Арматуралық болаттардың механикалық қасиеттері

Арматуралық болаттардың механикалық қасиеттерін анықтау үшін арматуралық үлгіні созуға сынау қажет. Арматуралық стержінді сынағаннан кейін « » графикті салуға болады. Осы график бойынша арматураның беріктік және деформациялық сипаттамаларын анықтаймыз.

а) жұмсақ болат

- физикалық аққыштық шегі

- үзілуге уақытша кедергісі

1 - қисық – А-І, А-ІІ, А-ІІІ.

2 - қисық – А-ІІв, А-ІІІв (тартып

бекемделген арматура)

Жұмсақ болат (1 қисық) пластикалы және үзілгеннен кейін де біршама созылады (25% дейін).Суық күйінде тарту, болаттардың механикалық бекемделуінің бір түрі деп саналады. Болатты -тен жоғары кернеуіне дейін жүктеп, одан кейін жүктеуді аяқтасақ, онда қайтадан тартқан кезде кернеуі жасанды түрде көтерілген жаңа аққыштық шегі болып табылады (2 қисық).

б) термиялық бекемделген және жоғары қоспалы болаттар

Арматуралық болаттардың беріктігін жоғарлату үшін болатты термиялық бекемдейді. Ол үшін арматураны қыздырады (800-9000С) және тез салқындатады (суытады), одан кейін қайтадан қыздырып (300-4000С) біртіндеп салқындатады.

Арматуралық болаттардың құрамына көміртегі, марганец, кремний, хром қоспаларын кіргізсек, онда болаттардың беріктігі жоғарлайды.

Осындай болаттарды жоғары қоспалы болат деп атайды.

- шартты аққыштық шегі

- үзілуге уақытша кедергісі

в) жоғары беріктік сым

Арматуралық болатты тартып бекемдегеннен кейін, яғни сымды көп мәрте тартып созсақ, онда бұл арматураны суықтай созылған арматура деп атайды. Осының нәтижесінде тәуелділігі үзілгенше сызықты болып шығады, ол беріктік шегі болса біршама артады (4-қисық).

ТБК-лардың күшсалмақтардың әсеріне жұмыс істеуі және арматуралық жұмыстарды механизациялау үшін арматуралық болаттардың төменде аталған қасиеттерінің маңызы үлкен:

- болат пластикалығы төмен болған сайын тиімді пайдалану мүмкіндіктері шектеледі, конструкцияның мөрт қирауы ықтималды артады;

- арматуралық болаттың дәнекерленгіштігі сенімді жалғануымен, жарықшақтардың пайда болмауымен сипатталады;

- суықтай сынғыштық деп болаттың теріс температурада (-300С-тан төмен) мөрт қирауға бейімділігін айтады;

- болаттың реологиялық қасиеттері жылжығыштық пен релаксация арқылы сипатталады; болаттың жылжығыштығы деп – уақыт өткен сайын шамасы тұрақты күшсалмақтардың әсерінен пластикалық деформациялардың артуын айтады; релаксация – бұл арматуралық стержіннің ұзындығы өзгермегенде, яғни деформациялар тұрақты болғанда, кернеудің азаюы.

- арматуралық болаттың шаршап қирауы көп мәрте қайталанатын күшсалмақтардың әсерінен пайда болады;

- арматуралық болатты жоғары температура арқылы қыздырған кезде металлдың құрылымының өзгеруіне, беріктіктің төмендеуіне әкеп соғады;

 

 

 

 

9.Сурет.Арматураның механикалық қасиеттері

 








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 4083;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.