Сібір жарасы бойынша Қазақстан Республикасындағы жалпы жағдай
Қазақстан Республикасындағы сібір жарасы бойынша эпизоотиялық жағдай талдауы анықталынған сау емес елді мекендер саны үнемі азаю тұрғысында өзгеріп келетінін көрсетті. Егер 2000 және 2001 жж. жалпы саны – 6 елді-мекен анықталса, 2003, 2004 және 2005 жж. тиісінше – 3, 2, және 1 сау емес елді мекен анықталған. Соңғы жылдары бұл ауру республика аумағында тіркелмеген. Аталған аурудың осыған ұқсас тұрғыда азайып өзгеру динамикасы байқалуда. Осылайынша, 2000 және 2001 жж. ауру коэффициенті тиісінше 0,04 пен 0,05 теңессе, 2002 ден 2004 жж. дейінгі аралықта ол 0,01 құраған. Сау емес елді мекендер үлесі мен эпизоотиялық жағдайдың қауырттылық коэффициенті осы кезеңде 2000 және 2001 жж. 0,08 -ден 2005 ж. 0,01 дейін төмендеген, 20 сурет.
Қазақстан Республикасы облыстарын жануарлардың сібір жарасы ауруын жұқтыру дәрежесі бойынша дифференциациялау көрінісі 9 кестеде көрсетілген.
Республика аумағын дифференциациялау және сібір жарасының қауіптілік деңгейі бойынша эпизоотиялық индексін пайдалану оның эпизоотологиясында топырақтық-географиялық аймақтар үлкен маңызға ие екендігін көресетті, олар сібір жарасы үдерісі белгі беруі интенсивтіңлігіне (қарқындылығына) айтарлықтай әсерін тигізеді.
9 - кесте Республика аумағын сібір жарасы бойынша аймақтарға бөлу
Облыстар атауы, эпизоотиялық коэффициенті | ||
Жұқтырылудың жоғары дәрежелі аймағы | Жұқтырылудың орта дәрежелі аймағы | Жұқтырылудың шартты сау деп танылған аймағы |
Шығыс-Қазақстан -0,3 Жамбыл - 0,5 Оңтүстік-Қазақстан -0,5 | Ақтөбе - 0,2 Батыс-Қазақстан-0,2 Қостанай - 0,2 Қызылорда - 0,2 | Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан |
Маңғыстау, Атырау облыстарында көптеген жылдар бойы сібір жарасы ауруы болмауын олардың аумақтарының басым бөлігі сібір жарасы микробы үшін қолайсыз қоңыр және сұрғылт-қоңыр топырақты аймақтарда орналасуымен түсіндіріледі. Осы облыстардың басым бөлігін құмды аймақтар мен тұзды аймақтар алып жатыр, ал Маңғышылақта беткейінде қиыршықтасты жамлығысы бар ерекше сұрғылт-қоңыр түсті топырақты шағын аймақтар бар.
20 сурет – Қазақстан Республикасында 1961- 2009 жж аралығы кезеңінде ауылшаруашылық жануарлары арасында сібір жарасы тіркелуі. (Л.Ю.Лухнова мәліметтері бойынша)
Бұл қоздырушының топырақта өміршеңдігін сақтап қалу үдерісіне әрқилы әсер етуімен ерекшеленетін құбылыс.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 1565;