Газ ұңғымасының сағалық жабдықтары
Газ ұңғымасының сағалық жабдықтары шегендеуші құбырдың жоғарғы бөлігі мен фонтанды құбырды жалғастыруға, құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандыруға және жабдықтардың бөлшектерінің арасын жалғауға, ұңғыманы пайдаланудың технологиялық режимдерін бақылау және реттеу шараларын жүргізу үшін арналған.
Олар үш бөліктен тұрады: 1) тізбек басы; 2) құбыр басы; 3) фонтанды шырша.
Тізбек басы кондуктордың жоғарғы бөлігін пайдалану тізбегімен жалғайды және құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандырады, құбыр басы мен фонтанды шыршаға тірек қызметін атқарады.
Құбыр басы фонтанды құбырды ұстап тұру үшін және пайдалану тізбегімен фонтанды құбырдың аралығын саңылаусыздандыруға арналған. Құбыр басына тікелей төрт жақты немесе үш жақты фонтанды шырша бекітіледі.
Фонтанды шырша құбыр басының жоғарғы фланецтың үстіңгі жағына орнатылады. Ол: 1) ұңғыманы меңгеруге; 2) ұңғыманы жабуға; 3) ұңғыманың технологиялық режимін реттеуге және бақылауға арналған. Фонтанды шыршаның негізгі элементтері – төрт жақты (крестовина), – үш жақты (тройник). Оған штуцер, термометрлер, гидрат түзілуге қарсы және коррозияға қарсы ингибитор айдауға арналған қондырғылар, сағалық айырғыш-клапандар орнатылады.
Сағалық айырғыш-клапандар апаттық қысым жоғарылаған жағдайда ұңғымадан шығатын жүйені өзіне дейін немесе өзінен кейін қысым төмендегенде автоматты жабуға арналған.
Төрт жақты түрдегі фонтанды шыршаның биіктігі үлкен емес, пайдалану қызметіне ыңғайлы. Олар газ ағының құрамында қатты түйіршік заттар, газ тәрізді немесе коррозияға ұшырататын сұйық коррозиялық агенттер болмаған жағдайда және ұңғыманы пайдаланудан шығару кезінде қолданылады.
Үш жақты фонтанды арматураның үш бағытқа айырғыш шыршасы (тройнигі) екеу болады. Жоғарғысы – жұмысшы, төменгісі – қордағы (резервтік). Төменгісі жөндеу жұмыстары кезінде немесе жоғарғысын ауыстыру кезінде қолданылады. Үш жақты фонтанды арматураның биіктігі өте үлкен болады (жер бетінен 5 м-ге дейін), пайдалану қызметіне қолайсыз. Ұңғыманы пайдаланудың өте қиын шарттарында қолданылады - газ ағының құрамында қатты түйіршік заттар, газ тәрізді немесе коррозияға ұшырататын сұйық коррозиялық агенттер (көмірқышқылды газ, күкіртсутегі, пропинді, майлы немесе басқада майлы қышқылдар) кездескенде, қысым мен температура күрт өзгерген жағдайда қолданылады.
Фонтанды арматура 4; 7,5; 12,5; 20; 30; 35; 70 және 100 МПа жұмыс қысымына есептелініп шығарылады. Фонтанды арматураның ішкі диаметрі (63 немесе 100 мм) етіп, ұңғыманың өнімділігіне немесе газдың қысымына байланысты таңдап алынады. Ұңғыманың өнімділігін арттыру мақсатында пайдалану тізбегінің диаметрін, және сәйкесінше фонтанды арматураның диаметрін де үлкейтеміз.
Фонтанды арматураны жинау және барлық байланыстарды бекіту кезінде, әсіресе құбыр басын жалғау кезінде мұқият болу керек, ал жөндеу жұмыстары немесе ауыстыру кезінде ұңғыманы тоқтатып жабу керек. Одан бөлек, арматураның дұрыс болмау салдары, ашық фонтандауға алып келуі мүмкін. Ұңғымадағы жұмыс және статикалық қысымын буферде бекітілген манометрмен, ал құбыраралық кеңістіктегі қысымды құбыр басындағы төрт жақты құбырдағы (крестовина) манометрдің біреуімен анықтайды.
Ұңғыманың жұмыс режимін реттеу үшін жапқыштан кейін шығу желілеріне штуцер орнатылады. Құрылысы бойынша штуцерлер екі түрге бөлінеді – реттелетін және реттелмейтін.
Реттелетін түрдегі штуцерлер құрылысы қарапайым, кәсіпшілікте оларды болат түтікшелерінен конус тәрізді етіп жасайды. Мұндай штуцерлерді сәйкесінше тесіктерге бір бағытта газдың қысымының әсерімен мықты бекітілетіндей етіп тез орнатуға болады. Штуцердің тесігінің диаметрі 2,3-тен 20 мм-ге дейін және одан жоғары болуы мүмкін. Тесіктің диаметрі неғұрлым кіші болса, соған сәйкес газдың жолында кедергі де үлкен болады, ал ұңғыма түбіндегі буферлік және түптік қысым үлкен және төмен болған сайын, сәйкесінше оның өнімі де сондай болады.
Газды жинаудың топтық жүйесінің кеңінен таралуына байланысты және фонтанды шыршаға орнатылатын штуцерді және метанол енгізуді топтық қондырғыларға ауыстыру қарастырылуда. Мұндай жағдайда штуцердің жағдайын бақылау мен оны ауыстыру жұмыстары жеңілдейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Газ ұңғымасының сағалық жабдықтары қандай қызмет атқарады?
2. Сағалық айырғыш-клапандардың қызметі қандай?
3. Құрылысы бойынша штуцерлер қандай түрлерге бөлінеді?
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2449;