Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері

Бауыр – асқорыту ағзаларындағы ең үлкен без, оң жақ қабырғаның астында орналасқан, салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр оң және сол бөліктен тұрады. Олардың ортаңғы бөлігінде өт қалтасы орналасқан. Оның сиымдылығы 50 мл. Бауыр ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады:

- қорғаныш қызметі - улы, жағымсыз дәрілерді ақуызбен байланыстырып, усыз түрге айналдырады;

- өт шығару қызметі - оның құрамында билирубин, холестерин, өт қышқылдары кальций, фосфор бар. Өт ас қорыту сөлінің бірі, ол ұлтабар сөлімен бірігіп майларды ыдыратады;

- осымен бірге басқада зат алмасу дәрісіне қатысады. Әртүрлі химия серпілісі арқылы көмір сулар гликогенге айналады, ол керек кезде бауырдан глюкоза (қант) түрінде қанға түседі.

Ақуыздар әртүрлі ас қорыту сөлдерінің әсерінен ыдырап бауырға түседі. Бауырдың ақуыз алмасуындағы маңыздылығы – ағзаға қажетті альбуминнің, фибриногеннің түзілуін қамтамасыз етеді. Бауырда А,В,С,Д,Е витаминдері және ағзаның дұрыс жұмыс атқаруына керекті мөлшерде бір қатар микроэлементтер жиналады. Бауырда өтетін дәрістер жүйке жүйесі және әртүрлі гормондардың (адреналин, инсулин, гипофиз, бүйрек безі) қатысуымен өтеді.

Негізгі белгілері

Бұл сырқаттармен науқастанған адамдар оң жақ қабырғасының асты ауыратынын, терісінің сарғайғанын, қышыну пайда болғанын, ішінің үлкейгенін айтып шағымданады. Науқастың оң жақ қабырғасының астының ауыруы бауыр мен өт жолдарының қабынуында кездесіп отыратын негізгі белгі. Ауырсыну көбінесе бірте – бірте сезіледі. Егер оң жақ бүйірдің ауырғаны ойда – жоқта басталса, ол өттегі тастың қозғалуы мен байланысты болуы. Ал ауру басқа жұқпалы аурудан кейін басталса – ол өт қабының қабынуына байланысты болуы мүмкін. Егер науқас ауырған жер деп өттің тұсын көрсетсе, онда ол өт қапшығының қабынуына, ал бүкіл оң қабырғаның төменгі жағы ауырса, ол бауырдың қабынуына байланысты болғаны.

Өт қапшығы қабынғанда немесе ішіндегі тас қозғалғанда оқтын – оқтын шаншып, түйреп ауырады. Ал , цирроз бен гепатит ауруларында бауыр тұсы, яғни, оң жақ қабырғаның асты сыздап тіреп тұрғандай болып төмен тартып, ауырланып тұрады, ал қатерлі ісікпен науқастанған адам ауруын бұдан да күштірек сезеді, бұл кезде бауырдың тұсы тынымсыз түйіліп ауырады. Бауырдың ауырсынуын тудыратын себеп: оның сыртындағы Глиссон қапшығының кеңейіп, созылуына және өттің не өт жолдарының қысылып, қабынуына байланысты болады. Дененің сарғаюы бауыр ауруларының көп түрлерінде дерлік кездеседі деуге болады. Соның ішінде сарғаю жедел де, өршіл басталатын түрінде болады. Өттің жүрмей қалуы бауырдың қатерлі ісігімен ауырғанда және өт жолдарының жіңішкеріп, қысылған уақытында кездеседі. Сонымен қатар дененің сарғаюы өтке байланысты бауыр қабынуы және циррозбен ауырған кезде де байқалады. Созылмалы гепатитте дененің сарғаюы мен бауырдың сыздап ауыруы бірдей байқалады.

Дененің сарғаюы әртүрлі себептерге байланысты. Жедел басталған гепатитте қанға өзгермеген, байланбаған билирубин түседі және ауырған бауыр өзгермеген билирубинді түгел аударып, сыртқа шығара алмайды, дененің сарғаюы сонымен байланысты. Өттің жүруі тоқтағанда өт іркіліп, оның қысымы көтеріледі. Сондықтан билирубин өт жолдарынан қанға қайта түседі де, адамның денесі сарғаяды. Ұзаққа созылған гепатит пен цирроз ауруларында дененің сарғаюы бауыр торшаларымен қабынған бауыр торшаларының өт жолдарының арасындағы қанның ұюы мен, іркілген билирубиннің қайта қанға түсуімен байланысты болады.

Бауыр және өт жолдарының ауруларында дененің қышуы жиі байқалады. Қышудың себебі: науқастың қанындағы өт қышқылдарының көбеюіне байланысты. Қышыну кейде денесі сарғаймаған науқастарда да байқалады. Бауыр циррозымен ауырған кезінде қан тамырлары бауырда пайда болған түйіршіктермен қосылып, бауырда дәнекер тіндер көбейіп, қан айналымы қиындап, қан тамырларының қабырғаларынан қанның сұйық бөлігі құрсақ қуысына жиналады да, іш үлкейіп, бауыр шемені пайда болады.

Бауырдың бұл ауруында асқазан мен ішектің де қызметтері нашарлайды: науқастың тамаққа тәбеті тартпайды, аузына ащы дәм келеді, іші кеуіп, үлкен дәреті бұзылады. Науқастың жүдеп, азып кетуі бауырдың қатерлі ісігінде және цирроз ауруларында байқалады. Ол зат алмасу дәрісінің бұзылуына байланысты. Адамның денесі бауыр және өт қабының қабынған кезінде қызады, сонымен қатар қатерлі ісікпен ауырғанда да дене қызуы көтеріледі. Бұл денеге тараған қатерлі ісік торшаларының көбеюіне байланысты. Жалпы шағымдарға әлсіздік, ұйқысының бұзылуы жатады.

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 7651;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.