ТАРАУ ЭПИЗООТОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ
Мониторинг – аурудың преваленттілігі кезінде инциденттілікті айқындау/өзгерту негізінде барынша ерте анықтау мақсатын көздейтін үнемі өткізіліп отыратын жоспарлы зерттеулер бағдарламасы.
Эпизоотологиялық мониторингті инфекциялық ауру туралы деректерді үздіксіз жинау, материалдарды талдау және пайыымдау және қорытылып, пайымдалған материалдарды тарату жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Эпизоотологиялық мониторинг инфекциялық аурулармен күресу бойынша шараларды тиімді жоспарлау мен өткізудің және оның тиімділігін бағлаудың негізі ретінде қарастыру керек. Ол себептерді анықтап, аталған өзгерістердің эпизоотиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарын бақылау мүмкіндігін береді, эпизоотияға қарсы шаралардың кешенділігін және жылдам түзетілуін қамтамасыз етеді, кезеңді түрдегі болжамдар құру мүмкіндігін береді.
Осыған орай эпизоотологиялық мониторинглеу жүйесін кезеңімен өткізілетін шаралар легі ретінде қарастыруға болады:
- орындарда бақылау, ақпараттар жинау және тіркеу;
- ақпараттарды кезеңімен «тігінен алғандағы» принципінде, яғни төменгі тізбектерден жоғарғы тұрған тізбектерге жеткізіп отыру;
- «көлбеу бағытта» ақпарат алмасу, яғни аудан, облыс, республика, сондай-ақ көршілес елдердің ветеринариялық қызметтері арасында қызығушылық танытатын ведомстволары мен мекемелері арасында ақпарат алмасу;
- аудан, облыс, республика т.с.с. әр деңгейге тән бағдарламалар бойынша эпизоотологиялық талдау және деректерді бағалау;
- эпизоотиялық ахуалды бағалау;
- басқарымдық шешімдерді құрастыру, «кері байланыс» немесе «жоғарыдан төменге», яғни ветеринариялық қызметтің жоғарғы тізбектерінен төменгі тізбектеріне принципінде өткізілетін шараларға түзетулер енгізу тұрғысында ұсынымдамалар табыстау;
- ветеринариядағы болжамдар мен талдау жұмыстарын құрастыру.
Кез-келген инфекциялық ауруды эпизоотологиялық мониторинглеу жүйесі келесі алгоритм түрінде қызмет етеді: ақпараттар жинау – ақпараттарды беру және онымен алмасу – эпизоотиялық талдау (ретроспективті және оперативті) – болжамидар құру және басқару сипатындағы шешімдер қабылдау (инфекциямен күресудің стратегиясы мен тактикасы) – бағалау, қажет болған кездері өткізілген профилактикалық және эпизоотияға қарсы өткізілген шаралар кешеніне түзетулер енгізу.
Эпизоотологиялық мониторинглеудің мақсаты – басқарымдық шешімдер қабылдау кезінде ақпараттық бейқамдылықты минимумға жеткізу.
Осыған орай эпизоотологиялық мониторинглеудің міндеттері айқындалады:
- инфекциялық аурулардың (аурудың) масштабын, таралу сипатын және әлеуметтік-экономикалық маңызын айқындау;
- өзіндік заңдылықтарды (тенденцияларды) айқындау және аурудың уақыт аралығынан алғандағы эпизоотиялық үдерісі динамикасының қарқынын бағалау;
- ауылшаруашылық жануарларының инфекциялық аурулары бойынша нақтылы және потенциалды сау еместілігі дәрежесін ескере отырып аумақты аудандарға бөлу;
- өмірлерінің өндірістік немесе өзге шарттарына байланысты ауруға шалдығудың жоғары тәуекеліне бейімді жануар топтарын немесе түрлерін айқындау;
- аурудың эпизоотиялық үдерісі байқалуының бой алып отырған сипатын анықтайтын себептер мен шарттарды айқындау;
- профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралардың тиімді жүйелерін анықтау, кезеңділіктері мен жүзеге асыру мерзімін жоспарлау;
- жүргізіліп отыратын профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралардың масштабын, сапасы мен тиімділігін оларды түзетілімдеу мақсатында анықтау;
- эпизоотиялық жағдайлардың кезеңдік болжамдарын құру.
Эпизоотологиялық мониторинг арнайы кешендік-мақсаттық бағдарламалар бойынша жүргізіледі, онда мақсаты, міндеттері, ұйымдастырылымдық құрылымы, мазмұны мен мониторинглеу ісін жүзеге асыру тәртібі белгіленіп көрсетіледі.
Эпизоотологиялық мониторинглеудің кешендік-мақсаттық бағдарламалары үш өзара байланысқан дербес бөлімдерден тұрады: ақпараттық-аналитикалық, диагностикалық және басқарымдық.
Ақпараттық-аналитикалық бөлім негізгі деп танылады. Оның аясында инфекциялық үдеріс бой алуының барлық түрлерін есепке алу және тіркеуге алу жұмыстары жасалынады, сонымен қатар тасымалдаушылдығы динамикасын, ауруға шалдығуын, өлім-жітімге ұшырату динамикасын бақылауға алу жұмыстары өткізіледі.
Диагностикалық бөлімнің басты мақсаты инфекцияның эпизоотиялық ерекшеліктері туралы шынайы мәліметтер алу. Осы мәселенің шешімін табу тура және ретроспективтік диагностикалау, кейіннен ретроспективті талдау әдістерінің көмегімен өткізіледі.
Ретроспективтік талдау өткізілуі кезінде келесі міндеттер шешіледі:
- осы жердегі жануарлар арасындағы инфекциялық патологиялар құрылымындағы осы нозологиялық түрдің орны, зерттеуге алынған уақыт аралығындағы оның әлеуметтік-экономикалық маңызы айқындалады;
- зерттеллініп отырған эпизоотиялық үдерістің динамикасындағы заңдылықтарды айқындайды, атап айтқанда: аумақ бойынша және таңдалынып алынған кезең ішіндегі (бірнеше жыл, 1 жыл, айлар) динамикалық тенденцияларды, қарқындылығын және сипатын есептейді;
- осы аумақта эпизоотиялық үдерістің ағымына ең көп әсерін тигізетін табиғи және әлеуметтік факторларды ескереді, осы кезде өткізіліп отыратын профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралардың зерттеу кезеңі ішіндегі көлемі мен тиімділігін анықтайды.
Кешендік-мақсаттық бағдарламалардың тағы бір құрамдас бөлігі микробиологиялық және серологиялық, яғни – қоздырушының биологиялық қасиеттерін барлап зерттеу болып табылады.
Микробиологиялық бақылау инфекция қоздырушысының молекулярлық-генетикалық қасиеттерін (вируленттілік, токсигенділік, ферментативтік белсенділік, серотиптік сипаты, қоршаған ортадағы төзімділігі т.с.с.) бақылауға алуды білдіреді.
Серологиялық мониторинг (жасырын ағымда өтетін эпизоотиялық үдерісті бақылауға алу) ауылшаруашылығы жануарларын, құстарда қоздырушыларға телімді антиденелер болуына зщерттеуді қарастырады.
Кешендік-мақсаттық бағдарламалардың диагностикалық жүйе бөлігіндегі маңызды бір бөлім эпизоотия алды диагностикалау жұмысын өткізу, яғни сау және ауру, норма және патология ара-жігіндегі жануар организмінің жай-күйін зерттеу болып саналады.
Эпизоотология алды диагностикасы эпизоотиялық жағдайдың ықтимал делінген асқынуының алдыңғы белгілерін, алғы шарттарын анықтауды білдіреді. Алғышарттар ұғымына эпизоотиялық үдерістегі паризатарлық жүйенің құрамдас бөліктерінің өзара байланысына, қарым-қатынасына қатысты үдерістергше тиісінше паразит, тасымладаушы немесе иесінің популяцияларының құрылымдарын түрлендіріп, жұқтырылу механизмдерінің белсене түсуіне әкеліп соғатын табиғи және әлеуметтік құбылыстар кіреді.
Басқарымдық бөлім – эпизоотологиялық мониторинглеудің кешендік-мақсаттық бағдарламаларының үшінші жүйе бөлігі. Басқару функцияларын ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті атқарады. Ветеринария саласындағы өкілетті органнның басты функциялары ветеринариялық заңнамаларда көрсетілген.
Эпизоотологиялық мониторинг – эпизоотиялық жағдайды үздіксіз бақылау, оның нормадан және экстремалды ауытқуларын ерте анықтау, уақыт аралығы мен кеңістіктегі дамуын моделдеу мен болжамдау, жануарларды қорғау бойынша нұсқамалар варианттарын құрастырудың жүйесі.
Қазіргі уақытта эпизоотияға қарсы шаралардың оптималды жүйелерінің негізі эпизоотиялық үдерісті бақылау жүйесі екендігі еш күмән тудырмайды, ол өз алдына екі басты ұғымдарды біріктіреді – эпизоотологиялық мониторинг және эпизоотиялық үдерісті басқару. Эпизоотологиялық мониторинг жануарлардың инфекциялық аурулары кезінде эпизоотиялық үдерісті болжамдау кезінде маңызды фактор болып табылады, ол инфекциямен күресуге бағытталынған ветеринариялық-санитарлық шаралар кешенін уақтылы жоспарлап, жоғары тиімділікпен өткізу мүмкіндігін береді.
Қазақстан Республикасында жануарлардың аса қауіпті экзотикалық және зооантропонозды ауруларын эпизоотологиялық мониторинглеу ісі эпизоотиялық ахуалды бақылауға алу, бақылау және талдау жүйелеріне сүйене өткізіледі. Жануар аурулары туралы ақпараттарды үнемі кешенді түрде өңдеу жұмиыстарын Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігі құрамына кіретін мамандандырылған арнайы құрылымдар эпизоотияларды зерттеу, ерекшеліктері мен заңдылықтарын талдау, төтенше эпизоотиялық жағдайларды болдырмау, бір жерге шоғырландыру және жою жобалары мен бағдарламаларын құру түрінде өткізіледі.
Эпизоотологиялық мониторинглеу ісін ұйымдастырып, өткізетін органдар: Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігі – эпизоотологиялық мониторинг өткізу ісін ұйымдастыру орталығы. Оның басшылығында еліміздегі эпизоотиялық жағдайды үнемі бақылауында ұстау ісін жүргізетін қызметтер, агенттіктер мен мекемелер кешені жұмыс атқарады, олар бір мезгілде республикамыз бен шет елдердегі аса қауіпті зооантропонозды және экзотикалық аурулар бойынша ақпараттар таратушы негзгі көзі де болып табылады. Қазақстан мен өзге елдер аумақтарындағы аса қауіпті, экзотикалық және аз зерттелінген аурулардың эпизоотологиялары, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайы, әдістері мен ғылыми зерттеулері бойынша ақпараттар жинақтау және оларды жүйелендіру жұмыстары өткізіледі. Осындай ақпараттарды талдау және бағалау жұмыстары өткізіліп, эпизоотиялық жағдайдың моделдері, дамуына қатысты болжамдар, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінде бой ала қалатын төтенше жағдайларды болдырмау, жоюға қатысты шешімдер нұсқаларын құру жұмыстары жүргізіледі.
Ауруға шалдығу және өлімдер байқалуы оқиғаларын біріншілей есепке алу жұмыстарын ауылшаруашылық, жабайы жануарлар мен құстарды бақылауында ұстайтын мемлекеттік ветеринариялық қызмет мамандары жүргізеді. Олар табындар мен жануар популяцияларындағы эпизоотиялық ахуал бойынша ақпараттар береді, яғни алғашқы диагноздарды растайды. Әкімшілік аудандардың ветеринариялық зертханалары, ғылыми-зерттеу мекемелері зертханалық диагноздарды анықтап, жануарлардың инфекциялық ауруларына себеп болған этиологиялық факторды айқындайды.
Ветеринарияның облыстық басқармаларының күшімен эпизоотияға қарсы шаралар ұйымдастырылады. Аса қауіпті және экзотикалық аурулар байқалуына орай күрделі оқиғалар орын алған жағдайларда ошақтарды зерттеу және эпизоотологиялық диагноз қою жұмыстарын ҚР АШМ ғылыми-зерттеу мекемелерінің мамандарымен бірлесе отырып өткізеді.
Аса қауіпті, зооантропонозды, экзотикалық және аз зерттелінген ауруларды эпизоотологиялық мониторинглеудің басты тізбегі мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары, атап айтқанда «Ветеринариядағы Ұлттық референттік орталық» ММ болып табылады, олар мынандай басты функцияларды орындайды:
1. Ақпараттарды жинау, жүйелендіру және сақтау:
(а) еліміз бен әлемде төтенше эпизоотологиялық жағдайлардың пайда болулары, олардың сипаттамалары мен жою бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы барлық ақпараттарды жинау, жүйелендіру және сақтау;
(б) ағымды эпизоотиялық жағдай туралы біріншілік ақпараттар мен құжаттарды қабылдау оларды жүйелендіру және сақтау;
(в) төтенше эпизоотологиялық жағдайларды шоғырландыру және жою үшін қажетті ресурстар туралы ақпараттар жинау, жүйелендіру, сақтау және ұдайы жаңғыртып отыру.
2. Аналитикалық өңдеу және баға беру:
(а) ағымды эпизоотиялық ахуалды және бастапқы көрсеткіштердің жағдайын төтенше эпизоотиялық жағдай орын алуының алғышарттарын айқындау мақсатында жүйелі талдаудан өткізу; (б) ағымдық эпизоотиялық ахуалдың дамуын болжамдау; (в) эпизоотияға қарсы шаралар жүйесінде осал тізбектерді айқындау; (г) төтенше эпизоотологиялық жағдайларды (ұзақ мерзімдік, орта мерзімдік және оперативтік) және олардың салдарын (экологиялық және әлеуметтік-экономикалық) болжамдау.
3. Шешімдер қабылдануын ақпараттық тұрғыдан ықпалдау:
(а) сұраныстар бойынша құжаттарды, анықтамаларды, картографиялық және аналитикалық мәліметтерді оперативті түрде табыстап отыру; (б) оперативті түрде басқрушы органдарды болжамдалынатын төтенше эпизоотологиялық жағдайлар мен құрылған ұсыныстар туралы хабардар етіп отыру; (в)мәселе бойынша зерттеулерді ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан ықпалдап отыру.
Инфекциялық ауруларды тиімді түрде мониторинглеудің маңызды бөлігі вакцинацияланған жануарлар қанында вирусқа қарсы антиденелер деңгейін анықтау арқылы жоспарлы профилактикалық шаралар өткізілу тиімділігін анықтау болып табылады.
Эпизоотологиялық мониторинглеу жүйесінде жануарларда иммунитет қарқындылығын (поствакциналық иммунитет) зерттеу маңызды шара.
Эпизоотологиялық мониторинглеудің кешендік-мақсаттық бағдарламалары диагностикалық тармағының маңызды бөлігі микробиологиялық және серологиялық мониторинг, яғни қоздырушылардың биологиялық қасиеттерін бақылауда ұстау болып саналады.
Аталған көрсеткіштерді анықтау профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралар жүйесінің тиімділігі туралы ой қорыту, оларды жоспарлау мен жүзеге асыру, сонымен қатар өткізілетін профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралардың ауқымын, сапасы мен тиімділігін бақылауға алу мүмкіндігін береді.
Серологиялық мониторинг (жасырын ағымдағы эпизоотиялық үдерісті бақылау) ауылшаруашылық жануарларын, құстарын қоздырушыға телімді антиденелер бар-жоқтығына зерттеу.
Инфекциялық аурулар байқалуына әсерін тигізетін факторлардың бірі квадрат километрге шаққандағы жануарлардың орналасу тығыздығы.
Осыған орай ел аумағын одан әрі ауылшаруашылық жануарларының әр түрлерінің орналасу тығыздығы бойынша аудандарға бөлу мақсатымен аталған көрсеткіштердің республика аудандары мен облыстарына қатысты бөлу жұмыстары жүргізілді. Аталған мақсатқа орай ел аумағы жануар түрлерінің орналасу тығыздығы бойынша 4 категорияға бөлінді: төмен, орташа, жоғары және өте жоғары. Шошқа бастарына қатысты жануар бастарының ауданның әр квадрат километріне келуін ескере отырып келесі бағалау әдісі таңдалды: 0-1 – төмен, 1-2 – орташа, 2-5 – жоғары, 5 және одан көп – өте жоғары.
Қазақстан Республикасы аумағын жануарлар тығыздығы бойынша аудандарға бөлу жұмысын талдау көрсеткеніндей еліміздің негізінен шошқа өсірумен айналысатын аумағы жоқ болып шықты. Әр облыстарда шошқа бастарының тығыздығы мүлдем жоқ шамасынан (Маңғыстау) төменгі (Батыс-Қазақстан, Атырау), орташа (Қостанай, Ақмола) шамасына дейін ауытқиды. Айта кетері кейбір жекелеген облыстардың әкімшілік а/ш аудандарында шошқа бастарының орналасу тығыздығы жоғары, ол Алматы, Жамбыл және Ақтөбе облыстары.
Ал, ІҚМ, қой мен ешкі және шошқа бастарының еліміздің әкімшілік өңірлері бойынша қосындылық тығыздығы туралы картографиялық түрдегі мәліметтері 28, 29 және 30 суреттерде көрсетілген.
Келтірілген 30 суреттен шошқалардың жоғары және аса жоғары орналасу аймағына республиканың солтүстік және шығыс өңірлері кіретінін көреміз. Орташа аймаққа Орталық Қазақстан өңірлері және төменгі өңірге оңтүстік-батыс және батыс өңірлер жатады.
28 – сурет Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі қара мал басының орналасу тығыздығы
29 – сурет Қазақстан Республикасы аумағындағы қой мен ешкі бастарының орналасу тығыздығы
30 – сурет Қазақстан Республикасы аумағындағы шошқа бастарының орналасу тығыздығы
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 2975;