Мұнай өндіруге арналған штангалы винтті сорапты

қондырғылар

12.4.1. Қондырғының құрылысы және ерекшеліктері

 

Мұнайды өндіруге арналған штангалы сорапты қондырғылардың бір түрі болып, жер бетіндегі жетекті винтті штангалы сорапты қондырғылар (ВШСҚ) табылады (12.6-сурет).

Терең мұнай ұңғымаларынан мұнай өндіруге арналған ВШСҚ мұнай кәсіпшілік нарығында 80-жылдардың басында АҚШ және Францияда пайда болды. Қазіргі кезде берілісі 0,5-тен 1000 м3/тәу және қысымы 6 ÷ 30МПа аралығында болатын ВСШҚ көптеген түрлері жасалған.

12.6-сурет. Мұнай өндіруге арналған штангалы винтті сорапты

қондырғының ұңғыма сағасында орналасуының жалпы көрінісі

ВСШҚ жеткілікті кеңінен таралуының себебі мұнай өндірудің басқа механикалық әдістерімен салыстырғанда, олардың техника-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуы.

ШҰСҚ-мен салыстырғанда:

- жетегінің құрылысының қарапайымдылығы мен салмағының аздығы;

- қондырғы жетегін орнату үшін фундаменттің қажет еместігі;

- тасымалдау, құрастыру және газданған сұйықты айдау мүмкіндігі;

- ұңғымалы сорапты клапандардың болмауы.

Электр жетекті винтті сораптармен салыстырғанда:

- сорап құрылысының қарапайымдылығы (шарнирлі қосылыстардың қосу муфталарының, радиалды және остік подшипниктердің болмауы);

- жетекші электр қозғалтқыштың жер бетінде болуы (оның құнының төмен болуы, гидроқорғаудың және ұзын кабель болмауына байланысты).

ВСШҚ пайдаланудың қолайлы облысы жоғары тұтқырлы, газ құрамы және механикалық қоспалар жеткілікті жоғары, тік ұңғымалар болып табылады. ВСШҚ 3÷ 100 м3/тәу беріліс және ағыны 1000÷1500м тереңдіктегі ұңғымаларда қолданады. Бірақ, ВСШҚ кейбір түрлері одан да көп көлемде сұйық өндіру мүмкіндігіне ие болады.

ВСШҚ жер бетіндегі және ұңғыма жабдықтарының құрамынан тұрады.

Жер бетіндегі жабдықтар ұңғымада құбыр басында орнатылады және жетекші электрқозғалтқыштың энергиясын айналатын штанг тізбегінің механикалық энергиясына айналдырып беруге арналған.

Жер бетіндегі жабдықтар:

- қабаттық сұйықты шығаруға арналған үш жақты құбыр (тройник);

- жетекші бас;

- жетекші қозғалтқышты бекітуге арналған рама;

- трансмиссия;

- жетекші қозғалтқыш, басқару құрылғысымен;

- шынықтырылған штокты ұстауға арналған құрылғы.

 

 

12.7-сурет. Штангалы винтті сораптың технологиялық схемасы 1 - Ұңғыма сағасы. 2 - Төрт жақты құбыр. 3 - Задвижка ЗМ65*21. 4 - Катушка. 5 - Винтті сорап. 6 - Шарикті кран. 7 - Сынама алатын кран. 8 - Винт. 9 - Манометр МПУ. 10 - Обойма. 11 - Сорапты-компрессорлы құбыр. 12- Муфта. 13- Анкер.

 

 

Жетекші бас штанг тізбегіне айналу моментін беруге, штанг салмағынан осьтік күштерді және сораптың жұмыс органдарынан гидравликалық күштерді қабылдауға және ұңғыма сағасын саңылаусыздандыру үшін арналған.

Құрылысы жағынан жетекші бас флянецті немесе резбалы қосылыспен үш жақты құбырда (тройникте) орнатылған. Остік күшті қабылдайтын тіректі подшипник ретінде конусты немесе сфера тәрізді роликті подшипниктер қолданылады.

Айналатын жетекші білікті және сағалық штокты саңылаусыздандыру үшін нығыздағыш сақина және орамды сальникті құрылғы қолданылады.

Жетекші қозғалтқыш тоқтағаннан кейін, штанг тізбегінің кері айналуын болдырмау үшін тежегіш құрылғысымен жабдықталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Штангалы винтті сораптың басқа сораптардан айырмашылығы?

2. Штангалы винтті сораптың негізгі жабдықтарын атаңыз?

3. Жетекші бастың қызметінтүсіндіріңіз?

 

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3159;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.