Темірбетонның мәні
Күштердің әсеріне тұтасып бірлесе жұмыс істейтін бетон мен арматурадан тұратын құрылыс материалын темірбетон деп атайды.
Бетон деп жасанды тас тектес материалды атайды. Бетон материалы қоспа қатқаннан кейін пайда болады. Қоспа құрамына байластырғыш пен толтырғыш материал және су кіреді. Байластырғыш материалы: цемент, гипс, әк, полимер материалдар. Толтырғыштар: жасанды (шлак, керамзит); табиғи – тығыз (шағыл тас, құм); кеуекті (пемза, ұлутас).
Арматура деп – бетонда орналастырылатын болат стержінді атайды.
Бетон кез келген жасанды немесе табиғи тас сияқты сығылуға жақсы, ал созылуға өте нашар қарсыласады.
(10...20 есе)
- бетонның сығылу кедергісі
- бетонның созылу кедергісі
Арқалық көлденең иілгенде төменгі аймағы созылады, ал жоғарғы аймағы сығылады. Бетонның созылуға нашар қарсыласуы себебінен мұндай арқалықтың күшсалмақтарға көтергіштік қабілеті төмен болады, әрі сығылған аймақтағы бетонның беріктігі толық пайдаланбайды. Егер арқалықтың созылған аймағындағы бетонды арматурамен күшейтсек, онда арқалықтың күшсалмақтарға көтергіштік қабілеті жоғарылайды. Оның себебі арматураның стержіндері созылуға өте жақсы жұмыс істейді. Сондықтан арматура негізінен созылу күштерді, ал бетон сығушы күштерді қабылдауға арналады.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 2507;