Абатқа және ұңғыманың түп аумағына жасанды әсер етудің классификациясы

Басқару факторларын талдаудың нәтижесі бойынша, қабатқа толығымен немесе әрбір нақты ұңғыманың түп аумағына жасанды әсер етудің классификациясын тұрғызуға болады. Жасанды әсер ету әдістерінің принципі бойынша әртүрлі топтарға бөлінеді:

1) гидрогазодинамикалық;

2) физика-химиялық;

3) термиялық;

4) құрастырылған.

Қабат қысымын басқаруда, қабатқа жасанды әсер ету әдістерінің ішінде кенішке әртүрлі сұйықтарды айдауға байланысты кеңінен таралғаны, гидрогазодинамикалық әдістер болып табылады. Қазіргі таңда кен орындарының 90% дан астамы кенішке қабат қысымын ұстау мақсатында су айдау әдістерін қолданады [11].

Сайып келгенде, қабатқа жасанды әсер ету жолымен өндіру процесін басқарудың негізгі проблемасы сулануды зерттеумен байланысты. Ұңғыманың түп аймақтарына жасанды әсер етудiң әдiстерi айтарлықтай кең спектрден астам мүмкiндiктерге ие болуы.

Өз кезегiнде ұңғымаларды пайдалану процесіндегi ұңғыманың түп аймағына әсер ету әдiстерiнің ішінде ең көп таралғаны, құйылудың қарқынды немесе кеуектілік әдiстерi, және шектеу немесе (жөндеу-оқшаулау жұмыстары - ЖОЖ) су ағынын оқшаулау әдiстерi жатады.

Құйылудың қарқындылығы немесе кеуектілігін жоғарылату мақсатында түп аумаққа әсер ету әдiстерiнiң классификациясы 6.1-кестеде, ал шектеу немесе су ағындарының изоляциясы үшiн мәліметтер 6.2-кестеде көрсетілген.

 

6.1- кесте. Құйылудың қарқындылығы немесе кеуектілігін жоғарылату әдістері

 

Гидрогазо- динамикалық Физика-химиялық   Термиялық   Құрастырылған  
1. Қабатты сұйықпен жару.   2. Гидроқұмағынды перфорация.   3. Ұңғыманы тазалау үшін арнайы қондырғылармен бірнеше әсер етуді (газ бен көбікті пайдаланып) құру   4. Толқынды немесе дірілді әсер ету   5. Имплозионды әсер   6. Компрессормен өңдеу   7. Саңылаулы жүк түсiру   8. Кавитациялық толқынды әсер ету 1. Қышқыл өңдеулерi: - тұз қышқылымен - балқығыш қышқылмен - қышқылдың сұрымен - сульфамин қышқылымен және т.б. 2. Ерітінділермен әсер ету: - мұнайерітіндісі (гександы фракция, толуол, бензол, ШФЛУ т.б.) - сулы ерітіндісімен (ацетон, метил спирті, этиленгликоль т.б.) 3. Түп аумақты БАЗ ерітінділерімен өңдеу - сулы ерітіндісімен (ОП-10, превоцел N-G-12, неонол АФ9-12, карпатол, сульфанол т.б.) - СН негізіндегі ерітіндісі (ОП-4, АФ9-4, стеарокс-6, композиции ИХН-6, ИХН-100 т.б.) 4. Түп аумақты тұзға қарсы ингибитормен өңдеу 5. Түп аумақты гидрофобты ерітінділерімен өңдеу 1. Электрмен жылыту - тұрақты - циклды   2. Ұңғыманы бу жылуымен өңдеу   3. Ыстық мұнай айдау   4. Импульсті-мөлшерленген жылумен өңдеу 1. Термоқышқылмен өңдеу   2. Термогазхимиялық әсер ету   3. Гидроқышқылмен қабатты жару   4. Бағытталған қышқылмен әсер ету   5. Арнайы қышқыл мен, БАЗ, еріткіштер-мен қайта перфора-циялау т.б.   6. Активті ортада ТГХВ (қышқыл, еріткіштер).   7. Термоакустикалық әсер ету   8. Электрлі гидравликалық әсер ету   9. Жеңіл СН қабат ішінде тотықтыру  

 

6.2- кесте. Судың ағынын оқшаулау, шектеу және ағынның құйылуын жөндеу әдістері

Өндіру ұңғымалары Су айдау ұңғымалары
1. Тұтқырлығы жоғары көмірсутегі сұйығын айдау (мұнай немесе битум, тотығылған мазут және тағы басқалар) 2. Гидрофобизатрон айдау 3. Биiк қысыммен көмiрсутек негiзде цементтi ерiтiндiсiн айдау 4. Екi және үш фазалық көбiктердi айдау 5. Кремнийорганиканы базасында гелінiң жүйелерiн айдау 6. ГОС - 1, ГОС - 2, полимерлердiң ерiтiндiлерi, гипана, натридың силикатының гел түзетін құрамдарын айдау және тағы басқалар. 7. Тұтқыр серпiмдi жүйелердi айдау 8. Су-мұнай эмульсияларын айдау 9. Жабатын материалдың суспензияларын айдау 10. Су ерiтiндiсiн айдау 1. Езілген әктас суспензиясын аудау 2. Полимер суспензиясын айдау 3. ГОС-1, ГОС-2, гелтәрізді натрий силикаты, кальций хлоры түріндегі ерітінділерді айдау 4. Кальций хлоры ерітіндісімен немесе биополимермен араластырып натрий силикатын айдау 5. Суды оқшаулайтын материалдарды сатылы айдау

Қолданылу мақсатына байланысты жасанды әсер етудің барлық әдістері екі топқа бөлінеді:

1. Кеніштің энергетикалық жағдайын реттеуге байланысты әдістер.

2. Коллектордың немесе флюидтің негізгі физикалық сипаттамаларының өзгеруін реттеумен байланысты әдістер.

 

 

Келтірілген кестелер толық көрсетілгенімен де, практикада түп аумағына әсер етудің жасанды әдістеріне қосымша қолданылатын материалдар болып табылады.

Қорды өндіру процесінің әдістерін басқаруды қарастырудан бұрын, коллекторлық қасиеті сұйықтарға қаныққан және кеніште жүйелі орналасқан ұңғымалары бар обектіні зерттеу күрделi жүйе болып табылатынын атап өту керек. Бұл жүйелер бiртұтас гидродинамикалық қатынаста болып табылады, оның элементiнде кез-келген өзгерiс қандай болмасын барлық жүйенi тиiстi өзгерiске автоматы түрде алып келеді, яғни бұл реттелетiн жүйе.

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай кеніштеріне әсер етудің негізгі мақсаты?

2. Әсер етудің физика-химиялық әдістері?

3. Әсер етудің жасанды әдістеріне қосымша қолданылатын материалдар?

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3500;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.