Сорапты компрессорлы құбырлар тізбегінің ішкі диаметрін анықтау

Диаметрі d және тығыздығы rm берілген өлшемдегі қатты бөлшекті ұңғыма түбінен жоғары шығару шарты бойынша сорапты компрессорлы құбырдың диаметрін анықтау керек.

; (11.2)

мұндағы: ; (11.3)

r0 – стандартты жағдайдағы газдың тығыздығы; u0p » 2,5 ÷ 4 м/сек - 0,1мм диаметрдегі және 2500 кг/м3 тығыздықтағы бөлшектің қозғалу жылдамдығы; Q – стандартты жағдайға келтірілген өнім (мың. м3/тәу); р – қысым (0,1 МПа); “0” индексі – стандартты жағдай және “c” индексі – түптік жағдай.

Сұйық бөлшекті ұңғыма түбінен жоғары шығару шарты бойынша сорапты компрессорлы құбырдың диаметрін анықтау (11.2) формула бойынша анықталады, бірақ

(11.4)

Ұңғыма бағанындағы ең төменгі қысымның жоғалу шартын қамтамасыз ету бойынша диаметрді анықтау.

, (11.5)

мұндағы ру – сағалық қысым (0,1МПа); ;

- ауа бойынша газдың салыстырмалы тығыздығы;

L – ұңғыма тереңдігі (м).

 

Егер, (11.5) формула бойынша алынған диаметр, қатты және сұйық бөлшектерді жер бетіне шығаруды қамтамасыз етудің анықталған шартынан (11.2) үлкен болса, онда соңында анықталған шарт бойынша диаметрді қолданамыз. Егер жоғарыға шығаруда есептелген шарт бойынша қоспаның диаметрі кіші болса, онда оның диаметрін соңғыға дейін үлкейтуге болады.

Осыдан ұңғыма бағанындағы қысым жоғалуы төмендейді. Осылайша, қабаттың бұзылуы немесе судың тартылуы сияқты қауіп төнетін болса, онда сұйықты және қабатты бұзушы өнімді сыртқа шығару қажет.

Егер де ұңғыманың өнімі басқа факторлармен шектелген болса, онда есептеулер технологиялық және техникалық көзқарас бойынша ең төменгі мүмкін мәнге дейін қысымның жоғалуын азайту шартымен жүргізіледі.

Кен орнын игеру кезінде қабат қысымы төмендегенде СКҚ диаметрін үлкейтеді, яғни кіші диаметрлі құбырлар тізбегін үлкен диаметрліге ауыстырады. Игерудің соңғы сатысында судың келуі мен қатты түйіршіктердің ұңғымаға келуі болмаған жағдайда ұңғыманы пайдалану металл шегендеуші құбыр бойынша пайдалануы мүмкін.

Егер бір ғана өнімді қабат болса, онда ұңғымаға бір фонтанды құбырды түсіреді, ал бірнеше өнімді қабатты бөлек, бірақ ұңғыманың бір жүйесімен пайдаланатын болса, онда екі немесе үш фонтанды құбыр тізбегін бөлгіш пакерді қолдана отырып параллель түсіреді.

Жоғары сапалы ұзындығы 5÷12 м, ішкі диаметрі 33÷152 мм-лік болат құбырлар, ұңғыманы бұрғылап болғаннан кейін меңгеру процесін жылдамдатуға және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тереңге арналған қондырғыларды түсірмей ұңғыма бағанының жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Ұңғымаға мұндай құбырларды түсіру тереңдігін өнімді қабаттың сипаттамасы бойынша және ұңғыманы пайдаланудың технологиялық режимі арқылы анықтауға болады. Әдетте оларды төменгі перфорация тесігіне дейін түсіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғымаға СКҚ түсірудің қажеттілігі қанша?

2. СКҚ диаметрін анықтау не үшін қажет?

3. СКҚ диаметрін қандай себептерге байланысты өзгертуі мүмкін?








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2598;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.