Дәріс. Биосфера синэнергетикасы.

Ауырлық күшіне қарсы, горизонтальды бағытта заттардың тасымалдануы жүзеге асырылады. Тірі заттардың кері – төменнен жоғары, мұхиттан континенттерге тасымалдануын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор. Осының нәтижесінде олар биохимиялық циклдың «жоғары» бұтағын жүзеге асырады.

Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды. Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы табылады.

Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде (литосфера) және жердің сулы қабатында (гидросфера) таралған. Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жерасты суларының температурасы шектейді. Ол треңдікке байланысты артады да, 1,5-15 км тереңдікке +100 С-тан асады. Жер қыртысында бактерияларды табуға болатын тереңдік – 4 км. Мұндай кен орнында 2-2,5 км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады.

Биосферадағы тіршіліктің таралуы біртекті емес. Тірі заттың шоғырлануы, негізгі орталардың бөліну шекарасында – топырақта , яғни литосфера мен атмосфераның арасында, мұхиттың жоғарғы қабаттары су қоймаларының түбінде, әсіресе литоральды толысу кезінде су астында қалатын және қайту кезінде құрғайтын теңіз түбінің белдеуінде және эстурацияларда – өзен жағалауларында өте көп жоғары болады. Тірі ағзалар ортаның химиялық жағдайлары кең диапазонында тіршілік ете алады. Жердегі алғашқы тіршілік иелері оттексіз өмір сүрген.

Анағұрлым зат алмасу қазіргі ағзаларға , соның ішінде көпжасушалы ағзаларға тән. Бірқатар микроорганизмдер тұздардың концентрленген ерітінділеріне де тіршілік ете алады. Кейбір тұрақты түрлер иондаушы радияцияның әсері жағдайында да мысалы, бірқатар инфузориялар жер бетіндегі радияциялық фонның табиғи деңгейінен 3000000 есе жоғары сәулеленуді көтере алады. Кейбір бактериялар ядролық реакторлардың қазандықтарынан да табылған.

Биосферадағы химиялық элементтер табиғи ортадан организмдерге, олардан қайта ортаға айналып (қоректік) жүріп отырады, Өмірге қажетті элементтер мен органикалық емес қосындылардың ортадан организмге, органимнен ортаға айналуын қоректік элементтер айналымы деп атайды.

Биосферада кейбір активті химиялық элементтер атомдар күйінде бір ағзадан екіншісіне немесе өлі табиғатқа және қайтадан үздіксіз өтіп отыру нәтижесінде тұрақты болады.

Соңғы 600 млн. Жылда кембрийден бастап, Жер бетіндегі негізі айналымдар өзгерген жоқ. Биосфераның тұрақтылық жағдайы ең алдымен олардағы тірі табиғат жағдайына, күн энергиясының фиксациясына және атомдардың биогендік миграциясына тікелей байланысты.

Бірақ бұл тұрақтылықтың да шегі болады, оның бұзылуы үлкен келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.

Жер бетінде биосфераның тұрақтылығын бұзатын биосфералық емес энергия көздері пайда болды (атомдық,сутектік) .

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 1797;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.