Алдын-ала кернеу жасаудың тәсілдері
Алдын-ала кернеу жасаудың екі тәсілі бар:
а) Тіректерге керу. Бұл тәсіл бойынша арматураны бетондауға дейін керіп, тіректерге бекітіп қояды. Сосын бетондалған элементтің бетонның беріктігі (70-80%)- ке жеткенде, яғни арматура мен бетон жеткілікті түрде ілініскен соң, керілген арматураның ұштары тіректерден босатылады. Бастапқы ұзындығын қалпына келтіруге тырысқан арматура бетонды қысып сығады. Кішкене және орта аралық конструкцияларда арматураны тіректерге керу тәсіл қолданады.
б) Бетонға керу. Бұл тәсіл бойынша бірінші бетон немесе аз ғана араматураланған элемент дайындап алынады. Бетон элементте кернелетін жұмыстық арматура орналастырылатын өзек немесе саңылау қалдырылады. Өзек пен саңылау жасау үшін опалубкаға болаттан жасалынған кеңірдек трубкалары салынады. Өзектің диаметрі кернелетін арматураның диаметріне қарағанда 5-15мм үлкенірек қабылданады.
Бетон элементтің беріктігі қажетті шамасына жеткенде өзектегі арматура керіледі. Арматураның бір ұшы анкермен бекітіледі, екінші ұшы домкрат арқылы тартылады.
Арматура керіліп, бетон қысып сығылған соң арматура мен бетонның ілінісуін және арматураны коррозиядан сақтау үшін өзекке қысыммен цемент ерітіндісін айдайды.
Бетонға керу тәсілі көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан оны тіректерге керу қиын немесе тіптен мүмкін болмаған жағдайларда ғана қолданады, мысалы үлкен аралық темірбетон конструкцияларда – ферма, арка, көпір конструкциялары.
Арматураны үш түрлі тәсілмен керуге болады: механикалық, электротермиялық, электротермиялық-механикалық.
1) Механикалық тәсіл бойынша арматураны гидравликалық және механикалық домкраттармен немесе ораушы машиналармен созады.
2) Электротермиялық тәсілді қолданғанда арматура арқылы оны 300-4000С дейін қыздыратын ток жібереді. Қызудың әсерінен ұзарған стержіндерді немесе сымдарды суыған кезде қысқаруына бөгет болатын тіректерге бекітіп қояды. Осының нәтижесінде суыған арматурада қажетті бастапқы кернеу пайда болады. Осыдан кейін элементті бетондайды, бетонның беріктігі қажетті шамасына жеткенде арматураның ұштары тіректерден босатылады. Бастапқы ұзындығын қалпына келтіруге тырысқан арматура бетонды қыспақтайды.
3) Электротермиялық-механикалық тәсіл бойынша электротермиялық және механикалық тәсілдер бір мезгілде қолданады. Бұл тәсіл бойынша токпен 300-4000С-қа дейін қыздырылған беріктігі жоғары сымды форманың немесе стендтің тіректеріне ораушы машиналардың көмегімен бекітіп қояды. Бұл жағдайда орауға қажет механикалық құралдардың қуатының аса үлкен болуы шарт емес. Суыған соң сымда бастапқы кернеу пайда болады. Осы кернеудің шамасы жартысы механикалық керумен, ал жартысы қыздырылған сымның суымен қамтамасыз етеді.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 2705;