Теориялық ақпарат Желіні құрастыру

 

1. Желінің топологиясы – бұл компьютерлердің, кабельдердің және бақа желілік құрауыштарының орналасуының физикалық мінездемесі. Желінің тополгиясы компьютердің желідегі әрекеттестігінің тәсілін анықтайды. Барлық желілер үш базалық топологияның негізінде құрылады:

- Шина (Bus);

- Жұлдыз (Star);

- Сақина (Ring).

 

2. Егер компьютерлер бір кабельдің бойында қосылып тұрса мұндай топология шина деп аталады.

 

PC-1       PC-2   PC-3   PC-4         PC-5  
                          PRINTER        
                                     
                                     
                                     

 

Сурет. 1. «шина» типінің желісі

 

Шина топологиясының желісінде мәліметтер желіге тек бір компьютермен уақыттың бір сәтінде беріледі.

 

Ақпаратты алушының ақпаратты берушінің және берілген ақпараттың мекен-жайы көрсетілген электрлік сигналдар түрінде беріледі. Берілетін ақпаратты барлық компьютерлер «естиді», бірақ оны тек алушының мекен-жайы сәйкес келетін ғана қабылдайды. Ақпаратты беру кезінде қалған компьютерлер


мәліметтерді бере алмайды, олар тек желіні «тыңдап» және берудің аяқталуын күтеді. Желі «босаған» кезде (мәліметтерді беру аяқталғанда), бірінші, болып ақпаратты берем деушілер өзінің ақпаратын беруді бастайды.

 

3. Шина – пассивті топология, онда компьютерлер желі бойынша беріліп жатқан мәліметтерді беріп, тыңдайды, бірақ оларды күшейтпейді, сондықтан желілік кабельдің ұзындығы және желідегі компьютерлердің саны сигналдың өшуімен шектелген. Активті топологияларда компьютерлер мәліметтерді күшейтеді және оларды ары қарай желі бойынша береді.

 

4. Шина типіндегі желілерде желінің жұмыс істеу қабілеттілігін бұзушылыққа әкелетін кабельдің екі шетінде сигналдың көп бөгеуілдер пайда болады. Электрлік сиганладрдың бейнесінің алдын алу үшін кабельдің шеттерінде осы сигналдарды бойына сіңіретін «терминаторлар» қойылады. Кабельдің екі үзігін қосу үшін «BNC-баррел-конектор», деп аталатын арнайы ауыстырғыш қолданылады, кабельді аяқтау үшін «BNC-конектор» ажыратқышы қолданылады, ал компьдердің екі кабелін көрші компьютерлерден желілік платаға қосу үшін «BNC-T-конектор» қызмет етеді.

 

5. Кабельдің ұзындығын көбейту үшін «репитерлер» қолданылады, екі бағытта күшейтетеін және қайта жаңартатын әлсіз сандық сигнал. Репитерлерді белсенді BNC-баррел-конектор ретінде пайдалануға болады.

 

Репитер

 

Сурет 2. Репитер

 

6. Егер компьютерлер бір нүктеден шығып тұрған кабель сегменттеріне қосылып тұрса, (HUB концентраторы) мұндай топология жұлдыз деп аталады. «Жұлдыз» топологиясында барлық компьютерлер желінің сегменттерінің көмегімен орталық құрауыштарға қосылады, бұл (HAB) концентраторы деп аталады. Беріп тұрған компьютердің сигналдары концентратор арқылы барлық қалған компьютерлерге түседі. Бұл желінің тез әрекетін көбейтеді. «Жұлдызда» мәліметтерді беру технологиясы әдетте «шина» топологиясымен ұқсас. Сондықтан «жұлдыз» - бұл орталық күшейтетін және комутациялайтын жабдығы бар «шина» деп есептеуге болады. Концентраттар активті (күшейтетін) және пассивті (желіні күшейтусіз қосатын), сонымен қатар гибридтік (пассивті жіне активті режимде жұмыс істей алатын) болады.

PC5 PC6

 

                                 
PC4       КОНЦЕНТРАТОР   PC1
                                 
                                 

PC3 PC2

 

Сурет 3. «Жұлдыз» типінің желісі

 

7. Егер компьютерлер қосылған кабельдер сақинамен бекітілсе, мұндай топология «сақина» деп

 

аталады.          
                 
        PC1        
               
                 
                 
  PC4       PC2  
                 

PC3

 

Сурет. 4. «Сақина» типінің желісі

 

Сақина топологиясында сигналдар бір бағытта сақина бойынша беріледі (сағат тілі бойынша) және әрбір компьютер арқылы өтеді. Бұл технологияда әрбір компьютер репитер болып табылады, ал мәліметтерді «маркерді» пайдалану арқылы «сақина» бойынша ақпараттарды беру деп аталады. Маркерді беру кезінде (мәліметтері бар арнайы микрофайл) ол бір ізділікпен бір компьютерден басқаға оны мәліметтерді беретін қабылдамайынша беріліп отырады. Маркерді қабылдаған («алып алған») компьютер оған берілетін ақпаратты, өзінің мекен-жайын және алушының мекен-жайын орналастырады. Бұдан кейін


маркер ары қарай сақинаға жіберіледі. Маркермен мәліметтер әрбір компьютер арқылы маркерде көрсетілген алушының мекен-жайымен мекен-жайы сәйкес келмейінше өтіп отырады. Қабылдаушы компьютер маркерді алады, одан мәліметтерді алып, маркерге сәтті қабылданған ақпараттың кодын орналастырады және өзгертілген маркерді ары қарай сақина бойынша жіберген компьютерге жібереді. Жіберген компьютер расталған маркерді алып оны сақинадағы келесі компьютерге (маркерді «босатып») береді.

 

8. «Сақина» топологиясында мәліметтерді беруде әрбір компьютер жіберу үшін тепе-тең уақыт квантын алады, мәліметтерді жіберуге деген бәсекелестік және монополия болмайды.

 








Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 1616;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.