Дәріс. Өсімдіктер, жануарлар алуан түрлілігі.
Өмiрдiң үлкен әр түрлiлiгi зерттеушiлердi әрдайым қызықтырған. Табиғатта абсолюттi ұқсас дарақтар, популяциялар, түрлер және экосистемалар iс жүзiнде жоқ. Тiптi бiрдей тұқым қуалаушылығы бар бiр жұмыртқалы егiздерде де бiр-бiрiмен айырмашылығы болады. Бұл әр түрлiлiктер әрдайым адамдарға жұмбақ болған. Жеке түрлер адамдардың кесiрiнен жердiң бетінен жоғала бастағанда, бастапқыда көңiл аударылмады, өйткенi түрлер саны көп болды және палеонтологтардың айтуына қарағанда олардың қырылуының процестерi табиғатта әрдайым болған. Адамның қызметiнiң ықпалыменен өмiрдiң әр түрлiлiгiнiң кедейленуі дәл қазiргі кезде үлкен қарқынмен өсуде. Үлкен аудандар тұқым қуалаған сапалар бойынша тегiстелген таза сорттары бар мәдени өсiмдiктердiң бiршама түрлерiмен шұғылданды. Табиғи экосистемалардың көп түрлерi бүлiндi және мәдени жер бедерлермен ауыстырылды. Биоценоздардағы түрлердiң саны төмендедi. Сондықтан да теориялық та, практикалық та жақтарынан алып қарағанда биологиялық әр түрліліктің рөлі өте маңызды екендігін түсінген абзал. Бұл сұрақтың жауабын биоценоздардың жұмыс жасауы мен құрылымды зерттегеннен кейін беруге болады. Бiздер көріп тұрғанымыздай, табиғи бiрлестiктер жүздеген және мыңдаған түрлерді, бактериялар мен атам заманғы қандыағаштардан iрi малдарға дейінгілерді қоса алғандағыны қамтиды.
Биоценоздар табиғи жүйелерді құрайды. Жоғары түрлi әр түрлiлiк бұл күрделi жүйелердiң келесi қасиеттерiн қамтамасыз етедi.
1. Бөліктердің өзара толықтырғыштығы. Көріп тұрғанымыздай, бiрлестiктерде экологиялық қалтарысты бөлiсіп және ортаның қорларын қолданудағы бiр-бiрлерiн толықтырып тұратын түрлер ғана сыйысады. Мысалы, ормандағы бiрiншi ярустық өсiмдiктер 70-80% жарық ағынын ұстап қалады. Екінші ярустағы қандыағаштар мен бұталарға 10-20% жарық жеткiлiктi, ал мұндай ормандардағы жер бетiндегi шөп тектес өсiмдiктер және мүктер фотосинтез процесінде жарық ағынының өте аз бөлігін қолдануға қабiлеттi. Өсімдіктер бірін бірі толықтыра отырып күн энергиясын толығымен қолданады.
Бөлiсiп еңбектенудiң жануарларының биоценозында азықтың әр түрлерін пайдалану, тәулiктiк және маусымды белсендiлiктiң уақытын анықтау, кеңiстiкте орналасуы айқын бейнеленген. Орман бірлестіктеріндегі саңырауқұлақтардың көптеген түрлері бір бірін айтарлықтай толықтырады.
Биологиялық айналымдардың негiзiнде органикалық заттарды түзуші түрлер мен органикалық заттарды жоюшы түрлердің арасында өзара толықтырушылық жатыр
2. Түрлердiң алмастырмалығы. Биоценоздың кез келген түрi ұқсас экологиялық талаптар және функциялары бар басқа түрмен алмастыра алады. Ьабиғатта бiр-бiрiне толық ұқсас түрлер жоқ, бiрақ көбінесе кішкене айырмашылығы бола тұра олар экологиялық талаптар бойынша ұқсатылып бір бірін жабады. Мұндай түрлер бiр-бiрiн әдетте ұқсас бiрлестiктерде алмастырады .
Көп түрлердiң экологиялық қалтарыстары бір бірін алмастыратындықтан, экосистемаға солардың бiреуінің де қандай болмасын белсендiлiгінің түсiп қалуы немесе төмендетілуi қауiптi емес. Олардың функциясын мойнына басқалары алады. Бәсекелестiк босатушы құбылыс пайда болып, заттардың айналымының әртүрлi буындары жұмыс iстеуін жалғастырады. Түрлердiң бірін бірі алмастыруы ауа райының тербелiстерiнен үнемi болады.
3. Реттеушілік қасиеттер. Күрделi жүйелердiң болуының негiзгi шарттарының бiрi өздiгiнен реттелуiне қабiлеттiлiк. Өздiгiнен реттелу керi байланыстардың негiзiнде пайда болады. Бұл керi байланыстың қағидасы биоценоздардағы популяция iшiндегi және түр аралық арақатынастарында өте айқын көрінеді. Құрбандардың санының көбеюi жыртқыш аңдар және паразиттердің санының көбеюiне әкеледі. Белгілі бір деңгейден асып кеткен популяциялар тығыздығы түрішілік байланысты өндiргiш қабiлеттiлiктің құлауы немесе дарақтардың кеңiстiкте бытырап орналасуы пайда болғанға дейін өзгертіп тастайды.
4. Функциялардың қамтамасыз етуiне сенiмдiлiк. Экожүйедегі биоценоздардың негізгі функциясы органикалық затты жасау, оны жою және түрлердің санын реттеп отыру болып саналады.
Жердегi барлық тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты бұл ,сайып келгенде, биологиялық әр түрлiлiк.
Бұл әр түрлiлiктiң арқасында өмір бiрнеше миллиардтаған жылдар жойылмай келеді. Палеонтологиялық жыл жазғыштар куәландыратын геологиялық тарихтың күрделi мерзiмдерiнде көп түрлер қырылды, әр түрлiлiк азайды, бiрақ материктер және мұхиттардiң экосистемасы бұл апаттарға шыдады. Өмiр жалғасты. Жаңа түрлер пайда болды және олар заттар мен энергия айналымдарын жалғастырды.
Дәл қазiргі таңда адамдардың түрлi әр түрлiлiктерге ықпалы бұрындағы барлық белгiлi геологиялық апаттардан асып түседi. Сондықтан мұндай биологиялық әр түрлiлiктiң деңгейiнiң төмендеуiне жол берілмеу керек.
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2823;