Азақстан Республикасы аумағына шошқалардың классикалық обасының ену қауіпін талдау
Эпидемиолог ғалымдар ауру байқалуын талдай келе эпизоотиялар мен эпидемиялар белгілі бір жыл мерзімдерінде, маусым аралықтарында байқалатынын анықтады. Зерттеушілер кейбір аурулар эпизоотиялары мен эпидемияларындағы кезеңді байқалу факттерін айқындаған.
Кейіннен мұның кездейсоқтық емес екендігі анықталды. Бізді қоршаған табиғи ортадағы барлық құбылыстар немесе олардың басым бөлігі кезеңді түрде өтеді. Жыл мерзімдерінің, күн мен түннің ауысуы тірі жануарлар үшін ізтүссіз өтпейді, олар биологиялық құбылыстардағы кезеңді ауытқуларды тудырады.
ХХ ғасырдың басында ресей зерттеушісі А. В. Чижевский адамның көптеген инфекциялық аурулармен ауыруындағы ушығу, тыншуна қатысты кезеңдік заңдылықтарды айқындаған. Эпидемиялар кезеңділігі мен күн сәулесі түсуі кезеңділіктерін салыстыра келе ол адам ауруларының 33 жылдық және 11 жылдық көтерілу кезеңділігін анықтаған. Оның бақылаулары бойынша күн түсу белсенділігінің түсуі ауру түсуі кезеңдерімен сәйкесіп отырған. Ол күн сәулесі белсенділігінің микроорганизмдер туыстастығы биоритміне әсерін иондаушы сәулелер әсерімен түсіндірген. Соңғы жылдары зерттеушілер түрлі қатардағы инфекциялардың космостық сәулелермен қиылысатынын, солардың белсенді сатысымен сәйкесетінін анықтаған.
Сонымен, кезеңділік құбылысынде таңғаларлық ештеңе жоқ, олардың адамдар мен жануарлардың бірқатар инфекциялық ауруларына қатысты байқалатыны белгілі болды. Яғни, көп жылдық кезеңділік пен маусымдылықты заңды құбылыстар ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, кезеңділік немесе айналымдылық, аурулардың өршуі немесе төмендеуінің қарқыны жабайы жануарлар санының ауытқуымен, олардың маусымдық миграциясымен тағы бірқатар себептермен түсіндіріледі.
Маусымдылық жүйелі түрде әр инфекциялық ауру кезінде байқалатынын айта кеткен жөн. Дегенмен бұл жерде бәрі белгілі, түсінікті деу ерте. Оқиғалар санының маусымдық тұрғыда өсуі мен ауру ошақтарының пайда болуы жұқтырылу механизмдері трансмиссивті ауруларға тән құбылыс. Мұны белгілі бір жыл мерзімдерінде қан сорғыш жәндіктер санының ұлғаятындығымен, буынаяқтылар санының қолайлы температураларға орай көбейуімен түсіндіру керек. Көптеген табиғи-ошақтық ауруларға маусымдылық тән, осы кезде қоздырушы тасымалдаушысы немесе резервуары ретінде кеміргіштер немесе етқоректі жануарларды (қасқырлар, түлкілер, жанат тәрізді итттер, қорқау қасқырлар, борсықтар т.б.) атауға болады. Сонымен, табиғи-ошақтық аурулардың маусымдылығы экологиялық және биологиялық себептерге орайласқан түрде болады деуге негіз бар.
Эпизоотиялық үдеріс қарқындылығының маусымдық өршулері ауа температурасы мен ылғалдылығына да тәуелді болады. Орта факторлары бір жағынан жануарлар мен адам организмдерінің ауру қоздырушарының әсеріне деген төзімділігін төмендетеді, ал екінші жағынан қоздырушылардың таралуының ауалық-тамшылық механизмін белсендіре түседі. Аурулардың белгілі бір жыл маусымына қатысты өсуін айтқанда ең алдымен инфекциялық аурулардың көктемгі, жазғы, қысқы маусымдылығын атаймыз. Кейбір аурулар кезінде екі мәртелік кезеңділік байқалады. Мәселен, құтырық кезінде жабайы тасымалдаушылар арасында екі маусымдық өршу кезеңін атайды – ақпан-сәуірде (тасымалдаушылардың шағылысу кезеңі) және қыркүйек-қазанда (жабайы тасымалдаушылардың жастарының таралып, қоныстануы. Осындай жағдай вирустық энцефалиттерге де тән.
Табиғи-климаттық және шаруашылық-экономикалық ерекшеліктер – Қазақстан Республикасы аумағына инфекциялық аурулар енуі мен таралуының басты факторларының бірі болып табылады.
Аталған факторлар алуан қилы патогенді микроорганизмдердің, соның ішінде бұрындары бұл жерде тіркелінбеген вирустардың айтарлықтай таралуына және ұлғаюына ықпал етеді.
Әдеби деректерге сәйкес көптеген аса қауіпті инфекциялардың қоздырушылары сезімтал жануарларды минималды дозада жұқтыра алу қабілетіне тұрақты түрде ие болады да бірте-бірте кейбір аумақтарға қатысты эпидемияға айналады, әрі қоршаған ортаның белгілі бір шарттарына төзімді келеді. Күзгі-қысқы маусымдары Қазақстан Республикасы өзендері суларының температурасы 0-10ºС шамасында болады, бұл вирустардың ұзақ сақталуына ықпал етеді. Өзендерге жануар өлекселерін, ауру жануарлардың субөнімдерін лақтырғанда су ауылшаруашылығы және жабайы жануарлардың жұқтырылу көзіне айналуы ықтимал. Қазақстан Республикасы аумағында көршілес мемлекеттерді бастау алатын ірі өзендер ағып өтеді. Осы мақсатта айтарлықтай ірі өзендердің жалпы ұзындығын анықтау және олардың қанша бөлігі Қазақстан Республикасы үлесіне келетінін анықтауға қатысты зерттеу жұмыстары өткізілді. Біздің еліміздің аумағында ірі өзендермен қатар көптеген ұсақ өзендердің өз суларын әкелетіні, олардың да жануарлар мен құстардың су ішу айлағы болатыны, тиісінше жұқтырылу көзі бола алатыны анықталып, ескерілді. Кезеңділік механизмін төмендегі тәртіпте қарастыруға болады. Аурулардың жаппай байқалулары бірқатар жануарлар туыстастары мен адамдар ұжымдарының ауыруына әкеліп соғады. Бұл жануарлар туыстастығының белгілі бір бөлігі өлімге ұшырайды, ал қалғандарының ішінде табиғи иммунитеті қалыптасқан жануар түрлері қалыптасады. Уақыт өте келе бұл жануарлар саны азаяды, егер бұл жерде инфекция қоздырушысы пайда бола қалса, жеткілікті мөлшерде сезімтал жануар бастары мен адамдар болуында қайтадан эпизоотиялық немесе эпидемиялық ауру байқалулары орын алады.
Мұндай жағдай көптеген вирустық инфекцияларға тән, мысалы шошқалардың классикалық обасы, қой шешегі, ІҚМ обасы, аусыл т.б.
Айта кетері маусымдылық пен ауру ауқымдылығы бірқатар алуан қилы себептерге тәуелді болады – бұл қоздырушының сипаты, сезімтал жануарлардың, адамдардың иммунологиялық құрылымы т.б. көптеген факторлар.
Мысалы, құтырық кезінде эпизоотия өршулері бірінен соң бірі арасына 3-4 жыл салып бой алады. Өз алдына жабайы жануарлар аурушаңдығының маусымдылық ауытқулары вирустың жабайы тасымалдаушылары тығыздығының динамикасымен түсіндіріледі. Алайда жабайы тасымалдаушылар туыстастықтарының көлемі, мысалы, түлкілер санының көлемі осы жануарларды «азықтандыру көздерінің» санына тәуелді болады.
Инфекциялық аурулардың кезеңділігі мен пайда болу және таралу заңдылықтары өзгеріп отыратын Факторлар болып табылады да негізгі критерилерді талдауға қатысты ұдайы назар бөлініп отыруын талап етеді.
Сонымен, инфекциялық аурулардың кезеңділігін, пайда болу және таралу заңдылықтарын анықтау мәселелерін шешу инфекциялық ауру қоздырушыларымен күресудің тиімді стратегиясын құрастырудың маңызды мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы өзінің географиялық орналасуына байланысты Шығыс Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы орталық орынды иеленеді. Мұндай орын тебуі Еуразиялық континентте кездесетін инфекциялардың таралуы үшін маңызды мәнге ие болады деуге әбден негіз бар.
Ел аумағы өзінің табиғи және географиялық ерекшеліктері бойынша алуын қилы, оның фаунасы көптеген түрлерден құралады, осы ел кеңістігі бойынша жабайы жануарлар мен құстардың миграциялануының ауқымды жолдары өтеді. Мұнымен қатар, соңғы жылдары шет елдермен арадағы байланыстар қарқыны қыза түсуде.
Аталған факторлар патогенді микроорганизмдердің, соның ішінде бұрындары тіркелінбеген вирустар айналымының айтарлықтай күшейуіне және алуан қилы түрлерінің пайда болуына ықпалын тигізеді.
Ауылшаруашылық жануарлары жабайы жануарлармен, құстармен, кеміргіштермен, қан соратын жәндіктермен және кенелермен тығыз биоценозда болатынын атап кетуіміз керек. Орын алып отырған жағдайларға орай жабайы жануарлар үй жануарларына қарағанда инфекциялық сипаттағы ауруларды жұқтыруға көбірек бейім келеді. Жабайы және ауылшаруашылық жануарларының тығыз байланыста болу мүмкіндігінің жоғары екендігіне орай, сонымен қатар, жұқпалы ауруларды тасымалдаушы ортақ эктопаразиттердің болуы аса қауіпті аурулар ошақтарының пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар тудырады. Сонымен, Қазақстан Республикасы аумағында аса қауіпті аурулар таралуына ықпал ететін басты факторлардың бірі жабайы жануарлар мен құстар екендігі сөзсіз деуге толық негіз бар.
Жалпыға мәлім ғылыми факт, жабайы жануарлар көптеген ауруларға сезімтал келеді де инфекциялық аурулардың тасымалдаушылары бола алады, бұл олардың үнемі маусымдық және әсіресе трансшекаралық миграциялануына орай өзекті бола түседі.
Мысалы, жабайы қабан Қазақстан Республикасының барлық дерлік шекараларында мекен етеді де шошқалардың классикалық обасының, ірі өқара мал обасының және аусылдың көзі бола алады. Аусыл ауруы кезінде жабайы қабандар табиғи резервуар және аурудың ұдайы көзі болады. Ақбөкенде де инфекциялық аурулар таралуының тұрақты қауіп көзі болып табылады. Осы уақытқа дейін жайрандардың, арқарлардың, құландардың, бұғылардың, кеміргіштердің жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруларына қатысты эпидемиологиялық үдерістегі алатын орны толық зерттеліп үлгермеген. Осы таңда Қазақстанның қазіргі заманғы фаунасында 172 сүтқоректілер бар екенін атау керек.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта республикадағы тұяқты жануарлардың санына қатысты негізгі үлесі мынандай: елік – 39%, ақбөкен – 25%, қабан – 12% және сібір таутекесі – 10%.
Терісі бағалы аңдардың негізі Ақмола және Қарағанды (38% дейін), Алматы, Шығыс Қазақстан және Қостанай (5%-дан) облыстарына келеді. Айтарлықтай маңызы бар деп танылған жабайы жануар бастарының санына қатысты мәліметтер 24 кестеде келтірілген.
Қазақстан Республикасының шекаралас аудандарында жабайы миграцияланатын жануарлар ішінде арқар, елік, жайран, күміс түстес таутеке, жабайы қабан, марал, бұлан мекендейді. Өзге жабайы жануарлар негізінен тұрақты мекен етеді деуге болады. Жыл бойы жабайы жануарлар маусымдық миграциялар жасайды да Нарынқол мен Сүмбенің оңтүстік және солтүстік тұстарында, Іле өзені бойларында, Панфилов қ. оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығысы, Дружба қ. оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысын, Марқакөл мен Тоқты қорықтары, Жоңғар қақпасы, Ырғайты, Емел, Ертіс өзендерінің бойымен, бақты қ. маңын, Шілікті қ. оңтүстік-шығысын, Орловск қ. оңтүстігіндегі мемлекеттік шекараларды кеісп өтіп жатады.
24 – кесте Кейбір жабайы жануарлар санының динамикасы
Жануар атаулары | Жыл (мың жануар) | |||||
Бұлан | 1, 744 | 1,482 | 1,625 | 2,056 | 2,103 | 2,416 |
Марал | 6,158 | 5,984 | 6,510 | 7,259 | 8,614 | 10,130 |
Сібір елігі | 46,309 | 42,392 | 34,598 | 53,867 | 57,271 | 70,784 |
Сібір таутекесі | 18,551 | 13,622 | 16,740 | 21,032 | 18,682 | 25,207 |
Қабан | 14,400 | 15,932 | 12,803 | 20,995 | 20,741 | 22,102 |
Құдыр | 0,644 | 0,220 | 1,320 | 0,660 | 0,600 | 0,700 |
Аю | 0,836 | 1,320 | 0,841 | 1,124 | 1,283 | 1,558 |
Тиін | 23,0 | 18,800 | 22,397 | 34,701 | 28,568 | 27,830 |
Ақкіс | 64,4 | 51,400 | 50,884 | 45,4 | 34,372 | 34,0 |
Түлкі | 183,092 | 161,100 | 141,9 | 148,021 | 145,665 | 140,291 |
Суыр | 2 300,5 | 2 215,4 | 2 011,872 | 1 971,670 | 1 234,077 | 1 989,126 |
Ондатр | 550,4 | 275,0 | 429,076 | 745,110 | 520,749 | 763,889 |
Борсық | 25,744 | 39,050 | 33,0 | 60,857 | 50,139 | 50,726 |
Құндыз | 3,957 | 2,500 | 3,750 | 3,371 | 5,200 | 5,412 |
Жануарлар ми грациялануын толық түсіну үшін географиялық орын тебуі бойынша Шығыс-Қазақстан және Алматы облыстары Қытай Халық Республикасымен, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары Өзбекстан Республикасымен, Жамбыл және Алматы облыстары Қырғыз Республикасымен және ең ұзыны Ресей Федерациясымен солтүстік, шығыс және батыс облыстар шекараласатынын ескеру керек.
Жабайы жануарлардың ең күшті миграциясы оңтүстік және солтүстік облыстарда байқалады, мұнда Өзбекстан Республикасымен, Қырғыз Республикасымен және Ресеймен шекаралар «инженерлік қоршауларсыз» жасалынған. Бұл жерлерде жабайы және ауылшаруашылық жануарларының еркін кесіп өтулері байқалады.
Инфекциялық аурулар таралуына ықпал етуші фактор ретінде жыл сайын ұлғайып келе жатқан халықаралық байланыстар екендігін атауымыз керек.
Қазақстан Республикасына түрлі көлік түрлерімен күн сайын әлемнің көптеген елдерінен, соның ішінде жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларынан сау емес деп танылған елдерден көп мөлшерлердегі жүктер келіп жатады. Республика аумағы арқылы автомобиль және темір жолдарымен транзиттік жүктер өтіп жатады. Темір жолдардың жалпы ұзындығы 14,5 мың км, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 17,7 мың км құрайды. Ақтау және Баутино теңіз порттары арқылы Иран мен Әзербайжанға тура жолдар бар. Қазақстан Республикасының әлемнің көптеген елдерімен әуе байланыстарының (жолдары) жүйелері жыл сайын артып келеді, жыл сайын жолаушылар жүріп өту қарқыны да өсіп отырады.
Мұндай қарқынды халықаралық байланыстар кезінде импортталатын жұқтырылған (инкубациялық кезеңде) немесе ауырып шыққан жануарлармен, жұқтырылған күйінде сойылған жануар ұшаларымен, сондай-ақ азықтармен (фуражбен), ұрықпен, тері шикізаттарымен, субөнімдермен сондай-ақ, жануар және өсімдік текті өнімдермен аса қауіпті ауру қоздырушыларының енгізілу қауіпі болады. Қазіргі уақытта ет пен мал шаруашылық өнімдері әлемнің көптеген елдерінен импортталынып әкелінеді, осы кездері импортталатын өнімдер еліміздің барлық дерлік өңірлеріне келіп түсіп отырады.
Ауылшаруашылық, зообақтық, жабайы жануарлар мен құстардың, жануар текті өнімдер мен шикізаттардың импортын бақылау жұмыстарын шекаралық бақылаушы ветеринариялық бекет қызметкерлері жүргізеді.
Шекаралық бақылаушы ветеринариялық бекет қызметкерлері шет елден енгіңзілетін ірі жануарларды клиникалық қарап зерттеп, әрқайсысын термометриялайды және бекте басшысының нұсқауы бойынша ұсақ жануарларды таңдап термометриялайды, ал қажет болған кездері – тиісті зертханалық зерттеулер жүргізеді.
Инфекциялық аурулар мен өзге аурулардан сау елдерден импортталып әкелінген және таңба белгісі мен тиісті сертификаты бар тері шикізаттары мен жүндер біздің елге жеткізілгеннен кейін сақтау және қайта өңдеу үшін шектеусіз бағытталып жөнелтіледі.
Жолаушылардың жануарлар мен құстарды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды шет елдерден біздің елімізге тасымалдап немесе арнайы жөнелту жабдықтарымен жеткізуі кездерінде жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулар бойынша саулығын растайтын сертификаттар бар-жоқтығы тексеріледі. Қол жүгі ретінде тасымалданып әкелінетін жануар текті өнімдер қарап зерттеу өткізген ветеринар дәрігерінің рұқсатымен ветеринариялық сертификатсыз-ақ жіберіле алады.
Жоғарыда аталған факторлардан көретініміз импортталатын жануарларды, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды шекаралық бақылаушы ветеринариялық бекет қызметкерлерінің бақылауы жеткізуші елдің мемлекеттік ветеринариялық қызметінің өз міндеттерін қатаң орындауға келіп тірелетінін көрсетеді.
Алайда, жоғарыда аталғандардың көбі жануарлар мен жануар текті малшаруашылығы өнімдері мен шикізаттары біздің елімізге ресми түрде кедендік бақылау арқылы өту жағдайларына қатысты мәлімет екенін есте ұстауымыз керек. Біздің ел тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарған сайын шекаралас өңірлердің және өзге өңірлердің тұрғындары үй жануарларын өсіруге қаржылай қорларын сала бастады әрі көп мөлшерде көршілес елдерден жануар бастары сатылып алына бастады. Шекаралас өңірлерден контрабандалық жануарлар мен малшаруашылығы өнімдері елдің өзге аудандарына енгізіліп жататыны да шындық. Контрабандалық ену кезінде енгізілетін жануарларды және малшаруашылығы өнімдерін ветеринариялық бақылау өткізілмейді.
Сонымен, соңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағына аса қауіпті аурулар енуінің негізгі жолы жануарлар мен малшаруашылығы өнімдерінің контрабандалық жолдармен енуі болып отыр.
Шошқалардың классикалық обасы жоғары контагиоздық ауру ретінде ветеринария мамандарының назарын өзіне ерекше бұратыны белгілі. Ауру қоздырушысы қоршаған ортаның барлық дерлік нысандарын ластайды (контаминациялайды) деуге болады.
Қазақстан аумағында ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғынан бастап спорадиялық сипат алады, әдетте, ел аумағына көршілес орналасқан елдерден енгізіледі. Сондықтан шошқалардың классикалық обасын республика аумағына енгізу қауіпі үлкен практикалық маңызға ие.
Қазіргі уақытта қолданыс тапқан белсенді экспорттық-импорттық ынтамақтастықтар кезінде елге импортталатын жануарлармен, ауылшаруашылығы өнімдерімен ауру қоздырушыларының ену қауіпі түріндегі шынайы қауіптің зор екенін ұмытпауымыз керек.
Эпизоотиялық тұрғыдан алғанда республикамыздың көршілес елдермен қатынастық жағдайы күрделі болып отыр. Қазақстанмен құрлық аралық шекаралары бар елдер ішінде соңғы екі жылда шошқаның классикалық обасы бойынша екі ел сау емес деп танылған, олар: Қытай мен Ресей.
Ал, алыс шекаралас емес елдер мен таяу шығыс елдері (Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайланд) шошқалардың классикалық обасы бойынша стационарлық сау емес елдер болып табылады.
Сонымен, шошқалардың классикалық обасының ену қауіпі бойынша көршілес, республика периметрінде орналасқан аса қауіпті деп танылған елдер: Қытай, Ресей.
Потенциалды қауіп төндіретін қосымша фактор республикаға нашар бақыланатын жеке кәсіпкерлердің жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын енгізуі болып табылады. Мұндай тауарлар тасымалдау, сақтау, қоймаларда антисанитариялық жағдайларда ұстау барысында ластана (контаминирлене) алады.
Жеке-жеке алғанда мұндай тауар партиялары айтарлықтай эпизоотиялық қауіп төндірмегендігімен, бәрі қосылғанда айтарлықтай қауіп төндіреді, себебі аталған тауарлардың көлемі біршама үлкен. БАҚ деректері бойынша Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп тауарларына деген сұранысын ұсақ көтермелеу саудасы есебінен 50% өтеледі, осы кезде негізгі тауар жеткізушілері ретінде танылатындары шошқалардың классикалық обасы бойынша сау емес елдер: Қытай, Ресей, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Таиланд.
Шошқалардың классикалық обасы бойынша эпизоотиялық ахуалға айтарлықтай әсерін тигізеді деуге келетін келесі фактор: шекара маңындағы сауда-саттық пен тұрғындар миграциясы.
Айтарлықтай қарқынды шекара маңы сауда-саттығы оңтүстік-шығыс өңірде шошқалардың классикалық обасы бойынша сау емес елдер Қытай және Қырғыз Республикасымен өткізіледі. Осы кезде ел аумағына ірі қара мал мен ұсақ қара малдың жас малдарын, шошқалардың, сондай-ақ экзотикалық жануарлардың контрабандалық жолмен енгізу оқиғаларын жоққа шығаруға болмайды, бұл республика аумағына шошқалардың классикалық обасы енгізілу қауіпін айтарлықтай жоғарылата түседі.
Орталық Азия елдеріндегі күрделі экономикалық жағдай мен осы елдердегі тұрғындар өмірінің төменгі экономикалық деңгейде болуы миграциялаушы тұрғындардың өздерімен (кейде көп көлемде) тағам өнімдерін (соның ішінде жануар текті өнімдерді) тасымалдап әкелетінінде, ал олар шошқалардың классикалық обасына қатысты потенциалды қауіпі екендігі белгілі.
Эпизоотиялық үдеріс қарқындылығына және ел аумағы бойынша аурудың таралу жылдамдығына әсерін тигізетін факторға кв. км шаққандағы сезімтал жануарлардың орналасу тығыздығы болып табылады. Ел аумағы, сонымен қатар тұрғындардың орналасу тығыздығы (шаруашылық және миграциялық қызмет қарқындылығының жанама көрсеткіші ретінде) ескерілуі тиісті фактор. Мұндай заңдылықты бейнелеп көрсете алатын көрсеткіш (км2 шаққандағы адамдар саны) изодемиялық карталар. Республика аумағының тұрғындарға арналған изодемиялық карталары (адам./км2) мен шошқалардың классикалық обасына сезімтал жануарлар саны (шартты бас/км2) 35, 36 суреттерде келтірілген.
Келтірілген карталар республика аумағында тұрғындардың және шошқа бастарының біркелкі орналаспағандығын көрсетеді.
Шошқалардың классикалық обасы аудан көлемі бірлігіне шаққанда сезімтал жануарлар тығыз орналасқан өңірлер үшін аса қауіп төндіретіні белгілі. Мұндай өңірлерге жататындары: Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Алматы, Шығыс-Қазақстан облыстары.
Осы өңірлер ішінде аса қауіпті деп танылатындары шошқалардың классикалық обасы бойынша Қытай Халық Республикасымен шекараласатын Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстары. Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстары шошқалардың классикалық обасы бойынша Ресей Федерациясының шошқалардың классикалық обасы бойынша эндемиялық аумақтарымен шектеседі де қауіпті аймақтарға жатады.
Ақмола және Қарағанды облыстары тікелей ошақтардан алыс болса да қауіптіліктің екінші тобына жатады, себебі олардың аумақтарында сезімтал жануарлардың, тұрғындардың орналасу тығыздығының жоғары шамалары мен ірі көлік тораптарының болуы байқалады. Аталған көрсеткіштерді зерттеу барысында адамдар тұруына қатысты республика бойынша орташа көрсеткіш (адам/км2) 5,8 адам/кв.км құрайды. Осы кезде тұрғындар тығыздығы Маңғыстау облысындағы 1,6 дан Оңтүстік Қазақстан облысындағы 15,2 шамаға дейін ауытқиды.
35 – сурет Облыстар бойынша (n=14) – тұрғындар саны (адам/кв.км) құрауындағы Қазақстан Республикасының изодемиялық картасы. Республика бойынша орташа көрсеткіш – 5,8 адам/кв.км.
36 − сурет Облыстар бойынша (n=14) - Қазақстан Республикасының изодемиялық картасы, сезімтал жануарлар (ІҚМ, қой-ешкі, жылқы, шошқа бастары/кв.км.). Республика бойынша орташа көрсеткіш – 8,6 бас/кв.км.
Республика бойынша сезімтал жануарлардың орташа көрсеткіші 8,6 бас/ км2 (ІҚМ, қой-ешкі, жылқы, шошқа) құрады. Изодемиялық карта мәліметтерінен көретініміз республика аумағының шошқалардың класикалық обасына сезімтал жануар бастарына қатысты орташа көрсеткіші республика бойынша 0,5 бас/км2 құрады.
Инфекциялардың ықтималды тасымалдаушыларының тәртіпке келтірілген тізімі мен шошқалардың классикалық обасының республика аумағына ену мүмкіндігіне әкеліп соғатын қоздырушылардың жұқтырылу факторларының ықтималды тізімі 25 кестеде келтірілген.
Аталған мәселені тереңірек талдау үшін эпизоотолог, вирусолог мамандарына сауалнама жүргізіліп нәтижелерін кейіннен статистикалық өңдеп, сандық коэффициенттері шығарылды. Осы мақсатта Ауылшаруашылығы Министрлігі, «МРҰО» ММ, облыстық аумақтық ветеринариялық инспекция мамандарын, мемлекеттік ветеринариялық инспекторларды (тыңдаушыларды) С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде сауалнамадан өткізу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен, 25 кестеде келтірілген Қазақстан Республикасы аумағына шошқалардың классикалық обасы ауруының ену ықтималдығы бар делінген 19 басты жұқтырылу факторлары ішінде біздің пікірімізше негізгілері болып, алғашқы сегізі саналуы тиіс. Осы кезде шекаралас өңірлерде басты қауіп төндіретіні рұқсат етілмеген (заңсыз) жануарлар мен малшаруашылығы өнімдерінің импорты, ал шалғай өңірлерде басты қауіп елге, негізінен Азия елдерінен заңды түрде көп көлемде импортталатын ет өнімдері мен туристермен/мигранттармен әкелінетін тағам өнімдері саналады.
Осы кезде нақтылы экспорттық-импорттық операцияларын талдау кезінде мүмкін болатын шошқалардың классикалық обасы енуінің тікелей салдары емес республикаға шошқалардың классикалық обасы енуінің гипотезалық ену мүмкіндігі салдарынан келтірілетін қолайсыз кесірін болдырмау мүмкіндігі қарастырылады.
Қазақстан Республикасы аумағына шошқалардың классикалық обасы ену қауіпін пайымды түрде сапалық тұрғыдан талдау нәтижелері 26 кестеде келтіріліп, келесі мән-жайға келіп саяды:
а) Қазақстан Республикасы аумағына шошқалардың классикалық обасы ену қауіпі: «бар»;
б) қолайсыз сценарий даму ықтималдығы елдің әр өңірлері үшін әртүрлі өтуі мүмкін; ол «айқын түрдегіден» - (#); «айтарлықтай емес түрдегіге» - (-) дейін бола алады.
в) елдің әр өңірлеріндегі превентивтік шаралар өз қарқындылығы мен бағытталымы бойынша ерекшеленулері керек.
Аса қауіпті жағдай елдің солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде байқалады. Орталық Қазақстанның өзге бөліктері шошқалардың классикалық обасы ену қауііпіне бейім болғанымен, сезімтал жануарлардың аз тығыздықта болуына, ауылшаруашылық жер телімдерінің шашыраңқы болуына, шаруашылық байланыстардың төменгі қарқындылықта болуына орай бірінші топ өңірлерімен салыстырғанда аса қауіпті деуге келмейді. Оңтүстік және батыс өңірлер ШКО бойынша сау емес елдерден алыс орналасқанымен қарқынды көлік байланыстарының орнауына, қайта өңдеу мекемелерінің көп болуына, сауда-экономикалық байланыстардың көптігіне байланысты қауіпті өңірге жатқызылады.
25 –кесте Қазақстан Республикасы аумағына шошқалардың класикалық обасы қоздырушысының ықтималды ену жолдары
№ | Ену жолдары мен ықтималды ену себептері (қоздырушы көздері мен жұқтырылу факторлары) | Шартты коэффициент |
Жануарлардың бейресми импорты | ||
Малшаруашылығы өнімдердің бейресми импорты | ||
Ет өнімдерінің ресми импорты | ||
Туристтердің/мигранттардың тағам өнімдері | ||
Малшаруашылығы өнімдердің ресми импорты | ||
Жануарлар мен малшаруашылығы өнімдерін тасымалдаушы автокөклік (өзге көлік түрлері) | ||
Шекаралас аймақтағы табиғи таралым | ||
Кәсіпорындардың қоздырушыларды техногенді жолмен таратуы | ||
Азықтар мен фураж | ||
Теміржол жолаушылар құрамы борттарының қалдықтары | ||
Ұшақ борттарының қалдықтары | ||
Термоөңдеуден өткен қиылысымды-контаминирленген өнімдер | ||
Өзге автокөклік, соның ішінде. автотуристер | ||
Жабайы жануарлар | ||
Ресми импортталатын жануарлар | ||
Аэрогендік таралу жолы | ||
Қиылысымды-контаминирленген а/ш емес тауарлары | ||
Контаминирленген тыстама материалдары мен қорап, ыдыстар | 0,5 | |
Биотерроризм | 0,5 | |
Барлық факторлар |
Шошқалардың классикалық обасының қазақстан аумакғына келтірітін қауіпін төмендетуге қатысты телімді емес профилактикалау шараларына келер болсақ басты делінген міндеттер ретінде мыналарды атауымыз керек:
- көршілес (шошқалардың классикалық обасынан сау емес) елдерден республика аумағына жануарлар мен малшаруашылығы өнімдерін, жануар текті өнімдерді, шикізаттарды, азық-түліктерді шекарадан өтетін адамдардың алып өтуін болдырмау үшін, әсіресе шекарадан өтуі жеңілдетілген елдерден (Оңтүстік және шығыс өңірлер) әкелуін болдырмау үшін кедендік шараларды қатаңдату;
- етөнімдерінің импортын аурудан сау елдерден жасау, ветеринария саласында өкілеттігі бар органның өңдеу мекемелерінде біріншілік өңдеуімен өткізу керек;
- малшаруашылығы өнімдерін термиялық өңдеуден соң барып, мүмкіндігінше ШКО сау елдерден ала отырып, импорттау;
- дезинфекциялайтын бекттердің, импортталатын ауылшаруашылық өнімдерімен, тағам өнімдерімен қатысы бар барлық қоймалардың, тоңазыту- және еткомбинаттарының жұмыстарын жөнге келтіру;
- орталықтандырылған тәртіпте қоздырушының бар-жоғына, оларға антиденелер бар-жоғына таңдамалы тұрғыдан сараптама және зерттеу жүргізу амалдарын өткізу;
- ауылшаруашылық өнімдерінің импортталуын импорттаушы-фирмалардың импорттауына рұқсат беру мүмкіндігін жасайтын және статусы мен импорттаушы-елдің эпизоотологиялық ахуалын растайтын стандартты сауалнама құру;
- азықтарды, фуражды, дәнді азықтарды тек шошқалардың классикалық обасынан сау елдерден енгізу және ветеринариядағы өкілетті орган айқындап көрсеткен тәртіпте қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелту жұмыстарын жүргізу;
- көліктегі ветеринариялық қызмет көліктерде қалатын қалдықтарды өтелдеп жою ісін қатаң бақылауға алу, мұндай қалдықтарды жануарлар азығы ретінде пайдалануға жол бермеуді бақылауға алуы тиіс.
Жоғарыда аталғанды қорытындылай келе Қазақстан Республикасы аумағына шошқалардың класикалық обасының ең ықтималды жолдары мынандай деуге болады:
- жануарлар мен малшаруашылығы өнімдерін импорттау;
- жабайы жануарлар мен құстардың миграциясы;
- көршілес мемлекеттерден басым жел бағыттары есебінен ауа ағыстарының байқалуы;
- шекаралас және көршілес елдерден бастау алатын өзен сулары.
- Қауіптілікті талдау заманауи эпизоотология қоржынындағы сенімді құрал деуге болады. Еліміздің Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына ену талпынысын ескере отырып аталған әдістің алатын орнының ерекшелене түсетінін естен шығармауымыз керек. Аталған ұйымның талаптары бойынша экспорттық-импорттық операциялар жайындағы шешімдер дәйектелінген әрі тиісті түрде толтырылған болулары керек, ал келісімнен дәйектелінбеген түрдегі бас тартулар айыппұл төлеуі түрінде жазаланатын болады. Тиісінше, қауіптілікті бағалаудың сапалық, жартылай сандық және сандық әдістерін пайдалану қабылданған шешімді ұстану мүмкіндігін жасап, елдің эпизоотиялық саулығын.
26 – кесте Қазақстан Республикасы аумағына шошқалардың классикалық обасының ену қауіпі
№ | Өңірлер м ен олардың изодемиялық сипаттамасы Сезімтал жануарлар (шартты.бас)//тұрғындар (адам.км2) | Негізгі қолайсыз факторлар | қауіптілігі | Қауіптілікті редукциялауға бағытталған профилактикалық шаралар | |
Оңтүстік өңір Алматы облыты15,4// 0,79//6,1 Оңтүстік-Қазақстан обл. 30,8//0,26//15,2 Жамбыл обл. 15,1// 0,27 //6,0 Қызылорда обл. 4,1//0,01//2,5 | -эндемиялық аймақпен құрлық арқылы шекаралар болуы; -қарқынды транспорттық және шаруашылық байланыстар; -жануар бастары мен тұрғындардың жоғары тығыздылығы; -қарқынды шекаралық сауда-саттық пен миграция; -ірі сауда-саттық-транспорттық орталықтар; -«шекараның ашықтығы» | # | - жануарлардың, азықтардың т.б. қозғалысын бақылау; -нарықты бақылау; ауру орын алған жағдайда барлық сезімтал жануарларды тұтасымен вакцинациялау; | ||
Орталық Қазақстан Қарағанды обл. 2,8//0,29//2,7 | - потенциалды қауіпті аумақпен құрлық арқылы шекаралар болуы; -тауарларды, жүктер мен жолаушыларды қарқынды бақылау | + + + | -таңдалған аудандарды вакцинациялау; - жануарлардың, азықтардың т.б. қозғалысын бақылау; | ||
Солтүстік өңір Ақмола обл. 4,9//1,21//4,4 Қостанай обл. 4,3//1,16//4,0 Солтүстік-Қазақстан обл. 5,4//1,67//5,3 | - тауарларды, жүктер мен жолаушыларды қарқынды бақылау; -ірі сауда саттық-транспорттық орталықтар; -импорттық өнімдерге деген жоғары сұраныс | + ++ | -етөнімдері әкелінуін бақылауға алу; -етөнімдері қалдықтарын қайта өңдеу; - жануарлар қозғалысын бақылау; | ||
Батыс өңір Ақтөбе обл. 4,1//0,22//1,8 БҚО 6,4//0,14//3,2 Атырау обл. 5,0//0,01//3,0 Маңғыстау 2,5// 0,002 //1,6 | - импорттық өнімдерге деген жоғары сұраныс; - ірі сауда саттық-транспорттық орталықтар; -тұрғындардың қарқынды миграциясы | + | - жануарлардың, азықтардың т.б. қозғалысын бақылау; - нарықты бақылау; | ||
26 кестенің жалғасы | |||||
Қазақстан Республикасы 8,6//0,5//5,8 | + + + | -5 аса қауіпті өңірлердегі серомониторинг | |||
Мұнымен қатар, еліміздің орасан зор ауқымды екендігін, соған орай жекелеген өңірлердің эпизоотиялық ахуалына қатысты алуан түрлілігін ескере келе, аталған әдістің ел ішінде де табысты түрде пайдаланылатынына сенім білдіруіміз керек. Бұрындары аталғанындай қауіптілікті талдау жұмыстарын талдау ветеринариядағы өкілетті органның қарамағындағы сараптама тобымен өткізіліп, әр келісім-шартты және импорттау субьектін қарастыруы керек.
4.3.1 Қазақстан Республикасы аумағына аусылдың ену қауіпін талдау
Қауіптілікті талдау – жақсы құрастырылған және әдетте сандық қарекет, оны қазіргі уақытта халықаралық байланыстардан бастап инженерлік іске дейінгі көптеген салалар кеңінен пайдаланады.
Бастапқыда қауіптілікті талдау авиация мен аэрокосмостық индустриялардың қажеттіліктеріне орай қымбат тұратын ұшу аппараттарын ұшыру кезіндегі кемшіліктерді түсініп, бағалау үшін жасалынған болатын (Detal et al., 1989; Osborne et а1., 1995). Кейіннен бұл әдісті экономистер табысты түрде ел ішіндегі және халықаралық операциялар кезіндегі қаржылық операцияларды бағалау үшін пайдалана бастады.
Мұнан кейін қауіптілікті талдау ісі медициналық және биологиялық ғылымдарда пайдаланыла бастады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының соңында - 70–ші жылдарының басында қауіптіліті талдау негізіндегі қалыптасқан амал денсаулық сақтау саласында, ең алдымен адам организміне уыттық элементтердің, радиацияның, зиянды әдеттердің («темекі шегу, арақ ішу т.б.), кәсіби қауіптілік факторларының (вибрация, стресс) әсерін зерттеп, бағалау үшін пайдаланыла бастады.
Ветеринарияда қауіптілікті талдау 20 жылдан бері пайдаланылып келеді. Бастапқыда бұл әдісті контаминацияланған, яғни ластанған өнімдердің (ең алдымен экзотикалық қоздырушылармен контаминацияланған) сау деп танылған елдерге, өңірлерге импортталуына, сонымен қатар, тұтынушылардың тағам тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, контаминацияланған өнімдердің сатылуына жол бермеу мақсатында пайдаланыла бастады. Осы контексте қауіптілікті талдау түбегейлі қарастырылып, талқыланған болды, оны ең алдымен ерекше географиялық жағдайда болатын және жануарлардың бірқатар инфекциялық ауруларынан сау елдер (Жаңа Зеландия, Австралия, Скандинавия елдері, Ұлыбритания, АҚШ, Канада) қабылдады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының орта тұсында қауіптілікті талдау бойынша талаптар тарифтар бойынша сауда-саттық басты келісіміне (GАТТ) және Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) талаптарына енгізілді.
Аталған талаптар ветеринария саласы қызметінің бақылауына түсетін биологиялық объекттер мен субъекттердің қозғалысын осы қауіптілікпен байланысты талдаудың ғылыми негізінде реттелетінін білдіреді. Халықаралық эпизоотиялық бюроны (ХЭБ) БСҰ тірі жануарларға, сондай-ақ малошаруашылығы өнімдеріне қатысты қауіптілік талдауын бағалау ісін жүргізетін біріншілік ұйым ретінде таныды (О1Е, 1996).
Соңғы жылдары қауіптілікті талдау ветеринарияда нақтылы қауіптілікті бағалау үшін ғана емес, нақтылы мәселеге қатысты біздің біліміміздің тапшылық ететі жайлы да кеңінен талқылана бастады. Оны бастапқыда өзіне тән емес тәрізді міндеттерді шешу үшін пайдалана бастады: вакциналар қауіпсіздігін бағалау, жекелеген елдер мен өңірлерге ауруларды ендіру қауіпін бағалау, ветеринарлық препараттардың қоршаған ортаға әсері (Vannier, 1997; Moutou et.al. 2000; Mac Diarmid, 1991, 1999; Morley, 1993).
Ал, 1999 жылы бірқатар авторлар ветеринариядағы қауіптілікті талдау ісін эпизоотологиямен байланысты емес, дегенмен эпизоотологиялық зерттеулерді және бақылауларды ("Risk anal«sys for veterinary biologics" – АҚШ үкіметінің басылымы, www.ashis.gov) пайдаланатын жеке пән ретінде қарастыруды ұсынды немесе бұл ұғымды «аналитикалық эпизоотология» тәрізді дефиницияға енгізеді (Макаров В.В., Сухарев О.И.,2001).
Аусыл жоғары контагиозды ауру ретінде ветеринария мамандарының ерекше назарында болады. Қазақстан аумағында бұл ауру ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының соңынан бастап спорадиялық сипатта өтеді, әдетте ел аумағына көршілес елдерден ендіріледі. Сол себептен аусыл ауруын республика аумағына енгізу қауіпіне қатысты сұрақ практикалық сипат алады. Біздің жағдайымызда қауіптілікті талдауға қатысты басты сұрақты келесі түрде құрауға болады: «Қазақстан аумағына аусыл ауруын ендіру қауіпі бар ма?»
Бұл сұраққа берілетін жауап күмән тудырмайды: «Қазақстан аумағына аусыл ауруын ендіру қауіпі бар».
Қауіпті идентификациялау. Анықтамаға сәйкес аусыл жоғары контагиозды ауруға жатады, оның қоздырушысы қоршаған ортаның барлық дерлік нысандарында контаминациялайды (ластай алады).
Сауда-экономикалық қатынастардың дамуына және жануар, өсімдік текті өнімдердің импортталуының артуына орай ел аумағына импортталатын ауылшаруашылығы өнімдерімен және жануарлармен ауру қоздырушысының ендірілу қауіпі шын мәнінде бірнеше есеге артып отыр.
Эпизоотиялық тұрғыдан алғанда көршелес елдермен қатынас күрделі болып отыр. Қазақстанмен құрлықтық шекаралары бар 5 елдің 3-і соңғы жылдары ауыслдан сау емес деп танылған: Қырғызстан 2007 жылы сау емес деп танылды (О типі), Қытай 2007 ж. (Азия-1 тип), Ресей 2005 ж. (О типі).
Бұдан шалғайлау өңірлер, Таяу Шығыс елдері (Түркия, Иран), стационарлы тұрғыда 2-3 типтік аусылдан сау емес (А-О-Азия-1). Алыс орналасқан өңір елдері (Үндістан, Пәкістан) ВСЛ (Пербрайт, Ұлыбритания) сарапшыларының пікірінше аусылдан стационарлық сау емес деп танылған.
Өзбекстан елін ерекше атап кеткен жөн, бұл ел ресми құжаттарда ел аумағы 1990 жылдан бері аусылдан сау деп дәлелдеу үстінде. Ресейдің Владимир қ. ВНИИЗЖ мамандарының бақылауынша және бейресми ақпараттар бұл елдің аумағында аусыл эндемиялы.
Моңғолия аусылдан 2000-2001 жж. сау емес деп танылған, айта кетері ел аумағында эпизоотияның айтарлықтай төмендеуі байқалмауда, керісінше, елдің Сухэбатор, Селенга сынды шығыс өңірлерінен ауру Ресей шекарасына бағытталып таралу үстінде.
Қытай мен КХДР аусыл бойынша ресми ақпараттар жоқтың қасы, дегенмен бейресми ақпараттар аталған елдерде аусылдың эндемиялықтығы жайында мәлімдейді. Сонымен қатар, бұл елдердің профилактикалау үшін тірі аттенуирленген вакцина қолданатыны белгілі. ХЭБ сарапшыларының пікірінше, мұнда вакцина Қытайда сондай-ақ КХДР аусыл бойынша стационарлық сау еместілікті ықпалдай түсетіні ащы шындық.
Сонымен, аусыл ендірілуіне қатысты аса қауіпті саналатын Қазақстан Республикасы периметрінде орналасқан елдер ретінде Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейді атауға болады.
Тағы потенциалды қауіп факторы ретінде республикаға нашар бақыланатын жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жеке кәсіпкерлердің жеткізуін жатқызу керек. Мұндай тауарлар антисанитариялық жағдайларда тасымалдау, сақтау, қоймаларға қою, үйіп жинау барысында ластануы (контаминациялануы) ықтимал. Жеке-жеке алып қарасақ мұндай партиялар эпизоотиялық қауіп төндірмейтіндей болып көрінгенімен, бәрі қосыла келгенде ел үшін қауіп айтарлықтай болып шығады, себебі мұндай тауарлардың үлесі зор. БАҚ мәліметтері бойынша Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп тауарларына деген сұранысы ұсақ саудагаерлер есебінен 60% өтеледі, басты тауар жеткізуші елдер қатарында аусылдан сау емес Қытай мен Түркия бар.
Аусыл бойынша эпизоотиялық ахуалға айтарлықтай әсерін тигізетін тағы бір фактор шекара маңындағы сауда-саттық пен тұрғындар миграциясы.
Шекара маңындағы аса қызу сауда-саттық аусылдан сау емес Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан елдерімен оңтүстік-шығыс өңірде жүргізілетінін атап кеткен жөн. Осы кезде Қазақстан аумағына ірі қара мал мен ұсақ малдардың, сондай-ақ экзотикалық жануарлардың контрабандалық жолмен енгізілуі әбден мүмкін, ал бұл ел аумағына аусыл ауруының енгізілу қауіпін арттыра түсетіні белгілі.
Орталық Азия елдеріндегі күрделі экономикалық жағдай мен тұрғындар өмірінің төменгі экономикалық деңгейі миграцияланушы тұрғындардың өздерімен (көбіне көп мөлшерде) аусылдан потенциалды қауіп төндіретін өңірлерден тағам өнімдерін алып (оның ішінде жануар текті) өтуге мәжбүрлейді.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 2230;