Аналогтық коммутацияланған және бөлініп алынған желілер

 

Тұтынушыны шақырған сәтте желідегі коммутатор арқылы тура қосылысты алады. Тура қосылыс өткізу жодлақтары 300–ден 400Гц–ке дейінгі өткізгіштер жұбына сәйкес. Абоненттік ұшы 2–өткізгішті.

 

Абонентті екі тәсілмен шақыруға борлады: жиілігі 10Гц импульсті жиынтықтың немесе10Гц ырғақты. Импульсті жинақтау тәсілі кезінде жинақтау ұзақтығы қандай шифр нөмірді түзететіндігіне байланысты – мәселен 0 саны он шақты тізбекті импульстармен беріледі, 9 саны– тоғыз және т.с.с., ырғақты жинақтау кезінде кез–келген сан 50 мс ішінде әртүрлі жиілікті қос синусойдалы дабылдар желісіне беріліспен жөнелтеді. Сондықтан аталмыш тәсілмен нөмір жинақтау импульсімен салыстырғанда 5есе жылдам болады.

 

Желі коммутаторлары мәліметтердің арлық сақталуын қамтамасыз етеді. Коммутаторда есте сақтау құрылғылары кездеспейтіндіктен, абонент жүктемелі сәтте немесе кіріс пен шығыс каналдарының қосылуы бойынша коммутатор өз мүмкіндіктерін жойған сәтте кері қайтару көрінісі орын алуы мүмкін (АТС бос болмаған кезде).

 

Аналогты коммутациялы желі бойынша дискретті мәліметтерді тарату үшін абонентті шақыру ісін атқаратын модемдер қолданылады.

 

Коммутациялы аналогты каналдың өткізгіштік қабілетін алдын ала айқындау мүмкін емес, себебі модемдерді дабылдық шынайы сапасына сәйкес келетін жылдамдық қосылысын белгілейді. Коммутациялы каналдардың санасы байланыс сеанстары кезінде өзгереді; ал модемдер динамикалық мәліметтер тарату жылдамдығын өзгертеді. Аналогты телефон желілерінің телефонды коммутаторларында екі коммутация үрдістері қоданылады – аналогты, ол каналдардың жиілікті бөлісіні егізделген (FDM), және сандық, ол каналдардың уақыт бойынша бөлінісіне негізделген.

 

XDSL желілері.

 

xDSL технологиялары қарапайым телефон желілерінің абонентті сымдарын аналогты түрде сандық түрге айналдыруға негізделген, бұл құбылыс оның атуынан көрініс тапқан (Digital Subscriber Line –сандық абонент желілері). Ортақ идеяны былай түсіндәруге болады, абонент желілерінің қос ұшында да– АТС пен абонентте айырғыш сүзгілерін (Splitter) қондырады. Дабылдау төмен жиілікті (3,5 кГц–қа дейін) құраушысы қарапайым телефон құрал–жабдықтарына орнатылады (порты мен абоненттік телефон аппараты), ал жоғарыжиіліктісі болса (4Гц–тан жоғары) x DSL–модемдерінің көмегімен мәліметтер тарату үшін қолданылады.

 

АDSL асимметриялы технология өте кең тараған (Asymmetric Digital Subscriber Line), ондағы абонентке бағытталған жылдамдық (downstream) 6,1Мбит/с шамасына дейін, ал абоненттен– 16–640кбит/с.

 

UADSL (Universal ADSL), оны DSL Lite деп те атайды жылдамдығы аз ADSL жаңартылған нұсқасы (желі ұзындығы 3,5км болғанда жылдамдықтар әртүрлі бағыттарда1,5Мбит/с және 384кбит/с; желі ұзындығы 5,5км шамасына дейін болған кезде– 640және 196кбит/с). Құрылғыларды қондыру жеңіл және салыстырмалы түрде арзан.

 

RADSL(Rate AdaptiveDigital Subscriber Line)– сапаға байланысты жылдамдығының адаптациялылы өзгеріс технологиялары.

 

HDSL (High Data–RateDigital Subscriber Line)– қос бағытта да 1,536 немесе 2,048 жылдамдықтарын қамтамасыз ететін жоғарыжылдамжықты технология. Желінің ұзындығы 3,7км–ге дейін, төрт тармақты желіні талап етеді.

SDSL (Single–Line Digital Subscriber Line)– симметриялы жоғарыжылдамдықты (1,536 немесе

 

2,048Мбит/с), алайда ұзындық 3 км шамасына дейін болғанда, ол қостармақты желі түрінде болады.

 

VDSL (Very High Data–RateDigital Subscriber Line)– өте жоғарыжылдамдықты (56Мбит/с шамасына дейін), симметриялы қымбат алайда желінің ұзындық пайдалануына да есептелген.

 








Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 3186;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.