Базарларда және жануарларды лажсыздан сою кезіндегі ветеринариялық-санитарлық қадағалау
Базарларда ветеринариялық-санитарлық қадағалауды ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасы жүргізеді. Олар аудандық, қалалық ветеринариялық зертханаларға немесе аудандық, қалалық ветеринариялық стансаларға бағынады.
Бұл зертханалардың міндеттеріне базаралраға сату үшін келіп түсетін ет, ет өнімдерін, балық, сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау, сонымен қатар, осы өнімдерді сату орындары мен оларды сақтау қоймаларының санитарлық жағдайын бақылау кіреді.
Ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханаларының штаты олардың жүктемелеріне байланысты айқындалады. Базарларға келіп түсетін барлық өнімдерді ветеринариялық-санитарлық сараптау ережелеріне сәйкес қарап зерттейді. Қажет болған жағдайларда бактериологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізіледі, әрдайым шошқа ұшаларының және шошқаның жон етінің трихинеллоскопиясын өткізеді.
Ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасының меңгерушісі сатылымға шығарылатын жануар текті өнімдердің сапасы үшін жауапты тұлға болып саналады. Ол өнімдерді тағам үшін жарамсыз деп тануға, олардың сатылуына тыйым салуға, қанағаттанарлықсыз санитариялық жағдайда сауда орындарын жабуға, тоңазытқыштарды, қоймаларды, павильондарды, сату орындарын қарап зерттеуге, базардың лауазымды тұлғаларына және базарда саудамен айналысатын жеке тұлғаға санитарлық ережелердің бұзылуы бойынша айыппұлдар салуға құқылы.
Ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханалары өз қызметі барысында ветеринариядағы басқару органдарымен, ветеринариялық мекемелермен және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен малшаруашылығы өнімдері келіп түсетін елді мекендердің, шаруашылықтардың эпизоотиялық және санитарлық жағдайлары туралы ұдайы ақпараттар алып отырып үшін үнемі байланыста болулары керек.
Зертханада ет және ет өнімдерін, сүт пен сүт өнімдерін сараптауға арналған ғимарат болуы керек. Бағалау ветеринариядағы республикалық мемлекеттік басқару органы бекітетін талаптарға сәйкес өткізіледі. Тағам ретінде еш шектеусіз тұтынуға болады деп танылған ұшаларға, ұша бөліктеріне, ет кесектеріне және шошқаның жон-етіне, сонымен қатар, сойылған құс етіне зертхана аталған өнімдер сатылымға жіберлгенін білдіретін белгі таңба қойылды. Шартты түрде жарамды деп танылған ет және ет өнімдерін залалсыздандырады, ал жарамсыз делінгендерін өтелдеу мен жою үшін жібереді. Шартты жарамды деп танылғандарын сақтау үшін базарларда тоңазытқыш камералары, ал конфискаттарды жинау үшін – арнайы контейнерлер болуы керек.
Сүт пен сүт өнімдерін сатылымға сау сиырлар мен инфекциялық аурулардан сау шаруашылықтардан алынған, елді мекенге қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме тарапынан берілген сату рұқсаты куәлігі (анықтамасы) көрсетілген жағдайда ғана жіберіледі.
Тамақ өнімі ретінде пайдалану үшін жарамды деп танылған сүт өнімдеріне ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасы сатуға рұқсат берілгенін білдіретін этикетка береді.
Жануарларды лажсыз союға шаруашылыққа қызмет көрсететін немесе мемлекеттік мекеменің ветеринар дәрігерінің рұқсатын алған соң болады. Осы кезде сою мен ұшаны бөлектеудің ветеринариялық-санитарлық талаптары қатаң сақталуы керек. Лажсыз сойылған жануар еттерін міндетті түрде бактериологиялық, ал қажет болған жағдайда биохимиялық және токсикологиялық зерттеулерге жүгіндіреді. Бұл зерттеулердің нәтижелері негізінде ветеринар дәрігері етті сату үшін жарамды, шартты түрде жарамды немесе жарамсыз деп таниды. Жарамды ет тағам ретінде пайдалануға жіберіледі, шартты жарамды деп танылғанын заласыздандырады, ал жарамсызын өтелдейді немесе жояды.
Жануар текті өнімдерді өңдеу және сақтау бойынша мекемелердегі ветеринариялық-санитарлық қадағалаудың маңызы және оның міндеттері
Барлық жануар текті шикізаттар қадағалауға алынады. Импорттық және жиналып алынатын шикізатқа ерекше мән бөлінеді. Жануар текті шикізатты дайындау ісімен айналысуға ауданда жедел инфекциялық аурулар болмаған жағдайда инфекциялық және бірқатар паразитарлық ауралардан сау шаруашылықтарға рұқсат етіледі. Дайындау үшін рұқсатты ауданның бас ветеринар дәрігері береді. Шикізаттық базалар үнемі мемлекеттік ветеринариялық қызметтің қадағалауында болады. Оларды белгіленген тәртіпте аудандық мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің мамандары тексереді.
Мұндай базаларға, әдетте, келісім бойынша мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің ветеринар мамандары қызмет көрсетеді, дегенмен штаттық ветеринар дәрігерлері де болуы мүмкін. Олар келіп түсетін шикізаттарды, олардың сұрыпталуын, дұрыс сақталуын қадағалайды, оларға берілген ветеринариялық құжаттарды тексереді, қажетті зерттеулерді ұйымдастырып, өткізеді. Ветеринар дәрігері жануар текті шикізаттарды дайындау, сақтау және өңдеу кездерінде ветеринариялық-санитарлық қадағалауды басшылыққа ала отырып ветеринариялық-санитарлық шараларды ұйымдыстырып өткізеді. Бұл нұсқаулықтар меншік иеліктеріне қарамастан дайындау ұйымдарының қызметкерлері үшін де міндетті. Импорттық және жиналынып алынған тері және былғары шикізаттарын міндетті түрде ветеринариялық зертханада преципитация реакциясымен сібір жарасына тексереді. Сынамаларды ветеринар дәрігерінің нұсқамасымен және оның бақылауында алады. Сынамалар алынған барлық терілерді және сынамалардың өзін белгілеп, таңбалайды.
Оң реакция алынған жағдайда бұл терінің шығу тегін айқындап, ол жайлы ауданның бас ветеринар дәрігерін хабардар етеді. Бұл және жанасып байланысқан теріні өртеп, олар бөлініп алынған барлық штабельді ветеринар дәрігерінің бақылауында дезинфекциялайды. Бөлініп алынған шикізатты арнайы «Оқшауланып алынған тері және былғары шикізаттарын есепке алу журналына» тіркеуге алады.
Сібір жарасына зерттелінген тері және былғары шикізаттарын сойыс материалдары тәрізді белгіленген формадағы, белгілі бір көлемдегі арнайы мөрлі белгілермен таңбалайды. Тері иелу, жүн жуу фабрикаларындағы ветеринариялық-санитарлық қадағалау жұмыстарын штаттық ветеринар дәрігерлері немесе фельдшерлер жүргізеді. Келісім бойынша бұл жұмысты мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің ветеринар мамандары орындай алады. Олар өңдеу үшін келіп түсетін шикізаттарды тексеруге, ветеринариялық құжаттарды тексеруге, оларды залалсыздандыру режимдерін анықтауға, шикізаттарды ұқсату режимдерін анықтап көрсетуге міндетті, сонымен қатар ғимараттарды, жабдықтарды, сарқынды-шайынды суларды дезинфекциялау жұмыстарын ұйымдастырып, нысандарда ветеринариялық-санитарлық режимдер ұсталынуын бақылап отырулары керек.
Лекселерді жинап әкету, өтелдеу және жою кезіндегі, сонымен қатар гидрогтехникалық құрылғылар құрылысын салу кезіндегі ветеринариялық-санитарлық қадағалау
Жануарлардың өлекселерін уақтылы және дұрыс жинап әкету бойынша меншік иелігіне қарамастан жануар иелері жауапты болып табылады.
Ветеринариялық-санитарлық қадағалауды шаруашылықтың және мемлекеттік ветеринариялық қызметтің ветеринар мамандары өткізеді.
Өлекселерді көмуге тыйым салынатынын ескере отырып, елді мекендерде өтелдеу құрылымдарын, өлексе өртеу пештерін, биотермиялық шұқырлар салу қажет.
Аталған құрылымдар ветеринариялық-санитарлық ережелердің талаптарына жауап берулері керек және инфекциялық аурулардың қоздырушылары таралу көзіне айналмауы керек. Өлекселерді жоюдың жетілдірілген түрлерінің бірі – оларды ветеринариялық-санитарлық зауыттарда қайта өңдеу. Бұл жерлерде өлекселерді сенімді түрде автоклавтрда залалсыздандырып, ет-сүйек ұны және өзге техникалық өнімдерге дейін қайта өңдеп шығарады.
Республикада осындай» бірқатар кәсіпорындар салынған. Бұл зауыттарда ветеринар мамандары өлекселерді жарып сою жұмыстарын өткізіп, оларды залалсыздандыру режимдерін бақылайды. Жарып сойғанға дейін өлекселерді сібір жарасына зерттеп алады. Зауыттан шығарылатын өнімдерге ветеринар дәрігері ветеринариялық куәлік береді.
Шаруашылықтардан зауытқа жануар өлекселерін жинап, жеткізу жұмыстарын кәсіпорынның арнайы көліктері шаруашылықтармен келісіліп, бекітілінген кестеге сәйкес жүзеге асырып отырады. Шаруашылықтарда өлекселерді жинау бойынша арнайы орындар жабдықталады. Ветеринариялық-санитарлық зауыттың қалыпты жұмысы зауыттың қызмет көрсету аймағында шаруашылық аумағының қажетті ветеринариялық-санитарлық жағдайын қасмтамасыз етіп отыратын болады.
Гидротехникалық жұмыстар өткізу орындарында ерекше ветеринариялық қадағалау жұмыстары жүргізілуі керек. Мұндай нысандардың құрылысын жүргізу кезінде ескі сібір жарасынан өлген немесе спора түзетін микроорганизмдер тудыратын басқа инфекциялық аурулардан өлген жануар өлекселері көмінділерін ашылу қауіпі туындалуы мүмкін екенін есімізден шығармауымыз керек. Ашылынған топырақтық ошақтардың эпизоотиялық және эпидемиялық қауіпті екенін есте ұстау керек!
Ауданның мемлекеттік ветеринариялық қызметі, барлық меншік иеліктеріндегі шарушылықтың ветеринариялық қызметтері қатаң есепке алу жұмыстарын өткізіп, жер-жерлерде ескі мал көму орындары туралы белгілер қойып, осы орындарда жер қазу жұмыстарын өткізуге жол бермеулері керек. Мұндай ошақтар ашылған жағдайда сібір жарасы анықталған ошақтарда дезинфекция өткізу тәртібі бойынша нұсқаулыққа сәйкес оларды залалсыздандыру жұмыстары өткізілуі керек.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 3264;