Ішек ауруларымен ауратын
Науқастарды тексеру әдістері
Бейнелеме
Науқастың шағымдары |
1.Іштің ауырсынуы (мерзімі, бағыты, тамақпен байланысы) 2.Ауырсынудың нәжістің шығуымен байланысы 3.Метеоризм, іштің қорылдауы 4.іштің өтуі, іш қатпасы 5.Ішектен қан кету 6.Тамаққа тәбетінің өзгеруі, арықтау |
Ауру сыртартқысы |
Себебі. Жүргізілген ем,оның нәтижесі Бастамасы Аурудың ағымы |
Өмір сыртартқысы |
1. Ұлты. Аллергологиялық анамнез 2. Жағымсыз қылықтары. 3. Тамақтану тәртібі 4. Тұрмыс жағдайы. |
Науқасты тікелей тексеру |
Қарау | Сипалау | Тықылдату | |
-дене салмағының азаюы; -тіл өзгерістер; -іштің пішіні; -терінің түсуі. | 1.бауыр 2.көк бауыр. 3.асқазан. 4.ішек 5.тік ішекті саусақпен сипалау | 1.іштің екі бүйірі 2.бауыр 3.ішек шулары | |
Қосымша тексерістер | |||
зертханалық | аспаптық | ||
1. қан анализдері 2.нәжіс анализдері (жалпы, жасырынды қанға, құрт-гельминтке). | 1.ирригоскопия 2.колоноскопия 3.ректороманоскопия 4.биоптат алу | ||
Бақылау сұрақтары
1. Сырқаттың этиологиялық патогенезін айтып беріңіз.
2. Сырқатқа тән белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
3. Асқазан обырының басқа асқазан аурулар түрлерінен жалпы қандай айырмашылықтарына қарап ажыратуға болады?
4. Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданады?
5. Мейірбикенің педагогикалық аспектідегі жұмысы не болып табылады?
Созылмалы энтерит
Созылмалы энтерит дегеніміз жіңішке ішектің қабынуы.
Этиологиясы. Әкеліп соқтыратын себептерге ішектік жұқпалар, алиментарлық бұзылыс, дұрыс тамақтанбау, тағамдық аллергия, құрт-гельминттер, улану, радияциялық зақымдану т.б. мәнбірлер жатады.
Патонегезі. Қалыпты түрде жіңішке ішекте бактериялық флора өте аз. Энтеритте ішекте патогендік микроорганизмдер өсіп, бүкіл жіңішке ішекке жайылып кетеді. Жіңішке ішек қызметі бұзылады, тамақ толық қорытылып сіңірілмейді. Жұқпа әсерінен ыдыраған тағам бөліктері ішек қабырғасының қабынуын күшейтіп одан әрі зақымдайды. Ішектің қабырғасында қабыну, дистрофиялық, атрофиялық процесстер дамиды. Осы өзгерістердің әсерінен ішектің сору беткейі азайады, нәтижесінде ас қорыту процессі бұзылады.
Жіктемесі. (А.В.Фролькис, 1996 ж)
1.Себебіне байланысты: жұқпалық, паразиттік, уытты түрі, дәрі-дәрмектік түрі, тағамдық, радиациялық және басқа ауруларға байланысты түрлері.
2.Орналасуына байланысты: еюнит, илеит, тотальді энтерит.
3.Ағымына байланысты энтериттің 3 дәрежесі байқалады:
І дәрежесі – сырқаттың клиникалық белгілері айқындалмаған. Науқас 5 кг дейін арықтайды. ІІ дәрежесі – сырқаттың белгілері айқын білінеді. Ішектің ас қорыту қызметі бұзылады, науқас 10 кг дейін арықтайды. ІІІ дәрежесі – ішектің ас қорыту, сіңіру қызметі бұзылып, ауыр зат алмасу өзгерістер дамиды. Энтериттің ағымында ремиссия және өршу кезеңдері ажыратылады.
Клиникалық бейнесі. Созылмалы энтеритте кіндік аймағы түйіліп ауырсынады. Ішті қолмен сипағанда ауа құрылы, сұйық шылдыры естіледі. Бұны В.П.Образцов симптомы деп атайды. Созылмалы энтериттің негізгі басты белгісі – іш өту (ішектік диспепсия). Тәулігіне 15-20 рет үлкен дәрет білінеді. Нәжіс сасық иісті, қорытылмаған ас бөліктері байқалады, газ көпіршіктері міндетті түрде болады. Нәжістің түсі ашық сары, саз балшық тәрізді. Науқас тамақ іше салып дереу дәретке жүгіреді. Дәреттен соң әлсіздік дамиды, суық тер шығады, қолы дірілдейді. Сіңірілу процесстің бұзылысының белгісі- трофикалық бұзылыстар. Сырқаттың ауыр ағымында науқас салмақ жоғалтады, кейде кахексия дамиды, әлсірейді. Гиповитаминоздың белгілері анықталынады: терісі құрғайды, шашы түседі, тырнақтары сыңғыш келеді, жүйке жүйелері зақымданады. Іш мүшелері дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Қанда – гипопротеинемия, гипохолестеринемия, анемия байқалады. Нәжіс микроскопиясында қорытылмаған ас бөлшектері, майлардың тамылары (стеаторея), бұлшық ет тарамдары (креаторея), торшалардан босаған крахмал (амилорея) байқалады. Аспаптық тексерісте – рентгенологиялық – баридің ішектен өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады (қалыпты түрде бұл уақыт – 2,5-3 сағат).
Дерт анықтамасы. Аурудың диагнозын клиникалық белгілеріне сүйеніп, нәжіс тексерістерінің нәтижесін шығарып, аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдап анықтайды.Копрологиялық синдромға жатады: сұйық, сілтілі нәжіс, полифекалия, креаторея мен стеаторея, амилорея.
Емі. Біріншіден, емдәм тәртібі тағайындалынады. 4а, 4б устел қолданылады.Тәулік ас құрамы: ақуыз мөлшері – 130-150г, майлар – 100-110г, көмірсутегілері – 400-450г. Дисбактериозды асқындырып алмау үшін антибиотиктерді абайлап қолданады. Олардың орнына колибактерин, бифидумбактерин, бификол, хилак форте т.б. тағайындайды. Іш өтуді тоқтату үшін шөп дәрілерін, тұтқырлы висмут препаратын қолданады. Сырқаттың ауыр ағымында анаболдық стероид гормондарын қолданады, ретаболил 0,05г аптасына 1 рет бұлшық етке енгізеді.
Алдын алуы. Созылмалы энтериттің алдын алуы біріншіден ішек жұқпа ауруларын уақытында емдеу болып табылады. Сонымен бірге тамақтану тәртібін сақтау маңызды роль атқарады (толық тамақтану, тағамды толық шайнау т.б.) Созылмалы энтеритпен сырқаттанатын науқастар диспансерлік тізімге алынады.Жалпы тәжірибедегі дәрігермен жылына 1 рет қаралып тұрады. Нәтижелі зертханалық тексерістерге клиникалық қан анализдері (ақуыздың жалпы түрі, ақуыз фракциялары, электролиттер, билирубин мөлшері), нәжісті жалпы анализге (копроскопияға) және жасырынды қанға тексеру жатады. Жылына 1 рет ректороманоскопия жасайды. Негізгі емдік-салауатты шараларына темекіден және ішімдіктен бас тарту. Құрамында сүті бар тағамдарды қолданбау, сонымен бірге ақуыз, дәрумендер , микроэлементтері бар тағамдарды кең қолдану.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 3042;