Жануарлардың инфекциялық ауруларымен күресу шараларының ұйымдастырылуы
Жұқпалы аурулар орын алған кезде орын алып пайда болған ауруды шоғырландырып, жою ісіне бағытталынған шараларға аса көп көңіл бөлінуі керек.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес жұқпалы аурумен күресті ұйымдастыру шаралары кезінде меншік иелігіне қарамастан жануар иелері ат салысады. Олар барлық ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринар мамандары ұсынып отырған өзге шаралар орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Арнайы шараларды олар өздері өткізеді. Жұқпалы аурулармен күресу ісіне малшаруашылығына қызмет көрсететін ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветқызметтердің ветеринар мамандары, сонымен қатар аумақтық мемлекеттік ветеринариялық мекемелер жұмылдырылады. Бұл жұмыстарды басқару және бақылау ісімен ветеринарияны басқарушы аудандық немесе қалалық орган айналысады.
Жануарлардың жұқпалы ауруларының болдырылмауы мен сауықтырылу шараларының кешенді ісіне кіретіндері: диагноз қою; жұқпалы ауру оқиғаларын тіркеу; осы жайлы жергілікті атқару органдарын хабардар ету, ветеринарияның жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету, көршілес аудандардың ветеринариялық органдарын хабардар ету; инфекциялық ауру қоздырушыларының көздері мен резервуарларын айқындау; көрсеткеіштері бойынша ауру жануарларды емдеу; жануарларды лажсыз сою немесе жою; профилактикалық және лажсыз иммунизация, диагностикалық зерттеулер өткізу; ауру айқындалған елді-мекендердің немесе орындардың сау емес деп танылуы туралы хабарлау; қауіпті аймақ туралы хабарландыру; сау емес шаруашылықтарға, фермаларға, елді мекендерге, аулаларға, аудандарға карантин қою немесе аурулардың эпизоотиялық қатеріне орай шектеулер қою; сау емес және қауіп төндіретін аймақтардағы жануарларды бақылауға алу; ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізу; бұқаралық-насихаттау жұмыстарын өткізу.
Келтірілген шаралар кешенін нұсқаулықтар, ұсынымдамалар, жергілікті атқарушы билік органдарының шешімдері және ветеринариядағы мемлекеттік басқару органдарының нұсқамаларына сәйкес орындалады (30 сурет).
Зооантропоноздарға қарсы сауықтыру шараларын өткізу кезінде ветеринар мамандары санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен қызу бірлесе отырып жасайды. Жұқпалы аурулар туралы барлық оқиғалар тіркеліп отыруы керек.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар ветеринариялық қызмет мамандарын кенеттен өлу, бірмезгілде бірнеше жануарлардың ауыруы туралы немесе жануарлардың түсініксіз мінез танытулары туралы бірден ветеринариялық қызмет мамандарына хабарландырулары, ал ветеринария мамандары келгенінше жануарларды оқшаулап ұстау шараларын жасауға міндетті. Ветеринариялық мамандар жануар аурулары туралы хабарландыру алған соң шақыру орындарына барып, ауру себептерін анықтайды, диагнозын айқындап, анықталынған ауру туралы ветеринариялық жергілікті мемлекеттік атқару органын хабардар етеді, ол өз алдына облыстың ветеринариялық басқарушы атқару органына «Ветеринариялық есепке алу және ветеринариялық есеп беру нұсқаулықтарына» сәйкес шұғыл хабарланым түрінде жеткізеді. Шұғыл хабарланымдар аса қауіпті жұқпалы аурулар байқалуы кезінде жөнелтіледі, ондай аурулар қатарына - аусыл, шошқа обасы, ірі қара мал обасы, сібір жарасы, құстардың Ньюкасл ауруы.
Бірмезгілде эпизоотиялық журналға жазылымдар енгізіліп, тиісті көрсеткіштер эпизоотиялық картаға енгізіледі.
Қоздырушы көзі анықталған жағдайда ол тек ауру жұқтырған жануар болуы мүмкін екенін ескеру керек. Микробтасымалдаушы да сондай-ақ аурудың клиникалық белгілері байқалатын жануарлар да қауіпті екендігін ескеру керек. Патогенді-вирулентті микроорганизмдермен ластанған қоршаған орта нысандары инфекция қоздырушысын жұқтыру факторлары болып саналады.
Инфекция қоздырушысының көзін анықтаған соң ветеринария мамандары оны жою және ауру таралуына жол бермеу шараларымен айналысады. Бұл шаралар эпизоотиялық тізбекті үзуге және эпизоотиялық үдеріс дамуына жол бермеу мақсатын көздейді.
Одан әрі аурудың нозологиялық түріне байланысты аурумен күресу бойынша нұсқаулықтарға сәйкес шаралар өткізіледі.
Тиімді түрде күрес ұйымдастырылуы кезінде эпизоотиялық ошақты анықтау маңызды орын алады, мұнда эпизоотиялық үдерісті болуын қамтитын эпизоотиялық тізбектің 3 буыны болады.
Эпизоотиялық ошақ ретінде аталған инфенекция анықталған жануарлар тұрған қора-жай немесе кез-келген тұрақ орны болуы мүмкін. Ошақтың өзінде шаралар қолдану үшін ошақтың шекараларын барынша жылдам анықтау аса маңызды. Бұл оны шоғырландыруды және оның әрі таралуын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Ауру байқалынған кезде елді-мекен, ферма, су көздері мен жануарлардың өзге тұрақ орындары сау емес мекендер деп жарияланады, ал елді-мекендермен, шаруашылықтармен жанасатын аумақтар – қауіпті аймақтар деп танылады.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, ветеринариядағы мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша жергілікті атқару органдарының нұсқаулары негізінде карантин тағайындалады. Карантин тағайындалуы тиісті аса қауіпті жұқпалы аурулар тізімін ветеринариядағы мемлекеттік басқару республикалық органдары айқындайды.
Карантин теміржол стансаларына, теңіз және өзен порттарына, айлақтарға, әуежайларға, аудандарға, аудандар тобына, облысқа тағайындалуы мүмкін. Жұқпалы ауруларды жою жүйесінде карантин қою - әсері зор эпизоотияға қарсы шаралардың бірі деуге негіз бар.
Карантин тағайындалған кезде жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жұмыстар тізімі мен оның орындалуы үшін жауапты тұлғалар белгіленеді. Бұл шаралар қандай да бір инфекциялық аурудың ерекшелігіне сәйкес ветеринариядағы мемлекеттік республикалық басқару органдарын бекіткен нұсқаулықтар негізінде айқындалады.
Карантинді алу туралы шешімді карантинді тағайындаған орган арнайы шараларды өткізген ветеринария қызметінің ұсынысы бойынша қабылдайды. Карантинді алу мерзімі нұсқаулықта анықталып көрсетілген шарттардың орындалуына байланысты болады: соңғы өлімге ұшырау немесе ауырған жануардың сауығу мерзімінен алып санағанда белгіленген уақыт өтуі; аурудан сауықтыру бойынша шаралардың және ақтық дезинфекциялау жұмыстарының өткізілуі. Карантинді алмас бұрын, ветеринар маманы барлық тиісті шаралардың орындалуын тексереді, акт толтырып, оның негізінде ветеринарияны басқару бойынша жергілікті атқарушы орган (ауданның, қаланың, облыстың бас ветеринар дәрігері) жергілікті атқарушы органның карантинді алу туралы шешім жобасын дайындайды. Карантин алынған соң жергілікті ветеринариялық қызмет эпизоотиялық журналға тиісті жазбалар жасайды.
Теміржолдарда, әуежайларда, теңіз порттарында, айлақтарда карантин қойылысымен жануар текті өнімдерді, шикізаттарды, азықтар мен т.б. артып, тиеу т.б. жұмыстарды тоқтатады.
Теміржол стансасына, айлағына, әуежайға, теңіз портына конвенциялық тыйымдарды шекара мен көліктегі бас мемлекеттік ветеринар инспекторының, теміржол, өзен, теңіз, кемешаруашылығы, азаматтық әуе флотының басшысының ұсынымхаты негізінде салады. Аталған нысандарға салынған конвенциялар туралы жақын көршілерге және келтірілген қызметтердің республикалық ведомстволарына хабарлар жеткізіледі.
Карантин кезінде жұқпалы аурулар таралуының алдын алу үшін тиісті ветеринариялық-санитарлық шаралар өткізіледі.
Ауруды жойған соң конвенциондық тыйымды теміржол, өзен (теңіз) немесе азаматтық әуе жолы торабының тиісті басқармасының телеграфтық өкімімен алады.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 3657;