Оршаған орта мәселелері бойынша Йоханнесбургтегі (ЮАР, 2002) саммит. Рио-де-Жанейродағы саммит (2012 ж.).
Орнықты даму туралы Йоханнесбургтегі дүниежүзілік саммит шешімдері Еуроодақ елдері мен басқа мемлекеттерде: Еуроодақ (ЕО) елдерінде қоршаған орта саясатын бағыттап жүзеге асыратын негізгі құжат қоршаған орта бағдарламасы болып табылады. Тіршілік кеңістігіне арналған осындай әрекет бағдарламасының алғашқысы 1973–1976 жылдар арасында жүзеге асырылған еді. ЕО-та қоршаған орта саясатының негізгі бағыты болып қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму талаптарын әрбір салалық саясат деңгейіне дейін жеткізу болып есептеледі. Қоршаған орта бағдарламалары еуропа заң шығарушылары үшін негізгі тұғыр болумен қатар тіршілік кеңістігіне қатысты әрекет жоспарында келтірген мақсатарға жетуге көмектеседі. Осы мақсаттағы екіншіден бастап бесіншіге дейінгі әрекет бағдарламалары бірінен соң бірі 1977–2000 жылдар арасында дайындалып жүргізілді. Ал, 1993–2000 жылдардағы бесінші қоршаған орта бағдарламасы ұзақ мерзімдік мақсаттарды көздеді, қоршаған орта саясатында бүкіл әлемдік көзқарас орнықтырды және “Орнықты даму бағытымен” деп аталатын стратегияның жүзеге асу жолын көрсетіп берді.
2001–2010 жылдарға арналған Еуроодақтың 6-қоршаған орта бағдарламасы ЕО-тағы қоршаған орта саясатына жаңа мақсат пен бағыт-бағдар береді. Бұнда белгіленген мақсаттарға жетіп, орындауға шартты қадамдарды айқындап көрсеткен. Тіршілік кеңістігіне қатысты проблемаларды шешу жолын іздестіру барысына қоғамның барлық сатылары белсенді араласуын көздеп үндеумен қатар, осылайша орнықты даму қағидалары мен көрсеткіштерін орындауға да талпынуда.
ЕО елдері 2002–жылы Йоханнесбургте болған Дүниежүзілік орнықты даму саммиті (WSSD) қабылдаған шешімдерге қол жеткізу мақсатын өзара бірігіп шешу шараларын бастап кеткен. Осы орайда 2001–жылдың 6–ақпанында Еуропалық комиссия “2002–жылғы WSSD шарасына дайындық” деп аталатын құжатты (COM /2001/ 53) алдын ала қабылдаған еді. Бұл құжат ЕО мүше мемлекеттері арасында пікір алмасу мақсатына арналған, ары қарай Еуропалық парламентте WSSD үшін дайындалатын ЕО-тың қортынды ұстанымын айқындап берді. Осы құжатта Еуропалық комиссия ұсынған стратегиялық мақсаттарды Дүниежүзілік орнықты даму саммитінде ЕО тарапынан ұстанған еді. Ол мақсаттар қатарында:
· орнықты даму мақсатында бүкіл әлемдік әділеттік пен ілкімді әріптестікті күшейту;
· халықаралық деңгейде ынтымақтастық пен одақтастықты жақсарту;
· саяси міндеттемелерді нақтылау бағытында қоршаған орта мен даму мақсаттарын қабылдау;
· қол жеткізген табыстарға халықаралық бақылау жүргізу механизмін құру және ұлттық деңгейде белсенді әрекет ілкімділігін арттыру.
Еуропалық комиссия тарапынан Дүниежүзілік орнықты даму саммитіне өзара байланысты проблемалар тобын ұсынды:
· суды, жерді және энергияны үнемді пайдалану, экологиялық ілкімділігін қолдау арқылы экономикалық дамыстың негізгі табиғи көздерін қорғауға алу.
Экономикалық ынтымақтастық және дамыс ұйымы (OECD) табиғи қорларды шексіз алып пайдалану процесін тоқтатуға бағытталған 2015– жылға дейінгі стратегиясын дайындап шығарды. Бірақ, бұл стратегияны БҰҰ қабылдай ма деген сұрақ туындайды, әрі энергетикаға, жер қорына немесе тұщы суға бағытталған салалық нақты мақсаттар ары қарай айқындалып қолданысқа шыға ала ма деп ойландырады.
Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 1948;