Лем модельдері. Рим клубының жұмыстары. Рио-92 құжаттары.

 

Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған.

Әлемдік құпия үкімет «Рим клубы» аталатын ұйымды құрды. Басты мақсаты 2000 жылға дейін жаңа әлемдік тәртіп орнату еді. Алайда іс жүзінде олар жаһанды тек 10 аймаққа бөліп, әрқайсысын өзіндік мүддесіне пайдаланып жүр.

Бұл халықаралық ұйым 1968 жылы Моргентау тобының мүшелері құрған. Сол жылдың сәуір айында Девид Рокфеллердің Италиядағы жеке меншік үйінде әлемдік ең беделді адамдары бас қосады. Ұйымдастырушы италиандық менеджер Аурелио Печчеи. Жиынның шешемі бойынша «жаңа әлемдік тәртіпті» орнату үшін қажетті іс-шараларды бастау.

Клубқа 25 мемлекеттен ең беделді деген 75 ғылым, экономика, өндіріс саласының мамандары мүше атанды. «Рим клубы» Комитет 300-дің сырқы саясаттағы маңызды құралы, тіпті соңғы кездері комитеттің «оң қолы» деп атанып жүр.

«Рим клубы» жұмысы саяси, қоғамдық және экономикалық бағытта. Оның мүшелері: «болашақта адамзатты сақтап қалу үшін бір ғана үкіметке бағынудан басқа амал жоқ» деген пікір ұстанады.

Рим клубының идеалы – адамзаттың ең жақсы қасиеттерін қайта жаңғырту, адамның табиғатпен үйлесімі, адамзат санасын ояту, оның ғылыми-техникалық прогреске көзсіз сенуінен босату, адамның жаңа құндылықтарын анықтау, оның тұрмысын ізгілендіру.

Рим клубының зерттеулері екі бағытта жүрді. Дж. Форрестер мен Д. Медоузаның көзқарасы жағынан — әлеуметтік пессимизм позициясы – адамзат өркениетінің өсуін шұғыл шектеу, адамзат қажеттіліктерінің құрылымын қайта қарау, экономикалық және экологиялық тұрақтылық бойынша шаралар қолдану. М. Мессарович, Э. Пестель және Э. Тоффлер Жерге қаупі болып тұрған ғылыми-техникалық прогрестен емес, «адам-социум» қатынастар жүйесіндегі түпкілікті төңкерістен шығатын жолды іздеу керек деген қорытындыға келді. Адамның білімі мен қабілетіне, бостандығы мен тәуелсіздігіне, шығармашылық өзін-өзі дамыту идеясына негізделетін жаңа экономикалық әлемді құру пайда болған өркениет пен болашақ мәдениетінің принципі болады.

1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек:

· Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау.

· Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

· Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.

· Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.

· Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация)

· Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;

· Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет.

· Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес;

· Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;

· Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;

· Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

· Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою

· Радиоактивті қалдықтарды жою

· Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі

 








Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 4566;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.