Алдын-ала кернелген темірбетонның мәні
Алдын-ала кернелген темірбетонның кернелмеген темірбетонға қарағанда келесі артықшылығы бар:
1) Экономикалық тиімділігі, себебі бұндай элементтерде беріктігі жоғары арматуралар қолданады. Арматураның үлес құны келесі қатнасқа тең 1 тоннаның бағасы / есептік кедергісі. Арматураның беріктігін ( ) көбейтсек, онда арматураның үлес құны төмендейді. Сондықтан жоғары беріктік арматура жұмсақ ыстық өңделген арматура (А-І, А-ІІ, А-ІІІ) қарағанда пайдалы болып тұр. Жоғары беріктік арматураны алдын-ала кернелген темірбетон конструкцияларда қолданады. Жай темірбетон конструкцияларда жоғары беріктік арматураны пайдалануға болмайды, себебі арматурада жоғары созылған кернеу және үйлесімді ұзарту деформация пайда болған кезде бетонның созылу аймағында жарықшақтар едәуір ашылып конструкцияның қажет эксплуатациялық сапасын жояды.
2) Жарықшақ пайда болу төзімділігінің жоғарымдығы. Осының салдарынан конструкцияның қатаңдығы, динамикалық жүктеме күштерге қарсыласуы, коррозияға төзімділігі және ұзақ уақыт бойына жарамдылығы артады.
Алдын-ала кернелген арқалықта жүктеме күштерден пайда болған созушы кернеулер бетонда тек бастапқы сығушы кернеулер жойылғаннан соң ғана әсер ете бастайды.
- жай темірбетон арқалықтың жарықшақтың пайда болатын немесе олардың енінің шектеліп ашылатын кезіндегі күштің шамасы
- пайдалану кезінде әсер ететін жүктеменің шамасы (эксплуатациялық жүктеме)
- қирату жүктеме күштің шамасы
- кері иіліс шамасы
- иіліс шамасы
- алдын-ала кернелген арқалықтың жарықшақтың пайда болатын кезіндегі күштің шамасы
Қорытынды: Алдын-ала кернелген темірбетон элементтер жүктемеге жарықшақсыз немесе ашылу ені шектелген жарықшақтармен жұмыс істейді, ол алды-ала кернелмеген конструкциялар жарықшақтарымен пайдала-нылады, әрі олардың иілістерінің де мәндері үлкен болып келеді.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 2900;