Арматура мен бетонның ілінісуі
Арматура мен бетонның ілінісуі темірбетонның негізгі қасиеті деп саналады.
Арматура мен бетонның ілінісуі үш факторға байланысты:
1) бетонның арматураға жабысуы;
2) бетонның ширауынан пайда болған қысымнан туындаған үйкеліс;
3) арматураның бетіндегі қырлардың бетонға ілінуі.
Арматураның бетонмен ілінісу беріктігі негізінен үшінші факторға байланысты. Осы үшінші фактор арматура мен бетонның ілінісу беріктігін 70-80% қамтамасыз етеді.
Арматуралық стержінді бетоннан тартып алғанда күштер арматурадан бетонға стержіннің бойымен біркелкі тарамайтын жанама кернеулер ( ) арқылы беріледі. Олардың ең үлкен мәні ( ) элементтің сыртқы жағына жақын аралықта пайда болады және стержіннің бетонда бекітілуі ұзындығына ( ) тәуелді емес.
Ілінісуді бағалау үшін бекітілу ұзындығы бойына біркелкі таралатын деп қабылданатын жанама кернеудің орташа мәнін пайдаланады.
(1)
мұндағы: N – бойлық күш; d – стержіннің диаметрі; - бекітілу ұзындығы.
Яғни
Бойлық күштерді арматурадағы кернеулер арқылы өрнектесек, онда (1) формуладан бекітілу ұзындығы
(2)
Бұл формуладан келесі қорытынды шығаруға болады:
- стержіннің диаметрі мен ондағы кернеу үлкейген сайын оның бекітілу ұзындығы да артады;
- бекітілу ұзындығын азайту үшін стержіннің диаметрін шектеп, бетонның класын жоғарлатып сондай-ақ периодтық профильді арматураны пайдалану керек.
Жобалау нормаларда ілінісу күштің шамасы белгіленбейді, бірақ конструкциялау кепілдеме береді, олар арматура мен бетонның сенімді ілінісуін қамтамасыз етеді.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 2861;