Жалпы мәліметтер. Құрылыс конструкциясын кез келген есебі үш жағынан талқыланады: статикалық
Құрылыс конструкциясын кез келген есебі үш жағынан талқыланады: статикалық, геометриялық, физикалық тұрғыдан.
Статикалық тұрғыдан қарағанда конструкцияға әсер еткен күшсалмақтар мен күштің ( ) және кез келген қимасындағы ішкі күштермен (М,N,Q) байланыстылығы белгіленеді. Мұндағы: q-біркелкі таратылған күшсалмақтар; F-
жинақталған күшсалмақтар; М – июші момент; N-ұзына бойлық күш; Q-көлденең күш.
12.Сурет
1- тік жарықшақтар
2- көлбеу жарықшақтар
Геометриялық тұрғыдан қарағанда конструкцияның ауыстырулары мен ( ) деформация (e) ара қатысы белгіленеді (f-иіліс; -қисықтық).
Физикалық тұрғыдан материалдың «s-e» кернеу мен деформация арасындағы тәуелділігі белгіленеді.
Конструкция тамаша-серпімді материалдан жасалса, мысалы арқалық (1а-суретте), онда бұл конструкцияға келесі теңдеулер әділді болады.
(1) – статикалық тұрғыдан алынған формула;
(2) – жазық қиманың гипотезасынан алынған теңдеу;
(3) –Гук заңынан алынған байланыс;
2,3-теңдеуден белгілі байланыс шығады
(4)
- кернеудің шегі
- иілістің шегі (5)
- қиманың қисықтығы;
- элементтің бекітілу жағдайы мен жүктелу түрін ескеретін коэффициент.
Темірбетонның қасиеттері серпімді материалға қарағанда көп айырмашылығы бар. Темірбетон серпімді-пластикалық материал болғандықтан әрі оның бойынша жарықшақтардың пайда болуына байланысты, темірбетондағы кернеулер мен деформация арасындағы тәуелділік сызықтық заңға (Гук заңы) бағынбайды. Серпімді материалға қолданған формулаларды темірбетонға қолдануға болмайды. Сондықтан темірбетон конструкциясының есеп әдісін дамыту үшін кеңінен эксперименттік мәліметтер қолданады. Бұл мәліметтер арнайы ғылыми тәжірибесінен алынады.
1б-суретте темірбетон арқалық көрсетілген. Күшсалмақтар әсер еткенде арқалықтың ұзына бойында тік және көлбеу жарықшақтар пайда болады. Бірінші жарықшақтарға тік кернеулер ( ), ал көлбеу жарықшақтарға басты созылу кернеулер ( ) себепкер болады. Тік немесе көлбеу жарықшақтардың дамуынан арқалықтың қирауы мүмкін.
Темірбетон кедергісі теория тәжірибелік мағлуматтар мен қатты дене механикасы заңдарының негізінде құрылады және күшсалмақтар әсерінен элементтердің нақты кернеулік-деформациялық жағдайына сүйенеді.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 1707;