Газ ұңғымасының құрылысының ерекшеліктері

 

Газ және газконденсатты кен орындары жер қабатында әртүрлі тереңдіктерде орналасады: 250 м-ден 10 000 м-ге дейін немесе одан жоғары. Газ ұңғымалары: - қабаттан жер бетіндегі өндірістік қондырғыларға газдың қозғалысын; - ашылған тау жыныстарын құлаудан қорғау; - жер астындағы газдың жоғалуын болдырмау мақсатында пайдаланылады.

Газ ұңғымалары ұзақ уақыт бойына қиын, және тез өзгеретін шарттарда пайдаланылады. Газ ұңғымаларындағы қысым 100 МПа дейін, ал газдың температурасы 523 К дейін жетеді, 10 000 м тереңдіктегі құбыр тізбегінің сыртындағы қысым 250 МПа-дан асады. Ұңғыманы меңгеру, зерттеу, күрделі жөндеу және пайдалану процесі кезінде қысым, температура және ұңғымада қозғалыстағы газдың құрамы күрт өзгеріп кетеді.

Газ өндіру ұңғымасының конструкциясы көптеген факторларға: қабат қысымына және оның гидростатикалық қысымға қатынасына, бұрғылаудың геологиялық шарттарына, қабаттың геология-физикалық параметрлеріне, қабат сұйықтарының физикалық қасиеттеріне, қабаттардың аралығындағы қысымның айырмашылығына, ұңғыманы пайдаланудың технологиялық шарттарына, қабатты пайдалану режимдеріне және экономикалық жағдайларға байланысты болады.

Газдың физикалық қасиеттері – тығыздығы мен тұтқырлығы, олардың пайда болуы мен температураға тәуелді өзгеруінің, мұнайдың тығыздығы мен тұтқырлығынан айырмашылығы бар. Көп жағдайда, газдың тығыздығы мұнай мен судың тығыздығынан аз болады, ал газдың динамикалық тұтқырлық коэффициенті мұнай мен судан 50÷100 есе кем болады.

Газ бен сұйықтың тығыздықтарында айырмашылықтың болуы, мұнай ұңғымаларымен салыстырғанда газ ұңғымаларында кондукторды үлкен тереңдікке түсіруге алып келеді. Оның себебі, тау жыныстарында газдың жарылуын, жер асты ауыз суларын ластамауын және газдың жер бетіне шығуын болдырмау мақсатында.

Газ ұңғымасына кондукторды түсіру тереңдігін h (м) келесі теңдікпен таңдау арқылы анықтауға болады

(11.1)

мұндағы L – ұңғыма тереңдігі; R – газдың бірлік тұрақтысы; Т – (L-h) ұзындықтағы орташа температура; rср - h ұзындықтағы қимадағы тау жынысының орташа көлемдік тығыздығы; рн – газдың бастапқы қабат қысымы; g – еркін түсу үдеуі немесе теңдеудегі жуық шама.

,

мұндағы rw – қабат суының тығыздығы.

Газдың тұтқырлығының аз болуы, газ ұңғымасындағы құбыр аралық кеңістіктегі және шегендеуші құбырлардың саңылаусыздығын қамтамасыз ету шараларын қолдануды қажет етеді.

Шегендеуші құбырлар тізбегінің саңылаусыздығын әртүрлі әдістер арқылы, мысалы құбыр мен муфтаның соңғы жағын резбалы қосылыспен арнайы трапеция тәрізді тығыздағыш сақиналармен, фторпласты тығыздағыш ленталармен және муфталы қосылыстарға арналған саңылаусыздандырғыш тығындармен бекітуге болады. Ал құбырлардың сыртқы жағын, яғни тізбек сыртын арнайы маркалы, газ жібермейтін, жарықшақ ұстағыш цементтермен саңылаусыздандыруға болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Газ өндіру ұңғымасының жабдықтарына не жатады?

2. Газ өндіру мен мұнай өндіру ұңғымаларының конструкцияларының

айырмашылығы қандай?

3. Газ ұңғымасына кондукторды түсіру тереңдігі қалай анықталады?

 

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2725;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.