Нозоареал мәселелері мен оның құрылымы
Географиялық эпизоотологияда эпидемиологиялық географияда (географиялық эпидемиологияда) тәрізді, нозоареал (ауру ареалы) мәселесі маңызды орынға шығады, себебі эпизоотологиялық аудандастыру нақтылы аумақтарда тиімді профилактикалық шаралар жүргізуіндегі шешуші фактор борлып саналады. Ветеринария практикасы үшін географиялық эпизоотологияның басты маңызы міне осыған келіп саяды.
Эпизоотологиялық аудандарға бөлу ауруларды профилактикалауда максималды аз материалдық шығындар шығару мақсатымен дифференцирленген жол табу үшін жануарлардың инфекциялық аурулары таралуындағы ерекшелік-өзгешеліктерді анықтауды көздейді. Алайда аталған ерекшеліктерді бөліп көрсету жекелеген топтар мен нозологиялық формалар туралы нақтылы ұғым қалыптасуында ғана мүмкін болады. Осы тұрғыдан алғанда нозоареал, немесе ауру ареалы мәселесі мен оның құрылымы немесе ішкі құрылысы маңызды орын алады.
Ауылшаруашылығы жануарларының эпизоотологиясы үшін ареал құрылымы туралы сұрақтың біршама жаңа екендігін ескере отырып, ең алдымен нақты ареал ұғымына тоқталу керек.
Аталған ұғым ертеден қолданып келе жатқан биогеография ілімінде ареал құрылымы ұғымын (немесе топографиясын), немесе индивидиумдардың орнығу тығыздығын, немесе қандай да бір түрлердің бөліну сипатын білдіреді.
Кейбір эпизоотологтар адамдардың табиғи ошақтық аурулары таралуын қарастыра отырып, тұрақты энзоотия аймақтары мен энзоотялар шығарылу аудандарын айырады.
Түрлі ауру топтары ареалдарының табиғаты біркелкі болмауына орай екенін есте ұстап, ареал ұғымын пайдаланған кезде ауру ареалы дегенді немесе нозареал дегенді өз жерінің (аумағының) көлемінде аталған ауру энзоотиялы болып саналатын жердегі жер көлемін түсіну керек.
Ауру қоздырушысының ареалы паразитарлық жүйе сипатына тура тәуелділікте болады, оның күрделігі мен сипаты ауылшаруашылық жануарларының әр түрлері үшін біркелкі бола бермейді. Осы кезде инфекция ошақтарының кеңістіктік орналасуы ешқашан тұтас болмайды, сол себептен қоздырушы ареалының шынайы геометриясы дөңгеленген шеңбер түрінде – ареал шеңбері түрінде болады.
Аурудың (нозоареалдың) өзінің сипаттамасында қоздырушыны тасымалдаудағы ерекшеліктер аса маңызды болып табылады. Сондықтан нозоареал құрылымы немесе оның ішікі құрылысы түрлі жануар аурулары топтарына қатысты әртүрлі болады.
Жұмыстардың көбі географиялық факторларға сәйкес табиғи-ошақтық ауруларды зерттеуге арналған. Көптеген нозологиялық формалар бойынша ветеринариялық география әдістерін пайдалана отырып жаңа ғылыми мәліметтер алынған.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 1842;