Мемлекеттік ветеринария

Біздің елімізде ветеринариялық істі мемлекет ұйымдастырып, құрылымдайды. Мемлекеттік ветеринария дегеніміз мемлекетте ветеринария саласына қатысты ерекше міндеттерді атқаратын және осы үшін Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында және осы заңның дамытылуы мақсатында шығарылған өзге құжаттарда көрсетілген арнайы құқыққа ие ұйымдар мен мекемелердің жүйесі. Мұндай құқықтар Ветеринарияны басқару бойынша мемлекеттік Республикалық орган мен оның жер-жерлердегі органдары ие.

Мемлекеттік ветеринария ветеринариялық шараларды құрастыру, ұйымдастыру және орындау барысында жеткші рөл атқарады. Мемлекеттік ветеринария өз иелігінде малшаруашылық шаруашылықтары мен өзге нысандары, малшаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын өңдеу бойынша мекемелер, ветеринариялық қызметке мұқтаж және өзінің ветеринариялық жүйелері бар министрліктер мен ведомстволарға тәуелді емес. Ол мемлекеттік ветеринария бақылауында болады. Бұл мемлекеттік ветеринарияға малшаруашылығында ветеринариялық саулықты қамтамасыз ету және тұрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау бойынша шыншыл (обьективті) болуға және дұрыс шешімдер қабылдау мүмкіндігін береді.

Мемлекеттік ветеринария мамандарды, материалды-техникалық, қаржылай қорларды өз өкілеттілігі бойынша пайдаланып, жұмсауға, оларды сау емес мекендерді жылдамырақ сауықтыру мақсатында қажетті мөлшерде жануарлардың қауіпті ауруларымен шешуші жерлерде, орындарда шоғырландыра алуға мүмкіндік беретін болады.

Мемлекеттік ветеринария ветеринариялық профилактикалық және сауықтыру шараларының орындалуы барысын қамтамасыз ету үшін ғылыми потенциалды пайдаланады, өндірісті және биологиялық және басқа ветеринариялық препараттардың өндірілуі мен қолданылуын бақылауында ұстайды.

Мемлекеттік ветеринарияның басты міндеттерінің бірі - Республика аумағын жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының енуінен қорғау және олардың таралуына жол бермеу.

Республикада ветеринариялық қызмет көрсетілуі мен ветеринариялық бақылау аумақтық принципте жүзеге асырылады. Мемлекеттік ветеринарияның ұйымдастырылымдық құрылуы еліміздің әкімшілік бөлінуімен сәйкеседі.

Ведомстволардың ветеринариялық қызметіне акционерлік және холдингтік компаниялардың, корпорациялардың, ассоциациялар мен өзге мемлекеттік ветеринариялық қызмет қатарына кірмейтін құрылымдарды кіреді, олар министрліктердің, ведомстволардың қызметтеріне бағынышты болады. Ведомстволардың ветеринариялық қызқметіне ҚР ҚМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚБ ветқызметтері, сонымен қатар, мемлекеттік ветеринариялық қызмет құрамына енетін қызметтері жатады. Аталған құрылымдардың мемлекеттік органдар болуына орай олардың ветеринариялық қызметтері де мемлекеттік болып саналады, алайда олардың міндеттері мен құқықтары аталған министрліктер мен ведомстволардығ, шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің шеңберінде шектелінетін болады, ал ветеринария бойынша нұсқаулықтар жұмыс орындарында ғана міндетті. Ведомстволардың ветеринариялық қызметі мемлекеттік ветеринария басқаруында және бақылауында жұмыс жасайды. Ведомстволардың ветеринариялық қызметінің басты функциялары жануарлардың аурулары мен өлімге ұшырауының алдын алу, ветеринариялық-санитарлық тұрғыдан алғанда қауіпсіз жануар текті өнімдер мен шикізаттар өндірісін қамтамасыз ету және тұрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау болып табылады.

Ведомстволардың ветеринариялық қызметі кез-келген жағдайда Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын және осы заңның дамуына қатысты шығарылған нормативтік-құқықтық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Мемлекеттік ветеринария мемлекеттік монополияға жатқызылатын функцияларды (ветеринариялық шаралар) орындайды:

1. Республиканың ветеринариялық қызметін басқару, жануарлардың инфекциялық ауруларын диагностикалау, профилактикалау және жою бойынша ветеринариялық шаралардың жоспарларын құру, оларды ұйымдастыру және қадағалау;

2. Республика аумағында экспорттық-импорттық әрекеттер барысында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауындағы жүктердің қозғалысын ветеринариялық-санитарлық бақылауын қамтамасыз ету;

3. Малшаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және пайдаға асыру бойынша кәсіпорындарда ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу;

4. Жануарлар арасында инфекциялық ауру қоздырушыларының айналымда болуын анықтау мақсатында және уақтылы індетке қарсы шаралар жүргізу үшін мониторингтік зерттеулер жүргізу;

5. Ұлттық микроорганизмдер штаммдарының жинағын сақтау және тиісті деңгейде ұстау;

6. Ветеринариялық препараттардың тіркеуге алынуы (қайта тіркеуге алынуы) сынақтарын өткізу, Пролардың айналымға шығуын бақылауға алу және ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімін (реестрін) жүргізу;

7. Жеке кәсіпкерлік ветеринариялық қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін бақылауда ұстау.

 








Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 1134;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.