Жергілікті жердің есептеу желісі
Көп кездесетін сымсыз желі тарату ортасын ескермегенде кабельдік секілді әрекет етеді. Трансиверлік сымсыз желілік адаптер әрбір компьютерде қондырылған, және тұтынушылар аталған компьютерлер кабельмен қосылғандай жұмыс жасайды.
Рұқсат алу нүктелері
Кейде рұқсат алу нүктесі деп те аталатын трансивер (access point) сымсыз қосылған компьютерлер мен кабельдік желі арасындағы дабылдар алмасуын қамтамысыз етеді.
Сымсыз ЖЕЖ–де шағын ілінбелі трансиверлер қолданылады. Олар жылжымалы құрылғылармен радиобайланыс оратады. Аталмыш трансиверлердің қолда барлығы берілген желіні қатаң сымсыз деп атауға жол бермейді.
Тарату тәсілдері
Сымсыз жергілікті жердің желілірі төрт түрлі мәліметтер тарату тәсілдерін қолданады.
1. инфрақызыл сәулелену;
2. лазер;
3. ауқымы тар радиоберіліс ;
4. таралған спектрдегі радиоберіліс.
Инфрақызыл сәулелену
Бүкіл инфрақызыл сымсыз желілерді мәліметтер тарату үшін инфрақызыл сәулелерді қолданады. Осы
сынды желілерде өте күшті дабылды генерациялау қажет, себебі кері жағдайда басқа факторлар ықпал етеді, мәселен терезеден түскен сәуле.
Бұл тәсіл өте үлкен жылдамдықпен дабыл қағуға мүмкіндік береді, себебі инфрақызыл жарығы жиілікдердің кең диапазонына ие. Инфрақызыл желілер 10 Мбит/с жылдамдықпен қалыпты қызмет атқаруға қабілетті.
Инфрақызыл жиіліктердің төрт түрі белгілі: 1. тікелей көру желілері.
Бұл желілерде беріліс тек таратқыш пен қабылдағыштың арасындағы тікелей көрініс жағдайында ғана мүмкін болады.
2. Таралған инфрақызыл сәулелер желілері.
Аталған технология барысында дабылдар қабырға мен төбеден шағылып; қорытындысында қабылдағышқа жетеді. Тиімді әрекет ету аймағы шамамен 30м–мен шектелген және де тарату жылдамдығыда көп емес.
3. шағылысқан инфрақызыл сәулелену желілері.
Бұл желілерді компьютердің маңында орналасқан оптикалық трансирверлер дабылды белгіленген жерге жеткізеді, сол жерден көрсетілген компьютерге жөнелтеді.
4. үлгіленген оптикалық желілер.
Бұл инфрақызыл сымсыз желілер мультимедиялы ортаның қатаң талаптарына сәйкес келеді және іс– жүзінде жылдамдық көрсеткіші бойынша кабельді желілермен нық тіреседі.
Десекте инфрақызыл желілердің жылдамдыңы және олардың пайдалану қолайлығы назарды өзіне аудартады, 30м–ден астам қашықтықтағы дабылдарды таратуда қиындықтар туындайды. Сонымен қоса бұл желілер қуатты жарық көздері тарапынан кедергі алады.
Лазер
Лазерлі технологияның инфрақызыл сәулеленуге ұқсастығы, бұлар қабылдағыш пен таратқыш арасындағы тікелей көрініс. Егер қандайда бір себептерге байланысты сәуле үзілген болса, онда тарату ісі де тоқтатылады.
Ауқымы тар радиотаратқыштар (даражиілікті беріліс).
Бұл тәсіл қарапайым радиобекеттер хабарламасын еске түсіреді. Тұтынушылар қабылдағыш пен таратқышты белгілі жиілікке оңтайлайды. Бұл тұста тікелей көрсеткіштік қажет емес хабарлама ауданы 46500м. Алайда, жоғары жиілікті дабылды пайданатындықтан, ол металл немесе темірбетон кедергілерден өте алмайды.
Байланыс тәсілінің бұл түріне рұқсатты қызмет жеткізушілердің көмегімен жүзеге асады.
Тармақталған спектрдегі радиотаратқыш.
Бұл тәсіл барысында дабылдар бірнеше жиілікте таралады, ол дара жиілікті таралым мәселесін алдын алуға көмектеседі.
Қол жетімді жиіліктер каналдарға бөлінген. Адаптерлер берілген уақыт аралығы ішінде белгілі каналдарға оңтайландырады, содан соң келесіге қосылады. Аталмыш тарату тәсілі кейбір «қондырмалы» қорғаныстарға ие: берілісті тыңдау үшін каналдарды өзгерту алгоритмін білу қажет.
Егер мәліметтер қорғанысын бейсанкциялы рұқсат алудан күшейту қажет болса, кодты пайдалану керек. 250Кбит/с таралу жылдамдығы берілген тәсілді өте баяу әрекет ететіндердің қатарына жатқызады. Бірақ 3,2км қашықтықта ашық кеңістікте 2Мбит/с шамасына дейінгі жылдамдықпен мәліметтер тарататын және
120м қашықтыққа дейін ғтматар ішінде мәлімет таратуға қабілетті желілерде жоқ емес.
«Нүкте–нүкте» берілісі.
Бұл беріліс тәсілі қолда бар желі анықтамасының шеңберінен шығып кетеді. «Нүкте–нүкте» беріліс технологиясы тек екі компьютер арасында мәлімет алмасуға қарастырылады. Желіні сымсыз таралымды
етіп ұйымдастыру үшін дара трансивер және хост–трансирвер секілді қосымша копмоненттерді пайдалану қажет. Олар дербес компьютерлерге де, желіге қосылған компьютерлерге де қондыруға болады.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 2392;