогоялы-анатомиялық бақылау деректері, атадан келе жатқан дәстүрлер негізінде құрылған, айта кетері аурулар ағымына, оларды диагностикалауға, емдеуге қатысты біршама дұрыс ұғымдар, тәжірибелер қалыптасқан. Жануар ауруларын емдеу мен профилактикалаудың көптеген әдістері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ (жылқылардың сақау ауруын емдеу, «бәрі толы – бәрі бос» жүйесі, төлдерді өсіру, азықтандыру, ұстау гигиенасына қатысты мәселелер т.с.с.).

Бірқатар ережелер мен сол кезден жалғасын тауып келе жатқан білім қазіргі кездері халал-өнімдерді өндіру барысында табысты түрде қолданыс табуда.

Мәліметтер бойынша, 1731 жылдан бастап 1806 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда білікті ветеринар мамандары болмаған, деген ресми мәлімдемелер болуына қарамастан халықтық ветеринарияның болғаны, оның бірқатар сұрақтарда озық болғанын мойындауымыз керек. Ал, 1810-1868 жылдары Қазақстанда 23 арнайы жолдама алып келген ветеринар мамандары жұмыс жасаған, олардың ішінде есімі мәлімдері Н. П. Кретлов (1810-1814), Д. Ф. Эггерт (1855-1877), А. И. Колиберцев (1856-1866), Д. Я. Яковлев (1860-1864), ерекше аталуы қажет мәлімет қазақтан ресми түрде шыққан алғашқы ветеринар дәрігері Мұхаммед Ақтанов (1866-1875), ол Торгай облысында жұмыс атқарған.

Қазақстанда өзіндік ветеринарлық мамандар мен оларды дайындау мекемелерін құру қажеттігі туралы мәселе Нарынқұмдағы Ішкі Орданы уақытша басқару кеңесінде 1854 жылы көтерілген. Тек 1891 жылдың 25 наурызында қазақ жерінде мемлекеттік ветеринаиялық қызмет құру туралы «Ереже» қабылданады. Осы кезеңде Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептеріне алғашқы қазақтарды қабылдау басталады. Айта кетері 40 жыл ішінде бұл мектептер Қазақстан үшін қазақтар қатарынан 60 фельдшер дайындап шығарған. Мұнымен қатар, 30 қазақ Қазан, Юрьев және Варшава ветеринариялық институттарын бітіргенін атау керек. Ал, 1893 жылдан бастап облыстық ветеринариялық қоғамдар құрыла бастайды, 1897 жылы Орал қаласында Қазақстандағы алғаш ветеринариялық-бактериологиялық зертхана ашылған.

Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда ветеринариялық қызмет құру бойынша айтарлықтай орасан да маңызды жұмыс атқарған ветеринар дәрігерлерінің ішінде есімдері ерекше аталуы тиістілері А.П. Петровский, У.Б.Базанова, А.И.Квятковский, Т.Есенғұлов, Ш.Кусябгалиев т.б. А.П.Петровский (1859-1928) Орал облысында ветеринар инспекторы болып жұмыс атқарған, ол алғашқы ветеринариялық-бактериологиялық зертхана ашылуына мұрындық болған.

У.Б.Базанов (1859-1935) (академик Н.У.Базанованың әкесі), ол 1899 жылы Қазан ветеринарлық институтын бітірген, Фрунзе (Бішкек), Алматы және Талдықорғанда практикалық ветеринар дәрігері болып жұмыс жасаған, өмірінің соңғы жылдарында Қазақ КРО ХалықЖерКомитетіндегі ветеринариялық мекемеде жұмыс жасаған.

А.И.Квятковский (1866-1935) 1894 жылы Дерпт ветеринарлық институтын бітірген соң Семиреченск (Жетісу) облысында ветеринар дәрігері болып түрлі лауазымдарда жер басқармаларында жұмыс істеген.

Т.И.Исангулов (1877-1930), 1902 жылы Қазан ветеринарлық институтын бітірген, Жаркентте, Алматыда Түрксіб жүйелерінде 1930 жылға дейін ветеринар дәрігері болып жұмыс істеген.

Ш.Кусябгалиев (1881-1936) 1908 жылы Қазан ветинститутын бітірген соң Орал облысында ветеринар дәрігері борлып жұмыс істеген, соңғы жылдары Коммунистік ЖОО оқытушы болып жұмыс жасаған. Қазақстанның ветеринариялық ғылымы тарихында Шымкент, сосын Әулиеата қалаларына жолдамамен келген ветеринар дәрігері К.И.Скрябин үлкен рөл атқарған (1905-1911). Практикалық дәрігерлік қызметпен қоса ол гельминтология саласындағы ғылыми ізденістермен айналысқан. Ол алғаш болып Қазақстанның үй және жабайы жануарларының гельминтофаунасын зерттеген. Осы ұлы ғалым К.И. Скрябиннің еңбектерінің арқасында Қазақстанда отандық гельминтология бастау алып, әлемдік деңгейде танылды. 1962 жылы Тараз қ. К.И.Скрябин атындағы гельминтологиялық зертхана мен мұражай ашылды.

Ал, қазан төңкерісінің бастапқы жылдарында ауылшаруашылығын қайта құру бойынша қабылдаған шаралардың арқасында еліміздің малшаруашылығы біршама өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда ветеринариялық ұйымдар КырОАК пен Қырғыз Республикасы Кеңестік Ұлттық Комитеті ұйымдастырылғаннан бері заңды бірлік ретінде қалыптаса бастады. 1920 жылдың сәуір айында Қырғыз автономды КСР Халық комиссариаты құрамында ветеринария және малшаруашылығы Бас басқармасы құрылды. Қырғыз Халық Комиссариаты Орталық ветеринариялық бөлімнің ұйымдастырушысы мен бірінші басшысы 1920 жылдың қыркүйегінен 1922 жылдың тамызына дейін А.П.Сейдалин болды, ол Қостанай қаласының тумасы, 1904 ж. Қазан ветеринарлық институтын бітірген әскери ветеринар дәрігер.

Жалпы алғанда 1924 жылдан бастап 1992 жылға дейінгі аралықта нақты белгіленген функциялары мен құқықтары бар, алдына қойылған нақты міндеттері бар Ветеринария басқармасының мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. Осы кезеңде Қазақстанның ветеринариялық қызметіне орасан зор үлесін қосқан басшылары – М.В.Назаров, М.Г, Едомский С. О, Омаров, Б. Н. Богданов, Н. Ф. Ярош, П. А, Руденко, Б. И, Софиев, А. Р. Абишев т.б.

Ветеринариялық істі құрудың ұйымдастыру формалары, ветеринариялық қызмет көрсету принциптері, ветеринариялық шаралардың бағыты мен сипаты қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар негізінде қалыптасады. Қазақстан Республикасында ветеринариялық істі ұйымдастырудың ерекшеліктері:

1 Ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың Мемлекеттік формасы. Біздің республикамызда ветеринариялық іс мемлекет қол астында шоғырланған, мемлекеттік ветеринариялық мекемелер жүйелері құрылып, барлық санаттағы шаруашылықтарға ветеринариялық қызмет түрлері көрсетіледі. Мемлекеттік ветеринария басты ветеринариялық шаралар өткізілуін ұйымдастырып, ветеринариялық бақылауды жүзеге асырады. Мемлекет ветеринар мамандарын дайындау ісін, ветеринария мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып, қаржыландырады. Мемлекеттік бюджетте жыл сайынғы ветеринариялық қызметтің қажеттіліктеріне жұмсалатын және індетке қарсы шаралар өткізілуіне көзделген ассигнациялар қарастырылады.

2 Ветеринариялық қызметтің профилактикалық бағыттылығы. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ветеринариялық қызметтің басты бағыты жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын профилактикалау болып табылады. Ветеринариялық шаралардың жалпы көлеміне шаққандағы профилактикалық шаралардың үлестік салмағы 90% асады. Ветеринариялық қызметтің профилактикалық бағыттылығы жануарлардың ауруға шалдығу оқиғаларын азайту, малдар мен құстардың жекелеген аса қауіпті ауруларын жою мүмкіндігін береді.

3 Ветеринариялық шаралардың жоспарлылығы. Ветеринарияық шаралар фермерлік (шаруа қожалығын) шаруашылықты, елді мекендерге ветеринариялық қызмет көрсететін мамандардан бастап Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық Министрлігі ветеринария Департаментіндегі елдің ветеринариялық қызметінің басшылығымен аяқтағандағы (ветеринариялық шараларды жоспарлау принципіне сәйкес) ветеринариялық қызметтің барлық тізбектерінде құрылады.

4 Ветеринариялық ғылым мен практиканың бірегейлігі. Ғылыми мекемелер практикалық ветеринариялық қызметтен ветеринарияның өзекті мәселелеріне қатысты зерттмелік тапсырыстар алады (жаң, тиімділігі жоғары вакциналар, диагностикалау, дезинфекциялау заттарын құрастыру т.с.с.). Практикалық ветеринариялық мекемелер ветеринариялық шараларды өткізу үшін жаңа әдістер мен құралдардың өндірістік сынақтан өткізілу ісіне қатысады да оң нәтиже беруі кезінде практикаға жаңа әдістерді, тиімді құралдарды ендіреді.

5 Ветеринариялық іске жануар иелері мен атқарушы билік органдарының қатысуы. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында жануарлардың жұқпалы ауру ошақтары пайда болған жағдайлардағы атқарушы билік органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, жануар иелері болып табылатын азаматтардың және малшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің малшаруашылығының ветеринариялық саулығын қамтамасыз ету бойынша міндеттері (жануар ауруларын профилактикалау және жою бойынша шаруашылық және арнайы ветеринариялық шаралар өткізуге қатысты), сонымен қатар жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болуына орай өндірістің ерекше режіиміне көшу шараларын сақтау бойынша атқарушы билік органдарының функциялары т.б. көрсетілген.

6 Ветеринариялық қызметтің адамдар мен жануарларға ортақ аурулармен күресу мақсатында денсаулық сақтау органдарымен бірлдесе жұмыс жасауы.

7 Ветеринария саласында халықаралық ынтамақтастықты тереңдете түсу. Қазақстан Республикасының шет елдермен сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуына, шет елдерден жануарлардың, өнімдердің, жануар текті шикізаттардың әкелінуінің артуына орай республиканың ветеринариялық қызметі халықаралық ветеринариялық ұйымдармен өзара байланыстарды үнемі ұстанып отырады.

Малшаруашылығы фермаларында, кешендерінде, құсфабрикаларындағы ветеринар дәрігері жұмысының негізгін жануарлар ауруларын, өлім-жітімін профилактикалау, өндірістің жоғарғы санитарлық мәдениетін ендіру істері құрайды. Осы арқылы ол малшаруашылығының, шаруашылықтардың экономикасының дамуына, малшаруашылығы өнімдерінің артуына, тиісінше тұрғындардың материалдық жағдайының өсуіне септігін тигізеді.

Республика малшаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы аграрлық сектордағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен белгіленген. Бұл салада көпсалалы экономика негіздері қаланып, заң түрінде шаруашылық жүргізу түрі, өнідірілген өнімді өздігінен жүзеге асыру бекітілінген.

Аграрлық секторды дамыту міндеттеріне сәйкес 2004-2010 жж арналған Мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын. Қазіргі уақытта ауылшаруашылық жануарларының әр түрлерінің саны тұрақты түрде өсу үстінде, осы кезде өнідіріспен айналысатын шаруашылық субьектілері арасында ірі малшаруашылық кәсіпорындары дамып келетінін атаған жөн. Шаруа қожалықтарында (фермерлік шаруашылықтарда) мал мен құс бастарының өсу заңдылығы байқалады.

Ауылшаруашылығы малдары мен құстарының санына қатысты мәліметтерді талдай келе 1997 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта олардың санының төмендеуін елде бой алған нарықтық өзгерістермен байланыстыруға болады, ал 1999 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін керісінше жануарлар мен құс санының жыл санап өсіп келе жатқандығы байқалуда.

Шаруа қожалықтарындағы өсім 21 ден 61% құрайды, оның ішінде шошқа бастары – 61%, қой – 41%, ірі қара мал – 29%, жылқылар – 28% артқан. Ауылшаруашылық мекемелерінде шошқа бастарының 41,1%, өсуі орын алған, ірі қара мал мен құс бастары жеке қожалықтарда 2,8 ден 6,2% дейін тұрақталды.

Келтірілген 1 кестеде әр түрлі жануарлардың соңғы жылдардағы санына қатысты мәліметтер орын алған. Орташа есеппен алғанда жыл сайынғы жануар өсімі 6,0-18,0% құрайды.

 

кесте 1 – 2000 - 2012 жылдар аралығында жануарлар мен құс бастарының санына жасалған талдау, мың бас

 

Жануар түрі жылдар
ІҚМ 3998,2 4106,6 4293,5 4559,5 4854,6 5814,9 6114,9 6694,4 6 889,9 5 319,3
Қой мен ешкі 9654,0 9977,2 10478,6 11273,0 12143,6 15609,5 16711,7 19 038,1 20 032,2 20 694,4
Шошқа 984,2 1076,0 1123,7 1229,8 1354,1 1517,5 1538,7 1 864,0 1 927,0 1 378,1
Жылқы 969,6 976,0 989,5 1019,3 1061,8 1132,2 1186,5 1 864,0 1 927,0 1 790,4
Түйе 96,1 98,2 103,8 107,5 113,8 127,0 132,8 150,7 156,9 185,1
Құстар 9171,6 9933,2 10818,8 11690,3 25049,3 25491,8 25925,3 31 582,7 33 155,7 36 663,7

 

Республикада 2008 жылдың 1 қыркүйегіне қатысты өткен жылғы жағдаймен салыстырғанда ірі қара мал басы 2,9%, қой мен ешкі саны 5,2%, шошқа саны 3,4%, жылқы саны 5,5%, түйелер 4,1% және құс бастары 5,0% жоғарылаған.

Десе де осы талданып отырған жылдары шошқа бастары Шығыс Қазақстан облысында (9,0%), Жамбыл облысында (4,1%), Павлодар облысында (1,0%) және Батыс Қазақстан облысында (0,3%) төмендеген.

Ветеринарияның шын мәніндегі бірлігі үшін белгіленген тәртіптің алатынын атау керек, олай болған жағдайда төменгі санаттағы ветеринариялық органдар жоғары тұрған органдарға есеп беріп отыратын болады, ал шаруашылық субьектілерінің барлық төменнен жоғарыға дейінгі ветеринариялық қызметтері мемлекеттік ветеринарияның тиісті органдарына бағынышты болады. Ветдомстволардың ветеринариялық қызметтері ұйымдастырымдық дербестікті сақтап қалған, дегенмен өз қызметтерін ветеринариялық заңнамаларда көрсетілген тәртіпте мемлекеттік ветеринария органдарымен координациялап, ветеринариялық заңның негізгі принциптерін, әдіс-тәсілдерін басшылыққа алады.

Ветеринария қызметінің негізгі және жетекші бағыты - профилактика. Ветеринариялық қызметтің әрекеті ауырған жануарларды емдеу ісімен шектелмейді. Жануарларды өсіру, көбейту және өндірістік пайдаланудың барлық кезеңдерінде ветеринар дәрігері белсенді түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады, ол дегеніміз жануарларды ұстау, азықтандыру бағып-күту жағдайларын үнемі жақсартып отыру, кешенді түрде арнайы профилактикалық және ветеринариялық-санитарлық шаралардың орындалып отыруын бақылауға алу. Ветеринарияның профилактикалық бағытының сенімді негізі өндіріске зоогигиеналық нормалар мен ветеринариялық-санитарлық ережелерді өзіндік профилактика әдістерімен қиылыстыра отыра ендіру болып табылады. Зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық сипаттағы профилактикалық шаралар аса маңызды. Ветеринариялық қызметтің малшаруашылық мекемелерінде, көліктерде, ет-, сүтөңдеу орындарында және басқа нысандарда ұйымдастырып, өткізетін дезинфекциялық жұмыстардың профилактикалық маңызы зор.

Ветеринариядағы профилактикалық бағыт -ауруларды жоспарлы түрде азайтып отыру, жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларын жою. Ол жануарлардың сау табындарын құру мүмкіндігін береді.

Профилактикалық және індетке қарсы шаралардың жоспарлану жүйесі ветеринариялық қызметтің шаруашылықтан, ауданнан бастап ел аумағындағы ветеринариялық іспен аяқтағандағы барлық тізбектеріне ендірілген. Осы тізбектердің әрқайсысында ветеринариялық шаралардың жоспарлары толтырылады. Мұның негізінде ғылым мен практика жетістіерін ескере отыра құрастырылған аурулармен күресудің жалпы принциптері мен біркелікі әдіс-тәсілдері жатады.

Малшаруашылығын қарқынды дамыту жағдайында ветеринарияның түрлі мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жан-жақты кеңейту, диагностикалау, профилактика және терапия әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, ветеринариялық-санитарлық шаралардың тиімділігін арттыру керек. Сонымен қатар, практикаға неғұрлым жылдамырақ биологиялық, ветеринариялық, медициналық, зоотехникалық және басқа ғылымдардың жетістіктерін ендіру керек.

Ветеринарияның ағымды және болашақтық жоспар-міндеттерін ескере отырып ветеринариялық органдар ғңылыми қызметкерлерге теориялық пайымдаулар мен эксперименталдық ізденіс, тәжірибелерді талап ететін мәселелерді талап етумен қатар, ғылыми мекемелердің жүйелерінің өзіне әсер етіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарларының құрастырылуына және координациялануына ат салысады. Ветеринариялық жүйенің практикалық мекемелері, ҒЗИ мен ЖОО мамандары профилактикалаудың жаңа әдіс-тәсілдерінің, диагностикалау мен емдеу әдістерінің өндірістік сынақтан өткізілу ісіне тартылады. Практикада аяқталынған, өндірісте тексерістен өткен ғылыми ұсыныстарды, зерттемелерді қолдану жайындағы шешімді еліміздің өкілетті ветеринариялық органдары қабылдап, бекітеді.

Ветеринариялық қызметтің міндеттері. Ветеринариялық қызмет дегеніміз мемлекеттік ветеринариялық қызметтің, шаруашылық пен өзге мемлекеттік, кооперативтік және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің қызметі (жұмысы), алдарына қойған міндеттерін атқаруы.

Ветеринариялық қызметтің және жалпы ветеринарияның міндеттерін ҚР Үкіметі ел алдына өзінің даму сатысында қойылған жалпы экономикалық және әлеуметтік міндеттеріне сәйкес айқындайды.

«Ветеринария туралыә Заңның 3-ші бабында республика ветеринариялық қызметінің міндеттері жазылып көрсетілген: жануарларды аурулардан қорғау және емдеу; тұрғындар денсаулығын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау; мемлекеттік ветеринариялық қадағалау құзырындағы жүктердің ветеринариялық-санитарлық саулығын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы аумағын өзге елдерден кіру және таралу мүмкіндігі бар жұқпалы және экзотикалық аурулардан қорғау; ветеринариялық препараттар сапасын бақылау; жануар ауруларымен күресу әдіс-тәсілдерін, құралдарын құрастыру және пайдалану, сонымен қатар жануар текті өнімдер мен шикізаттар сапасын ветеринариялық-санитарлық бақылауды қамтамасыз ету; заңды және жеке тұлғалардың ветеринария саласына қатысты қарекеттер жасауы барысында қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және оның алдын алу; ветеринариялық ғылымды дамыту, ветеринария мамандарын дайындау және олардың біліктіліктерін арттыру.

 

1.2 Ветеринариялық істі заңнамалық реттеу негіздері

Ветеринариялық заңдылық- өз әрекеті аясында ветеринария мамандары мен малшаруашылығымен, жануар текті өнімдерді, шикізаттарды өңдеу, пайдаға асыру, тасымалдаумен байланысты өзге тұлғалардың кәсіби еңбегін қамтитын заңды нормалар жинағы.

Ветеринариялық заңдылық құрамына ҚР «Ветеринария туралы» заңы, облыстардың құқықтық актілері, сонымен қатар Үкімет актілері мен ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің өкілетті органдары шығаратын Ережелер, нұсқаулықтар, нұсқамалар, нормалар, нормативтер, ұсынымдамалар және басқа ветеринариялық қызмет атқарылуына қатысты құжаттар кіреді.

ҚР Ветеринариялық заңы жануарларды аурулардан қорғау, ветеринариялық тұрғыдан алғанда қауіпсіз малшаруашылығы өнімдерін шығару және тұрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау мәселелерін реттейді.

Ветеринариялық заң реттейтін қағидалар:

- малшаруашылығы кешендерінде, шағын шаруа қожалықтарында, жеке шаруашылықтарда, кооперавтивтерде және өзге де жануарларды көбейту, ұстау істерімен айналысатын нысандарға міндетті ветеринариялық шаралар; міндетті зоогигиеналық және жануарларды ұстау, азықтандыру және өндірістік пайдалануының ветеринариялық-санитарлық жағдайлары;

- жануарларды карантиндеу тәртібі мен жағдайлары, шаруашылықтарды, елді мекендерді, су көздерін жұқпалы ауру қоздырушылары енгізілуінен қорғау;

- жануарларды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды пайдаға асыру кезіндегі ветеринариялық талаптар; ветеринариялық-санитарлық сараптау тәртібі; биологиялық, химиотерапиялық, дезинфицирлеуші препараттарды қолдану әдістері мен шарттарын, олардың мөлшерлемесін; инфекциялық, инвазиялық ауруларды анықтауға бағытталынған диагностикалық зерттеулерді өткізу әдіснамасы және басқа арнайы әдістер;

- диагностикалық зерттеулерді өткізу тәртібі мен нәтижелерін бағалау критерилері;

- ветеринариялық шараларды материалдық қамтамасыз ету нормалары;

- ветеринар мамандарының ветеринариялық жұмыстарды орындауға жұмсайтын еңбек шығындарының нормалары; ветеринариялық істің құқықтық мәселелері;

- мемлекеттік бақылау жүйесі, оны ұйымдастыру тәртібі, ветеринариялық қызметпен айналысатын лауазымдық тұлғалар қызметінің басты кепілдері; жоғары және орта ветеринариялық білімі бар мамандардың ветеринариялық қызметпен айналысу құқығы;

- ветеринариялық қызметтің жүйесі мен қаржыландырылу тәртібін;

- ветеринариялық қызметтің ұйымдастырымдық құрылымын.

Ветеринаринариялық істі реттеудің заңды негізін ветеринария саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері құрайды.

Ветеринариялық заң құрамына енетін құжаттар: ережелер, нұсқаулықтар, тәлімдемелер әдістемелік нұсқамалар, құқықтық ережелер, нормалар, ұсыныстар, нұсқамалар, әдіснамалар мен талаптар.

Ережелер ветеринария саласында қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалардың міндеттерін анықтап көрсететін құжат.

Нұсқаулықтарветеринариядағы міндетті шараларды анықтап көрсететін құжаттар.

Тәлімдемелер ветеринариялық жұмысты орындау техникасы мен әдіснамасын айқындайды.

Әдістемелік нұсқамалар ветеринаринариялық жұмысты орындаудың міндетті әдіснамасы көрсетілген құжат.

Арнайы Ережелер жануарларды мекемелерде ұстау тәртібі мен жағдайын, оларды пайдаға асыру шарттарын, ветеринариялық-санитарлық қадағалау нысандарына қатысты шешімдерді қарастырады.

Лауазымдық ережелер ветеринариялық мекемелердің, ұйымдардың және ветеринариялық қызметің лауазым иелерінің міндеттерін, құқықтары мен заңды статусын анықтайтын құжаттар.

Нормаларветеринариялық қызметтің еңбектік, материалдық қамтамасыз етілуі көлемін айқындайды.

Ұсыныстар ғылыми мекемелер ұсынып нақтылаған және тиісті нұсқаулықтар бекітілгеніне дейінгі кезең аралығында өткізілетін міндетті ветеринариялық шаралар тізімі көрсетіледі.

Нұсқамалар – республика, облыс аумағында бірреттік және кезеңді шаралар өткізуі жайындағы басшы ветеринариялық органның құжаттары.

Әдіснамалар нақтылы ветеринариялық жұмыстардың орындалу техникасын көрсетеді.

Ветеринариялық-санитарлық талаптар жануарларға, жануар текті өнімдер мен шикізаттарға қатысты кәсіпорындарға қойылаптын міндетті ветеринариялық нормалар жайындағы құжаттар.

 








Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 1793;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.035 сек.