Ауылшаруашылығы жануарларының аусылы бойынша эпизоотиялық жағдай
Әлемдегі аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай.Қандай да бір географиялық аймақтағы кез-келген инфекциялық аурудың эпизоотиялық жағдайы тұрақты, біркелкі болмайтыны белгілі, себебі эпизоотиялық жағдайға әрдайым оның басты және қосымша қозғаушы күштері әсерін тигізіп отырады.
Әлемдегі аусыл бойынша 2011 жылы эпизоотиялық жағдай күрделі де қауырт болып қала беруін жалғастырған. Аталған аурумен күресу тұрғысындағы қарқынды халықаралық, өңірлік және ұлттық шараларға қарамастан әлемнің 100 астам дамыған елдері аусылдан сау болмай отыр, бұл жануарлар мен жануар текті өнімдерді, шикізаттардың сауда саттығындағы тежеуілдеуші факторды құрайды.
Ал, 2009 жылғы мәліметтер бойынша ХЭБ 174 мүшелері ішінде 64 мемлекет ХЭБ Халықаралық комитеті тарапынан вакцинациясыз аусылдан сау деп танылған. Ал, 1 мемлекет вакцинация жасалуын ескере отырып сау деп танылған, 5 мүше-елдің аумақтарында жекелеген өңірлерге қатысты аусылдан вакцинация қолдану арқылы сау аймақтар бар деп танылған. Вакцинациясыз аусылдан сау аймақтар статусы 10 ел мен олардың аумақтарына берілген. Африка мен Азия континентінің көптеген елдері аусылға қатысты эндемиялы болып қала беруде, ол елдерде жыл сайын инфекцияның жаңа ошақтары бой алып отырады.
Мәселен, жүргізілген талдау барысында 2011 жылы аусылдан жер шарының 4 континентіндегі 19 ел сау емес деп танылған: Еуропа, Азия, Африка және Оңтүстік Америка (5 кесте).
Бұл жерде ең қауырт эпизоотиялық жағдай Азия континентінде сақталып қалғанын атау керек, мәселен 10 сау емес елде 269 инфекция ошақтары тіркелінген, олардың 244 Солтүстік (139) және Оңтүстік Корея (105) үлесіне келеді.
Аусыл ауруы пайда болуының басты себебі – шекаралас сау емес елден енуі, ең алдымен жануарларды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды заңға қайшы жолдармен енгізу, кездейсоқ түрде жануарлардың жайылымдарда, су ішу орындарында байланысқа түсуінен, сонымен қатар туризм, сапар шегу, автотранспорттың, оның ішінде жүк көліктерінің көп мөлшерде енуі, адамдардың жаппай қоныс аударулары, соғыс конфликтері т.б. Аурудың таралуына жеткіліксіз иммундық жағдай немесе оның жануарлар бойында аусылға қарсы профилактикалық вакциналаудың қысқартылуынан (жартылай өткізілуі), я болмаса мүлдем болмауынан иммунитеттің қалыптаспауы ықпал етеді.
Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы жануарларының аусылы эпизоотологтар мен инфекция танушы мамандар үшін басты мәселелердің біріне айналып отыр.
Инфекция таралу ареалы шекараларының кеңейуі негізінен өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыру деңгейінің нашарлауына байланысты. Ұлыбритания, Франция, Нидерланды т.б. сынды әлемнің көптеген өңірлері ондаған жылдар бойы аталған аурудан ада болған, ал бірнеше апта ішінде эпизоотияның ауқымдылығын мойындауға мәжбүр болып, шұғыл эпизоотияға қарсы аусылды жою шараларын өткізе бастаған.
5 – кесте Әлемде 2011 ж аралығында тіркелінген аусыл ауруы.
Ел | Вирус типі | Аурудың байқалған күні | Жануар түрі (ауру ошағының байқалу жылы) | Барлық ошақтар саны | Ауру ошағының жабылу мерзімі |
1. Болгария | О | 04.01.11 | Жабайы жануарлар, ІҚМ, шошқа, ешкі, қой (2011) | 07.06.11 | |
2. Ботсвана | SAT-2 | 04.02.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | |
SAT-2 | 29.04.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | ||
SAT-2 | 27.05.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | ||
н/т | 17.09.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | ||
3. Зимбабве | SAT-2 | 28.05.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | |
4. Израиль | О | 01.03.11 | ІҚМ (2011) | 27.03.11 | |
О | 17.04.11 | ІҚМ (2011) | 01.09.11 | ||
5. Қазақстан | О | 21.05.11 | ІҚМ, қой, ешкі (2011) | 26.07.11 | |
О | 09.06.10 | Финал | 24.07.10 | ||
О | 11.08.11 | ІҚМ, қой (2011) | жалғасуда | ||
О | 10.11 | ІҚМ, қой (2011) | жалғасуда | ||
О | 11.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | ||
О | 12.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | ||
5 кестенің жалғасы | |||||
6. Қытай | О | 22.02.11 | Шошқа(2011) | жалғасуда | |
7. Ливия | О | 27.12.10 | ІҚМ (2010) | жалғасуда | |
8. Мозамбик | SAT-2 | 24.09.10 | ІҚМ (2010) | жалғасуда | |
9. Моңғолия | О | 26.08.10 | Финал | 05.01.11 | |
10. Мьянма | А | 10.09.10 | Финал | 04.02.11 | |
11. Парагвай | О | 17.09.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | |
12. Ресей | О | 13.03.11 | ІҚМ, шошқа, қой (2011) | 23.05.11 | |
13. Солт. Корея | О | 25.12.10 | ІҚМ, шошқа, ешкі (2010) | жалғасуда | |
О | 25.12.10 | ІҚМ, шошқа, ешкі (2011) | жалғасуда | ||
14. Тайвань | О | 22.03.11 | Шошқа (2011) | 12.04.11 | |
О | 21.03.11 | Шошқа (2011) | жалғасуда | ||
О | 06.05.11 | Шошқа (2011) | 16.05.11 | ||
О | 16.05.11 | Шошқа (2011) | 01.06.11 | ||
О | 11.07.11 | Шошқа (2011) | 08.08.11 | ||
15. ОАР | н/т | 06.07.10 | Финал | 10.01.11 | |
SAT-2 | 01.02.11 | ІҚМ (2011) | жалғасуда | ||
16. Оңт. Корея | О | 26.11.10 | ІҚМ, шошқа (2010) | жалғасуда | |
О | 26.11.10 | ІҚМ, шошқа (2011) | жалғасуда | ||
17. Пәкістан | Азия-1 | 12.10-01.11 | ІҚМ (2 ауру ошағы) | ақпарат жоқ | 12.10-01.11 |
18. Иран | Азия-1 | 05.11 | ІҚМ (4 ауру ошағы) | ақпарат жоқ | 05.11 |
19. Бахрейн | Азия-1 | 05.11 | ІҚМ | ақпарат жоқ | 05.11 |
Көптеген елдердің басшылары жыл сайын АҚШ жүздеген миллион долларын инфекцияны жою мен оның одан әрі таралуының алдын алу шараларына жұмсайды. Бүкіл әлемнің эпидемиологтары аса қауіпті аурулар пайда болуына, таралуына жолбермейтін, жоюға бағытталған эпизоотияға қарсы қолданылып келген шаралар жүйесін қайта қарастыру кезеңі жеткенін түсінді. Әлемде өтіп жатқан ішкі саяси, геосаяси және экономикалық өзгерістер қазіргі жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық шараларды өткізу үшін жаңа нормалар мен ережелер қабылдануы керектігі өзекті мәселе екендігін білдіре түсуде. Климаттық және географиялық бөгеттер жануарлар ауруларының таралуы үшін мемлекеттік шекараға қарағанда үлкен кедергі болып табылады, ал тұрғындар шоғырлануы тығыздығы, инфекция қоздырушыларының таралуы, жануарлардың аусып қозғалулары, мал шаруашылығын жүргізу әдістері тәрізді факторлар аурулар пайда болуына қатысты ұлттық, сондай-ақ халықаралық ауқымда да маңызды саналады. Төменде келтірілген 6 кестеде жалпылама алынған түрде 104 елде қолданылатын аусылға қарсы шаралар жайындағы мәліметтер келтірілген. Сою мен жоюдың модифицирленген саясаты инфекция ошақтарында аусылмен ауруларды жоюды және клиникалық сау жануарларды союды білдіреді. Осы 6 кестеде келтірілген мәліметтерден түйеріміз аусылдан сау емес елдерде вакцинация негізгі аусылға қарсы шара болып табылады.
Еуропада аусылға қарсы шектелінген жануар бастарын жүйелі вакцинациялау үш елде өткізіліп келген: Ресей, Албания, Швейцария. Ал, Оңтүстік Америка мен Азияның экономикалық тұрғыдан дамыған елдерінде жануарларды аусыл ауруына қарсы кеңінен вакцинациялау ісі қолданылып келеді. Кейбір аусыл ауруы үнемі тіркелетін, экономикалық тұрғыдан дамыуы кеш қалған елдерде вакцинаны шектелген түрде ғана пайдаланады немесе тек асыл тұқымды жануарларды ғана иммунизациялайды, ауырған жануарларды емдеу ісімен айналысып сауыққандарын табындарда қалдырып отырады. Орын алып отырған жағдайда осылай жасалуы мәжбүрлі болып отырған аталған стратегия, осы елдердің барлық аумақтары бірнеше жылдар бойы аусыл ауруынан стационарлық сау емес деп танылуына әкеліп соқтырады.
Қазіргі уақытта әлемнің әр елдерінде аусылмен күресу және оны профилактикалау бойынша негізгі үш шаралар жүйесі өткізіледі:
- жануарларды вакцинациялау саясатынан бас тарту, ал аусыл орын алған жағдайда – сау емес елді мекендерде және қауіп төнген аймақтарда қатаң карантиндік шараларды ұстана отырып барлық сезімтал жануар бастарын ауру ошақтарында ("стемпинг-аут") сою (жою) шараларын өткізу;
- жануарларды профилактикалық иммунизациялаудан бас тарту, ал аусыл орын алған кездері – ауру байқалу ошағында лажсыз айналдыра вакцинация өткізу арқылы жануарларды сою (жою) шараларын өткізу;
6 - кесте Әлем елдерінде аусылға қарсы күресудің негізгі шаралары мен профилактикалау тәсілдері
Континент | Мәлімет берген елдер саны | Күресу және профилактика шаралары (елдер саны) | ||||
Жою | Сою | Вакци нация | Вакци нацияға тыйым салу | Емдеу | ||
Азия | ||||||
Африка | ||||||
Америка | ||||||
Еуропа | ||||||
Барлығы |
- жалпы ел аумағында немесе белгілі бір аймақтарда жануарларды жүйелі профилактикалық иммунизациялау, ал аусыл орын алған жағдайда – айналдыра вакцинациялау өткізу арқылы ауру жануарларды сою (жою) шараларын өткізу.
Аусылға қарсы өткізілетін қандай да бір шаралар жүйесінің тиімділігіне қатысты ХЭБ ресми материалдарына салыстырмалы талдау жасаған кезде эпизоотологиялық негізделген, рационалды және экономикалық тиімдісі барлық ел аумағында, немесе белгілі бір аймағында жануарларды жүйелі профилактикалық иммунизациялау шарасын өткізу, ал аусыл орын ала қалған жағдайда – айналдыра вакцинациялау өткізу арқылы ауру жануарларды сою (жою) шарасын жүргізу ең тиімді екендігін дәлелдеп берген. Аусылға қарсы жүргізілетін шаралардың тиімді болуы диагноз қою жылдамдығына, яғни диагностикалық зерттеулердің тиімді өткізілуіне байланысты екенін де атап өткен жөн.
Аусылдың таралуы көбіне шаруашылық және экономикалық байланыстарға, мал шаруашылығын жүргізу әдісіне, жануарлар орналасу тығыздығына, тұрғындардың қоныс аудару дәрежесіне, азықтарды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды дайындау, сақтау және өңдеу жағдайларына байланысты өтеді. Жайылымдық мал шаруашылығы жүргізілуі аймақтарында аусыл аууруы байқалулары мерзімдік жайылымдарға айдап жеткізу кезеңдеріне тап келіп жатады. Көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан Республикасымен шекараласатын аусылдан сау емес елдер елімізге аталған аурудың халықаралық байланыстар есебінен, сонымен қатар қоныс аударатын жануарлармен, жыл құстарымен ену қауіпі көздері болып саналады.
Аусылдың байқалып, таралуында маңызды фактор жабайы жануарлар екені де белгілі. Әлемнің көптеген елдерінде аталған аурудың орын алуы жабайы жұптұяқтылармен байланысты. Жабайы тұяқты жануарлар, әсіресе бөкендер көптеп тіркелетін елдер, өңірлер аусыл бойынша инфекция ошақтары болып табылады.
Сондай-ақ, аусыл таралуына әсер ететін тағы бір жайт континт ішіндегі жабайы жануарлардың көптеген елдердің аумақтары арқылы алыс қашықтықтарға қоныс адарып отыруы.
ҚР ауылшаруашылығы жануарларының аусыл ауруы бойынша 1971-2012 жж аралығында сау емес елді мекендер тіркелу динамикасына қарап сау емес мекендер саны 1971-1974 жж кезеңінде максималды болған , осы кезеңде инфекцияның 281 ошағы тіркелінген, сосын 2001 ж дейін осы көрсеткеіштің төқмендеуі орын алады, яғни ауру спорадиялық сипатта өрбиді, ал сосын 2007 ж дейін тыныштық байқалған.
ҚР аумағында аусыл таралу ауқымын анықтау жұмыстары көрсеткеніндей 1971-2012 жж кезеңінде аусыл бойынша ең сау емес Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстары саналады, мұнда сау емес елді мекендер саны тиісінше 104 және 158 болған.
Ал, аусыл бойынша сау емес елді-мекендер санын тіркеу көрсетуінше 2007 ж ауру өршуі бой алған әрі осы көрініс өсетіні байқалған. Өкінішке орай мұнан кейінгі жылдары бұл қауіп расталды да келесі 4 жылда республикада жаңа аусыл ошақтарын тіркелуінің оң динамикасы байқалды, айта кетері ауру байқалулары еліміздің орасан зор қашықтықтарды қамтитын әр өңірлерінде байқалған.
Мысалы, 2007 жылы аусыл байқалуының 1 оқиғасы тіркелінсе (Ақмола облысы), 2011 жылы 6 жаңа ошақ тіркелген (2 – Батыс-Қазақстан және 4 – Шығыс-Қазақстан облыстарында). Ал, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында республика Шығыс-Қазақстан, 4 – Алматы және 3 – Жамбыл облыстарында) (8 сурет).
7 - кесте Аусыл бойынша 1996-2012 жж аралығында сау емес елді мекендер саны.
Кезең | Сау емес елді мекендер саны | Ауырған жануарлар саны | Өлген/жойылған жануарлар саны |
0/50 | |||
- | - | - | |
4/157 | |||
0/265 | |||
14/411 | |||
0/195 | |||
- | - | - | |
- | - | - | |
- | - | - | |
- | - | - | |
- | - | - | |
0/2686 | |||
0/1876 | |||
- | |||
- |
8 - сурет 1971-2012 жж кезеңі аралығындағы Қазақстан аумағындағы ауылшаруашылық жануарларының аусыл ауруы бойынша сау емес елді мекендер.
Отандық және әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, аусыл вирусы сау аймақтарға (елдерге) ет және басқа малшаруашылығы өнімдерімен, азықтармен, автокөліктермен, сондай-ақ жануарлармен қоса енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар, бірқатар елдерден, соның ішінде шекаралас, соның ішінде аусылдан сау емес (Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Оңтүстік Америка т.б.) елдерден соңғы жылдары көп мөлшерде ет пен ет өнімдері тасымалданып енгізіледі, бұл аусылдың оның ішінде экзотикалық типтері мен нұсқаларының ену қауіпін төндіреді. Дегенмен, патологиялық материалдардың зертханалық зерттеулері көрсеткеніндей осы кезең аралығындағы аурудың негізгі қоздырушылары А және О типіндегі вирустар.
9 – сурет 2012 ж аралығындағы Қазақстан Республикасындағы аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай
Қазақстан Республикасы аумағында 2000-2010 жылдар аралығында аусылдан 18 сау емес елді мекен тіркелінген (9 сурет). Негізінен осындай мекендер Қазақстаннның оңтүстік-шығыс өңірлерінде байқалған.
8 – кесте Қазақстан Республикасы облыстарына қатысты 1955 ж бастап 2010 ж дейінгі кезеңде аусыл ауруы байқалу оқиғаларына талдау жүргізілуі
Облыс атаулары | Ауырған жануарлар саны | Сау емес елді мекендер саны | Вирус типтері |
Ақмола | А,О, Азия-1 | ||
Ақтөбе | А,О | ||
Алматы | А,О, Азия-1 | ||
Атырау | А,О | ||
Жамбыл | А,О, Азия-1 | ||
Батыс-Қазақстан | А,О, Азия-1 | ||
8 кестенің жалғасы | |||
Қарағанды | А,О, Азия-1 | ||
Қостанай | А,О, Азия-1 | ||
Қызылорда | А,О, Азия-1 | ||
Маңғыстау | О | ||
Павлодар | А,О, Азия-1 | ||
Солтүстік-Қазақстан | А,О, Азия-1 | ||
Оңтүстік-Қазақстан | А,О, Азия-1 | ||
Шығыс-Қазақстан | А,О, Азия-1 | ||
Барлығы | А,О, Азия-1 |
Қазақстан аумағын аусыл бойынша аймақтарға бөлу 10 суретте көрсетілген:
- ауру пайда болып, таралуының жоғары дәрежедегі қауіпті аймағы (Атырау, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары);
- орташа қауіп дәрежесіндегі аймақ, ол аусыл бойынша біршама сау болуымен сипатталып, таралу алмайтын бірен-саран ауру ошағының тіркелуі түрінде байқалады;
- ауру пайда болып, таралуының жоғары дәрежедегі қауіпті аймағы, оған малшаруашылығын жайылым пайдалана отырып жүргізу жүйесі және шекаралас мемлекеттермен тығыз қатынаста болу тән.
Осы аталған аймақтардың бәрінде аусыл ауруының байқалу қауіптерінің тұрақты (перманентті) аумақтарын аса бөлініп көрсетілген: шекаралас мемлекеттермен шектесетін аудандар; аусыл ауруы вирусымен жұмыс жасайтын кәсіпорындар мен мекемелер төңірегіндегі аумақтар; халықаралық әуежайлар маңайындағы аудандар; жануар текті импорттық шикізаттарды өңдеумен айналысатын теміржол стансалары, еткомбинаттары және кәсіпорындары; республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы елді-мекендер.
Эпизоотологияда аймақтарға бөлуді аумақтарды жануар аурулары таралу қарқынына байланысты және табиғи ошақтардың кеңістіктік құрылымдарына қатысты аймақтарға бөлу деген түсінік қалыптасқан.
«ХЭБ жер беті жануарларының жерүсті санитариялық кодексіне» сәйкес (2003 ж.): «Аймақтарға бөлу дегеніміз –халықаралық сауда-саттық үдерісін жүргізу мақсатында елдегі географиялық аумақты өзінің ветеринариялық-санитарлық статусына сәйкес бөлуі».
Қандай да бір аймақтың санитариялық статусын қорғау үшін қажетті шарт нақты ауру түріне байланысты болады. Бұл шарттар алуан түрлі, сондықтан аймақтың көлемі, орналасуы мен шекаралары аурудың эпизоотологиясына, қоршаған орта факторларына және бақылауында ұстау және профилактикалық шараларға байланысты болады. Аймақтардың көлемі мен шекараларын табиғи, жасанды, заңды шекараларын ескере келе Ветеринариялық әкімшілік айқындайды, бұл жайында ресми түрде қоғамды хабардар етеді.
Экспорттаушы ел өз аумағында Кодекс тізіміне енген бір немесе бірнеше ауруды анықтаған соң Кодексте осындай аймақ айқындалуы кезінде қарастырылатын шараларды орындауға міндетті.
Импорттаушы ел осындай аймақ барын мойындап, өз аумағында тауарларды импорттау немесе транзиттеу кезінде осындай аймақтың ветеринариялық-санитарлық статусына сәйкесетін Жерүсті кодексі ұсыныстарын орындауы керек.
10 - сурет 2000-2010 жж кезеңіндегі аусыл ауруының ошақтары.
Аусыл ауруының таралуы шаруашылық және экономикалық байланыстарға, малшаруашылығын жүргізу әдіс-тәсіліне, жануар бастарының орналасу тығыздығына, тұрғындардың қоныстану дәрежесіне, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды дайындау, сақтау және өңдеу жағдайларына т.б. факторларға байланысты болады. Бұл ArcGis бағдарламасында жақсы көрсетілген (11 сурет). Біз аталған бағдарламаны пайдалана отырып ауылшаруашылық жануарларының 1999-2008 жж аралығындағы аусыл ауруынан сау емес елді-мекендердің GPS нүктелерін енгіздік. Сосын картаға теміржол және автомобиль жолдары енгізілді, нәтижесінде аталған нысандарды белгілеп республика картасы алынды.
Республика аумағында аусыл ауруының таралуына қатысты жүргізілген талдау жұмыстары көрсетуінше, 80% жағдайларда аусыл бойынша сау емес оқиғалар теміржол және автомобиль жолдары маңдарында байқалған. Тиісінше, аусыл ауруы таралу механизмінде жануарларды немесе өзге биоматериалды тиісті бақылаусыз тасымалдау салдарынан вирустың теміржолдармен, автомобиль жолдарымен таралуы маңызды рөл атқаратыны жайлы айта аламыз.
Математикалық талдауларға сәйкес біз республикада аусылдың эпизоотиялық үдерісін салыстырмалы эпизоотологиялық шамаларды ескере отырып (сезімтал жануар бастары, вакцинацияланған және ревакцинацияланған жануарлар саны, анықталынған сау емес мекендер саны, өлген (өлтірілген, сойылған) жануарлар саны, ауруға шалдығу деңгейі, елді мекендер саны, жұқтырылу пайызы, эпизоотиялық индексі, вакцинациямен қамту пайызы мен сау емес мекендер үлесі) анықтау бойынша талдау жұмысы жүргізілді.
11 - сурет Республиканың теміржол және автомобиль жолдары төңіректеріндегі аусыл бойынша сау емес елді мекендердің орналасуы QIS 2010 ж бойынша мәліметтер (ArcGis бағдарламасы).
Аусыл ауруы пайда болып, таралуының жоғары дәрежедегі қауіпті аймағында (Атырау, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары) меншік иелігіне қарамастан міндетті түрде барлық ірі қара мал, қой бастарын профилактикалық вакцинациялау қажет, ал шошқаларды фермаларға аусыл вирусының ену қауіпі төнген жағдайда әмбебап вакцинамен вакцинациялау керек. Автомобиль, теміржол тораптары маңдарындағы буферлік аймақтарды 30 км кем емес етіп құру қажет. Бұл аймақта аталған ауру бойынша эпизоотиялық жағдайдың нашарлауы ықтимал. О, А және Азия-1 типтеріндегі аусыл кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін, дегенмен ең қауіпті кезең деп жаз бен күзді атауға болады.
12 – сурет 1955-2010 жж аралығындағы аусылдан сау емес елді-мекендердің кластерлері.
Қауіптіліктің орташа дәрежесіндегі аймақтарда (Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстары) жануарлардың бір бөлігін ауыслға қарсы жоспарлық вакцинациялау аясында вакцинациялап, жалпы эпизоотияға қарсы шаралар өткізеді, ал аусыл бойынша жағдайдың ушығуы кезінде барлық жануарларды аусылға қарсы вакцинациялау жұмысын өткізеді.
Аусылға қатысты тұрақты саулық байқалынатын аймақтарда (Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан облыстары) аусылды телімді профилактикалау құралдарын пайдаланбастан жалпы ветеринариялық–санитарлық шаралар өткізіледі. Осы аймақтың саулығын сақтау үшін аусылға қарсы иммунизациялау өткізілетін бірінші және екінші аймақтардан жануарларды сатып алуға жол берілмеуі керек.
Жануарларды вакцинациялағаннан кейін бірінші және екінші аймақтарда қан сарысуларын зерттеу (иммундық фонды анықтау үшін) міндетті.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 3098;