Ветеринариялық мекемелер мен өзге ветеринариялық нысандар құрылыстарының ұйымдастырылуы
Ветеринаринариялық мекемелер құрылысын жүргізу ісін ұйымдастыруға құрылысты жобалау, құрылысқа жер телімдерін бөлу, жобалау-сметалық құжаттар толтыру, құрылысты қаржыландыру, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарын бақылау және құрылысы салынған ветеринариялық мекемелерді қабылдап алу жұмыстары кіреді.
Мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің құрылысын республикалық ветеринарияны басқару органдары мен облыстық ветеринариялық басқару органдары мемлекеттік ветеринариялық мекемеге келіп түсетін күрделі қаржыландыру және өзге қорлар есебінен жоспарлауы керек. Шаруашлықтарда ветеринариялық нысандар құрылысын жүргізуді тиісті ведомстволар мен шаруашылықтардың өздері өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып жоспарлауы керек. Жеке кәсіпкерлік ветеринариялық нысандар қажеттілігі бойынша жеке кәсіпкерлердің қорлары есебінен және жеке кәсіпкерлікті лицензиялау шарттарының талаптарына сәйкес жоспарланып, салынады.
Құрылыс жоспарлары атқарушы билік органдарында қарастырылады. Бекітілген жоспарға және қолданыстағы заңдарға сәйкес жергілікті атқарушы билік органдары жер телімдерін бөледі. Жер телімін таңдау және бөлу ісіне ауданның жерге орналастырушысы немесе қала архитекторы, тиісті мемлекеттік ветеринариялық басқару органының басшысы, өрт қауіпсіздігі инспекциясының өкілдері мен экологиядық қызмет өкілдері қатысады.
Жер телімі атқарушы билік органы («әкімшілік) шешімімен бөлінеді. Ветеринариялық мекемелер құрылысын типтік жобалар бойынша салады, мұнда кешенді өндірістік және тұрғын үй ғимараттары қарастырылады. Жекелеген жағдайларда құрылыс жеке жобалар бойынша жүргізіліне алады.
Жобаны таңдау кезінде оның арналымын, климаттық жағдайларға сәйкесуін, құрылымдық ерекшеліктерін, құрылыс алаңы ауданын, құрылыс көлемін және экономикалық көрсеткіштерді ескеру керек.
Таңдалынған типтік жоба нақты құрылыс алаңына сәйкестірілуі керек. Бұл жұмысты келісім бойынша жобалау ұйымы орындайды. Жобалау ұйымы жобаға қатысты келесі жұмыстарды орындауы керек:
- іргетас пен жерасты шаруашылығының көлемін, орналасу тереңдігін анықтайды;
- сумен қамту, канализация, жылумен қамту, энергоқамтылу және байланыс желілеріне қосылу түйіндері мен жолдарын құрастырады;
- сыртқы қабырғалар қалыңдығы мен жылыту қабатының, қоршау құрылымдарының қалыңдықтарын нақтылайды, жылыту және желдету құрылғыларының типтерін климаттық жағдайларға сәйкес анықтайды;
- жобаның жұмыс сызбаларына қажетті өзгертулер енгізеді. Жобалау ұйымы сметалық құжаттар да толтырады.
Типтік смета негізінде жергілікті бағаларды ескере отырып толтырылып, дайындалатын жайттар:
- ветеринариялық мекеме құрылысының техникалық жобасына мәлімдемелік смета;
- жекелеген нысандар құрылысына сметалық есептеулер;
- әр нысан үшін құрал-жабдықтар алуға қатысты сметалар мен оны өткізу жұмыстарына қажетті құны.
Құрылыс жұмыстары сапасын техникалық бақылауға алу ісін тапсырыс-беруші тарап мамандары өткізеді. Орындалған жұмыстар сапасы мен сызбаларға сәйкесуі жермен жасалатын жұмыстардан бастап құрылыстың әр кезеңдерінде тексеріліп отырады. Пайдаланымға жаңадан салынған ветеринариялық нысандарды қабылдап алу кезінде арнайы ережелер басшылыққа алынады. Қабылдап алу үшін жұмыс комиссиясы құрылады, оның құрамына ветеринариялық мекеме басшысы, бас мердігер, қосалқы мердігерлік ұйым өкілдері, бас жобалаушы ұйым өкілі, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, өрт қауіпсіздігін қадағалау органдары, аудандық кәсіподақ ұйымының техникалық инспекциясы ұйымының өкілдері кіреді.
Жұмыс комиссиясы орындалған құрылыс және монтаждау жұмыстарының сапасы мен сәйкестілігін, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жарылыс қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шараларын орындалуын тексереді. Комиссия сонымен қатар жекелеген құрылымдарды, ғимараттар мен құрылымдардың түйіндерін тексеріп, нысанды мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін қабылдап алады.
Мердігерлік ұйым жұмыс комиссиясына барлық қажетті құжаттарды ұсынады, ол мына құжаттар:
- шын мәнінде орындалған жұмыстардың сәйкесуі жайында белгілер салынған құрылыстың жұмыс сызбаларының жинақтары;
- ветеринариялық мекеме құрылысындағы материалдардың, құрылымдардың, бұйымдардың сапасын куәлендіретін техникалық паспорттар мен өзге құжаттар;
- жабық жұмыстарды растайтын акттер мен жекелеген құрылымдарды аралық қабылдау акттері;
- монтаждалған жабдықтарды, ішкі суық және ыстық сумен қамту, канализация, газбен қамту, жылыту, желдету, электржабдықталуы мен электржелілері, телефонизация және радиофикациялау жүйелерін сынақтан өткізу акттері;
- жұмыс өткізілуін бақылау журналдары мен жобалау ұйымдарының авторлық қадағалау журналдары.
Осы аталған құжаттардың барлығы ветеринариялық мекеме басшысында қалады. Жұмыс комиссиясы атап көрсеткен кемшіліктерді жойған соң құрамында тапсырыс беруші өкілі, бас ветеринар дәрігері, бас мердігер өкілі, аудандық атқарушы орган өкілі, бас жобалаушы, санитарлық және өрт қауіпсіздігі органдарының өкілдері бар мемлекеттік комиссия тағайындалады.
Мемлекеттік комиссия тексерістен кейін ветеринариялық мекемені пайдаланымға қабылдау жөнінде акт толтырады.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 2238;