Дәріс. Рим клубының еңбектері.
1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібінде» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
Мәселе | Мәселенің қысқаша мәні |
Кедейлікпен күрес | Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 101 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету;кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау;қаржылық демеу. |
Тұтынудың құрылымын өзгерту | Адамзатың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі-қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының сабептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді.Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту. |
Халық және тұрақтылық | 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллирдтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді. |
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту | Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер: -СПИД-пен күреске жұмылдыру; -туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес; -бала өлімін кеміту; -халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; -еркектер менәйелдердің өздерінің балаларының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету; -халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету; -балалардың денсаулығын қорғау; -қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу. |
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) | 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60 %-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей. |
Атмосфераны қорғау | Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны тұтыну мен өндіру. |
Жер ресурстарын тиімді пайдалану | Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық идеградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б. |
Ормандарды жоюмен күрес | Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек. |
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес | Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды.шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінң кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады. |
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану | Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп,құрылыс, ауыл шаруашлыығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді. |
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану | Бүгін тұщы су мәселесі маңызды эколгиялық мәселелердің бірі болып табылады.2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс: - қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40 литр ауыз сумен қамтамасыз ету; - өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап,жүзеге асыру; - барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету. |
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру | Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95 % келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ. |
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. | Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4 млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін. |
Радиоактивті қалдықтарды жою | Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі. |
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі | Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптген дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру керек. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет. |
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру | Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істеҚазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. XXI ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының |
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2014;