Магистралды желілер мен рұқсат алу желілері. Аналогты бөліністі жүктемелі және бейжүктемелі желілер.
Магистралды желілер мен рұқсат алу желілері.
Магистралды территориялы желілер (backbone wide–area networks) кәсіпорындардың ірі бөлімшелеріне тиесілі алып жаһандық желілер арасындағы дара –рангты байланыстық тізілуі үшін қолданылады. Магистралды территориялы желілер жоғары өткізгіштік қабілетті қамтамасыз етулері қажет, себебі магистралды қосалқы желілердің үлкен мөлшердегі ағынын біріктіреді. Соған қоса, магистралды желілер үнемі жетімді жерде болуы тиісті, яғни өте жоғары әзірлік коэффициенттелген қамтамасыз етілуі тиіс, себебі сол арқылы кәсәпорын жұмысын сәтті жүргізу үшін көптеген критикалық маңызды трафиктері таратылады (business– criticol applications). Магистралды құралдардың айрықша маңыздылығына тоқтала отырып, олардың жоғары құндылығын сөз етуге болады. Себебі кәсіп орында әдетте ірі желілер аса көп
мөлшерде кездеспейді, соның салдарынан магистралды желілерге тармақталған инфроқұрылымдық рұқсат ету ісіне қолдау көрсетуге талаптар қойылады.
Әдетте магистралды желі ретінде жыламдығы 2–ден 622Мбит/с шамасына дейінгі сандық арнайы бөлінен каналдар қолданылады, сол арқылы IP IPX немесе IBM компаниясының SNA архитектурасының хаттамалары таратылады, ATM, X.25, frame relay немесе TCP/IP пакеттерінің жоғары әзірлігін қамтамасыз ету үшін бөлінген каналдар қолда бар болса магистралды аралас артық байланыс топологиясы қолданылады.
Рұқсат ету желілері дегеніміз шағын жаһандық желілердің және жекеленген алшақтағы компьютардің кәсіпорынға тиесілі орталық жаһандық желімен байланысы үшін қажет территориялы желілер болып табылады. Егер магистральды байланыстарды корпаративті желілерді құру кезінде ұйымдастыруға баса назар аударылған болса, онда кәсіпорын қызметкерлерінің алшақтан рұқсат алу шараларын ұйымдастыру соңғы жылдарда ғана стратегиялық маңызды мәселелердің қатарына өтті.
Рұқсат алу желілері ретінде әдетте телефонды аналы желілері, ISDN желілері қолданылады, өте сирек қолданылатын түрі– frame relay желілері. Филиалдардың жаһандық желілерін қосу кезінде жылдамдықтары 19,2–64 кбит/с шамасындағы арнайы бөлінген каналдар да қолданылады. Алшақтан рұқсат алу мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейтуде сапалы ілгерілеуі Internet желісінің кең таралуымен байланысты. Тасымалдық Internet қызметтері халықаралық және халықаралық телефон желілерінің қызменттерімен салыстырғанда арзан, ал олардың сапасы барған сайын жақсаруда.
Аналогты арнайы бөлінген жүктемелі желілер.
Жүктемелі желілерге мәселен АТС құрамында орналасқан жиілікті нығыздама құрал-жабдықтары (FDM– коммутаторлары мен мультипликаторлар арқылы өтетін желілер жатады. Телефон компаниялары әдетте арнайы бөлінген каналдардың екі түрін жалға береді: өткізу жолағы 3,1гГц жасырын жиілікті канал және жолағы 48гГц кең жолақты канал, соңғы аталғаны жасырын жиілікті12 каналдың базалы тобын сипаттайды. Кеңжолақты канал өткізу жолағы 60–108 гГц шамасындағы шеңберге ие. Кеңжолдақты канал АТС байланысы үшін пайдаланатын болғандықтан, оны жалға алу жасырын жиілікті каналдармен салыстырғанда ұиынға соғады.
Аналогты арнайы бөлінген бейжүктемелі желілер.
Бейжүктемелі желілер–бұл физикалық өткізгішті желілер. Олар кроссировать етуі мүмкін, алайда бұл кезде жиілікті тығыздағыш аппаратынан өтпейді. Көп жағдайда бұл секілді желілер өте жақын орналасқан ғимараттар арасындағы байланыс үшін пайдаланады. Бейжүктемелі арнайы бөлінген желілерінің ұзындығы мардамсыз болған кезде ол айтарлықтай кең өткізу жолағына ие болады. Кейде 1МГц шамасына дейін, ол импульсті үлгіленбеген дабылдарды таратуға мүмкіндік береді.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 2520;