Күшсалмақтар тұрақты және ұзақ мерзімді әсер еткендегі деформациялар
(0-1) - жүктегенде деформация өсетін участок;
(1-2) - тұрақты болған кездегі серпімді емес деформациялар
өсетін участок.
Күшсалмақтар бетонға ұзақ мерзімді әсер еткен кезде және серпімді емес деформациялар уақыт өткен сайын үлкейеді, осы бетонның қасиеттін жылжығыштық деп атайды.
Жылжығыштық деформациялар серпімді деформациядан 3-4 есе үлкен болады. Жылжығыштық деформациялар еркін және қысылған түрінде болады. ТБК-ларда жылжығыштық деформациялар қысылған түрінде өтеді, себебі бетон денесіндегі арматуралар байланыс ретінде жылжығыштық деформацияға кедергі жасайды. Арматура бетонда болмаса, онда жылжығыштық деформация еркін түрінде пайда болады.
Бетонда күшсалмақтардың әсерінен ( ) кернеу мен деформация ( ) пайда болады, одан кейін байланыс арқылы үлгіні бекітіп қоямыз. Осы жағдайда бастапқы деформация ( ) тұрақты болады. Бірақ уақыт өткен сайын бетондағы бастапқы кернеу ( ) біртіндеп төмендейді. Бетонның осы қасиетін релаксация деп атайды.
Бетонның жылжығыштық және релаксация қасиеттері ТБК-ларды жүктеген кезде оның жұмысына әсер етеді.
Бетонның жылжығыштығы байланысты:
- су-цементтік қатынасына;
- бетонның беріктігіне;
- бетонның түріне.
Жылжығыштықтың себептері
1) бетон құрамының ерекшеліктері (бір текті емес материал);
2) бетондағы қату процестің ұзақ мерзімділігі;
- егер (жарықшақтар пайда болған кездегі бетонның беріктігі), онда жылжығыштық деформациялар сызықты түрінде болады.
- егер (жарықшақтар пайда болған кездегі бетонның беріктігі), онда жылжығыштық деформациялар сызықты емес түрінде болады.
Жылжығыштықтың көрсеткіштері
1) жылшығыштықтың өлшемі ( ):
2) жылшығыштықтың сипаттамасы
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 1508;