Батырмалы электрқозғалтқыштың гидроқорғағышы.

Гидроқорғағыш электрқозғалтқыштың ішкі жағына қабат сұйығының енуін болдырмау, температура және электроқозғалтқыш білігінен сорап білігіне берілетін айналу моментінің әсерінен электрқозғалтқыштың ішіндегі май көлемінің өзгерісін теңестіру үшін арналған.

Қозғалтқыштың жетілдірілген сериясы үшін гидроқорғағыштың екі түрлі конструкциясы (13.6 - сурет) жасалынған:

– ашық типті – П92, ПК92, П114, ПК114;

– жабық типті – П92Д, ПК92Д (диафрагмалы), П114Д, ПК114Д.

Гидроқорғағышты қарапайым және коррозияға төзімді («К» әріпі болады) етіп шығарады.

Қарапайым орындалған гидроқорғағыш ФЛ-03-К (ГОСТ 9109-81) грунтовкасымен қапталған. Коррозияға төзімді етіп жасалынған гидроқорғағыш білігі үшін К-монельден ЭП-525, IV, 7/2 110°C эмалімен қапталған.

ПЭД жинағы үшін гидроқорғағыштың негізгі түрі (типі) болып ашық гидроқорғағыш қабылданған. Ашық типті гидроқорғағыш электроқозғалтқыш ішіндегі май мен ұңғыдағы қабат сұйығының араласуын болдырмайтын физика-химиялық қасиеттерге ие тығыздығы 2 г/см³-ке тең арнайы барьерлік сұйықты қолдануды қажет етеді.

Жоғарғы камера барьерлік сұйықпен толтырылған, ал төменгі – диэлектрлік маймен толтырылған. Қозғалтқыштағы диэлектрлік майдың көлемінің өзгерісі гидроқорғағыш камерасындағы бір камерадан екінші камераға барьерлік сұйықтың ағуы есебінен теңестіріледі.

Жабық типті гидроқорғағыштарда резиналық диафрагма қолданылады, қозғалтқыштағы сұйық диэлектрлік көлемінің өзгеруін олардың иілгіштігі теңестіреді.


13.6-сурет. Ашық (а) және жабық (б) типті гидроқорғағыш:

А – жоғарғы камера; Б – төменгі камера; 1 – бас; 2 – жоғарғы ниппель; 3 – тұлға; 4 – ортаңғы ниппель; 5 – төменгі ниппель; 6 – негіз; 7 – білік; 8 – шеткі тығыздағыш; 9 – қосқыш құбыр; 10 – диафрагма.

 

 

Гидроқорғағыштың негізгі сипаттамалары 13.6 - кестеде көрсетілген:

13.6 – кесте. Гидроқорғағыштың негізгі сипаттамалары

Гидроқорғағыш Камералардың сыйымдылығы, л Берілетін қуат, кВт Монтаждық ұзындық, мм Массасы, кг  
МА-ПЭД майы Барьерлік сұйықтық  
 
 
П92, ПК92 2200 + 5  
П92Д, ПК92Д 6,5 0,15 2200 + 5  
П114, ПК114 2300 + 5  
П114Д, ПК114Д 0,25 2300 ± 5  

КТППНКС жинақталған сериялы трансформаторлық бекеттер. КТППНКС ұңғы шоғырынан мұнай алу үшін қажетті қуаты 16 ÷ 125 кВт электроқозғалтқыштары бар төрт ортадан тепкіш электросорап, және төрт тербелмелі-қондырғы электроқозғалтқышының қорегі мен жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалмалы ток тұтынушылардың қорегін басқару мен қорғауға арналған.

Кабель. Батырмалы сорап қондырғысының электроқозғалтқышына электр энергиясын жеткізу үшін негізгі қорек кабелінен тұратын және электроқозғалтқышқа кабельдік желінің саңылаусыз жалғануын қамтамасыз ететін кабельді енгізу муфтасы бар ұзартқыш кабельдік желі арқылы іске асырылады.

Арналуына байланысты кабельдік желілерге мыналар кіреді:

- негізгі кабель ретінде – КПБК, КТЭБК, КФСБК маркілі дөңгелек кабель мен КПБП, КТЭБ, КФСБ маркілі жалпақ кабельдер;

- ұзартқыш ретінде – КПБП немесе КФСБ маркілі жалпақ кабельдер.

Кабельді енгізу муфтасы – дөңгелек типті. Полиэтиленді КПБК және КПБП маркілі кабельдер, қоршаған ортаның температурасы + 90 °С-қа дейін. КПБК және КПБП кабельдері ток өткізгіш мыс сымнан жасалған. Сырты екі қабат, беріктілігі жоғары полиэтиленмен оқшауланған және өзара бұралып байланысқан (КПБК кабелінде) немесе бір жазықтыққа жатқызылып (КПБП) жасалған (сонымен қатар жастық пен қорғаны болады).

КТЭБК және КТЭБ кабельдері термоэласто-қабаттан жасалады. Бұл кабельдер қоршаған орта температурасы + 110 °С болған кезде пайдалануға арналған. КФСБК және КФСБ кабельдері фторлық қабатпен оқшауланған және де қоршаған орта температурасы + 160 °С болған кезде қолдануға арналған. Бұдан басқа кабельдің көптеген түрі бар.

ЭОТС-ты ұңғымаға тағайындау бұрғылау кезінде енгізу, механикалық өндіруге ауыстыру есептері арқылы МГӨБ әдісінде қабылданған тиімділік пен қарқындылық (ТУ бойынша) ЭОТС-ты пайдалануды қадағалау барысында жасалады.

Есептер МГӨБ-ның қолда бар төмендегідей барлық ақпарат негізінде шешіледі:

– берілген ұңғыманың өнімділік коэффициенті (ұңғыманы гидродинамикалық зерттеу нәтижелері бойынша);

– инклинометрия мәліметтері;

– газ факторы;

– қысым: - қабат қысымы және қанығу қысымы;

– өндірілетін өнімнің сулануы;

– шығарылатын бөлшектердің концентрациясы.

Бұл ақпараттардың дұрыстығын мұнай өндіру цехының бас геологы өз жауапкершілігіне алады.

Таңдау үрдісі кезінде МГӨБ-мен қабылданған әдісті жетекшілікке алу қажет. Бұл кезде газайырғышы жоқ қондырғылар үшін сораптың қабылдауындағы еркін газдың құрамы 25 %-дан аспауы керек. Егер сораптан механикалық қоспалар немесе тұз шөгінділері айтарлықтай білінсе, онда ЭОТС-ты шламұстағышсыз түсіруге тыйым салынады.

Таңдау нәтижесінде белгілі болғаны:

– есептік тәуліктік шығым (дебит);

– сорап арыны;

– пайдалану тізбегінің минимальді ішкі диаметрі;

– түсіру тереңдігі;

– есептік динамикалық деңгей;

– ЭОТС көтергіші участогы мен түсіру аймағындағы жинау қисығының максимальді қарқыны.

Пайдаланудың ерекше жағдайлары:

– көтергіш аймағындағы сұйықтың жоғары температурасы;

– сораптың қабылдауындағы еркін газдың есептік пайыздық құрамы;

– механикалық қоспалар мен тұздың құрамы;

– айдалатын сұйықтағы көмірқышқыл газы мен күкіртсутегінің болуы паспорт-формулярға енгізіледі.

Қондырғыны ұңғымаға түсіруге дайындау:

– жинақталған ОТЭС желісінің нөмірі мен типі пайдалану паспортына енгізіледі. Паспорт барлық монтаж жұмыстарынан бастап жөндеу базасына дейін ЭОТС-пен бірге болады;

– қозғалтқыш, сорап, гидроқорғағыш, кері клапан, кабельдік желі ТУ бойынша бекітілген толық циклды сынақтан өтуі қажет;

– қыс мезгілінде ұңғымаға жөнелтілуге дайын тұрған қозғалтқыш пен гидроқорғағыш ғимарат ішінде сақталуы керек, ал сораптың жұмысшы сатылары қатпайтын маймен майлануы керек.

ЭОТС-ты монтаждау:

– ЭОТС-ты ұңғымаға жеткізу тек қана желілерді бекіткіші бар, барлық керекті құралдармен жабдықталған арнайы көлік құралымен жүзеге асырылады;

– ЭОТС-ты тиеу-түсіру жұмыстары ТКРС (ұңғыманы ағымдағы күрделі жөндеу) бригадасымен монтаждаушы бригаданың бірігуі және қондырғыны жеткізуші арнайы техниканың жүк көтергіш құрылғыларын қолдану арқылы орындалуы қажет. ЭОТС желілерін түсіру ТКРС бригадасының қабылдаушы көпіршелерінің аймағын мұнай өнімдері мен құмнан тазартудан кейін жүзеге асырылады. Ал кабельді барабан автоорамамен түсіріледі.

ЭОТС-ты ұңғымаға түсіру, саңылаусыздандыру және сынамалы қосу. ЭОТС-ты түсіру ағымдағы жөндеу бригадасы мен ұңғыманы жөндеу графигіне сәйкес жүзеге асырылады.

Түсіру жұмыстары аяқталысымен бригада сальникті енгізгішті саңылаусыздандырғанға дейінгі және кейінгі оқшаулау кедергісін өлшейді (5 МОм-нан аз емес).

Кабель қорғағышының бос жатқан ұшын сағалық арматураның төменгі фланеціне гайкамен бекітеді де, сағадан басқару бекеті немесе клемма қорабына дейін кабель төсейді. Пайдалану паспортына түсірілген СКҚ саны, көтергіш тереңдігі және кабель ұзындығы енгізіледі.

Сынамалы қосу кезінде жүзеге асырылатын жұмыстар:

– 40 кг/см²-қа тең қысымға дейін ЭОТС-пен жұмыс істейтін лифтті қысымға сынайды;

– сағалық арматураның саңылаусыздығы мен құбыр сыртындағы кері клапанның жұмысы тексеріледі;

– өшіру сұйығын жинау.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғымалы ортадан тепкіш сораптарды қандай ұңғымаларда қолданған тиімді болып саналады?

2. Ұңғымалы ортадан тепкіш сораптардың негізгі жабдықтары қандай?

3. Батырмалы ортадан тепкіш электрқозғалтқышты ұңғымаға түсіру

жұмыстары қалай жүргізіледі?

 

13.3. Электржетекті ортадан тепкіш сораптар көмегімен

ұңғыманы пайдалануға арналған жабдықтар

 

Жеке – жеке пайдалануға арналған ұңғымалық ортадан тепкіш электр сораптар екі қабаттан сұйықты өндіру мүмкіндігін едәуір жоғарылатуда. Ұңғымалық ортадан тепкіш электр сораптар екі қабатты пайдалануға арналып жасалған, бірінші жағдайда бір қабат фонтанды, екіншісін сораппен пайдалану қажет, екінші жағдайда қабаттардың екеуінде сораппен пайдалану қажет [8].

Фонтан – сорап (жоғарғы қабат фонтанды) схемасы кезінде диаметрі 168 мм шегендеуші құбырлы ұңғымаға арналған сорап қолданады, ал қозғалтқыш – 146 мм ұңғымаға арналған. Сонда сораппен сұйықты өндіру 700 м3/тәу дейін жетуі мүмкін. Кері схемада (сорап – фонтан) 146 мм шегендеуші құбырлы ұңғымаға арналған сорап қолданылады, себебі бұл жағдайда бос канал қажет (13.7-сурет , а).

Екі өнімді қабатты сораптармен пайдалануда оларды қорапқа орналастыру қажет. Сондықтан шегендеуші құбыры 168 мм ұңғымаға, шегендеуші құбыры 146 мм ұңғымаға арналған агрегат қолдануға болады. Қозғалтқышының диаметрі 123 мм ұңғымалық агрегатпен екі қабатты жеке-жеке пайдалануға арналған қондырғылар жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл қондырғылардың өнімділік мүмкіндігін жоғарылатады. Сонда штангалы сораптарға қарағанда екі қабатты пайдалануда үлкен өнімділікке қол жеткізуге болады. Бірақта, бұл жағдайда төмендегіні ескерген қажет, мұндай схемаларды қолдануда батырмалы агрегаттың күрделілігіне және аз диаметрлі габариттілігіне байланысты күрделі техникалық қиындықтарды жоюды талап етеді.

13.7-суретте батырмалы агрегаттардың схемалары көрсетілген. Барлық схемаларда қабаттарды бөліп тұру үшін пакер (1) және пакерге агрегатты орнатуда құбыр салмағын қабылдауға арналған құбырлық якорь (2) қолданылған. Якорь батырмалы агрегатты үлкен өстік күштен сақтандырады. Пакер ұңғымаға батырмалы агрегаттың түсірілу тереңдігіне дейін түсіріледі.

13.7-сурет. Екі өнімді қабатты электржетекті ортадан тепкіш сораптар көмегімен пайдалануға арналған ұңғыма жабдықтарының схемалары

 

13.7-суретте (а, б) көрсетілген схемалар бір фонтандаушы және бір сорапты қабаттарды пайдалануға арналған.

Екі өнімді қабатты сорап арқылы бірдей пайдалануға арналған агрегат (13.7-сурет, в) қосымша түйіндерге ие болады – қысымды реттегіш камерасы (3) және шығым өлшегіш (4). Қысымды реттегіш камерасына үлкен қысымды қабаттың сұйығы келіп түседі және дросселдеуші тесік арқылы өтіп сорап қабылдауына екінші қабаттың қысымына тең қысыммен келеді.

Шығым өлшегіш бір қабаттан өндірілетін сұйықты өлшеп және жер бетіне белгі береді. Осы белгі бойынша және жер бетіндегі жалпы өнімді өлшеу бойынша әр қабаттан келген өнімді анықтайды.

Қондырғылардың екі негізгі схемалары қолдануда. Бірінші қондырғы УГР-В-Д (сорапты қондырғы жеке пайдалануға арналған, салынатын, екі қабатқа арналған) екі сораптан тұрады: біріншісі төменгі қабатты пайдалануға арналған, екіншісі – жоғарғы қабатты. Ұңғымаға СКҚ тізбегіне жоғарғы және төменгі сораптарды орнату үшін пакер және ершік түсіріледі. Пакер ұңғыма бағанасында жоғарғы және төменгі қабаттарды бөледі. Сораптар штанга арқылы түсіріледі. Төменгі сорап қарапайым салынатын сорап және салынатын сораптарға арналған қарапайым ершікке орнатылады. Жоғарғы сорап СКҚ тізбегінде орнатылған арнайы ершікке бекітілген қозғалмайтын плунжерден тұрады. Сұйық жоғарғы қабаттан жоғарғы жағында сору клапаны орналасқан плунжердің ішкі кеңістігіне келіп түседі. Жоғарғы сораптың цилиндрінде жоғарғы ершікке үзік арқылы өтетін және цилиндрді төменгі сораптың плунжерімен қосатын тартқыш болады. Жоғарғы сораптың айдау клапаны қозғалатын цилиндрдің жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Сонда екі сораптың да сору тактасы штанга жоғарыға қозғалғанда жүреді. Жоғарғы және төменгі қабаттардың жұмыс режимдері әртүрлі. Өндірілген сұйық араласып және жер бетіне СКҚ арқылы көтеріледі.

Қабаттарды зерттеу үшін жоғарғы сораптың айдау клапанын істен шығаруға болады (арнайы ашып қояды). Бұл жағдайда тек төменгі сорап қана жұмыс істейді және оның берілісін анықтауға болады. Төменгі сораптың және екі сораптың жұмыстарының сипаттамасын біле отырып жоғарғы сораптың жұмыс сипаттамасын анықтайды.

Минутына 10 жүрісте, толу коэффициентінде ηнак=1 және диаметрі 146мм шегендеуші құбырға түсірілгенде екі сораптың қосынды берілісі 16 м3/тәу-тен 148 м3/тәу-ке дейін болады, 168 мм - 16 м3/тәу-тен 228 м3/тәу-ке дейін. Тербегіш-қондырғының теңгергіш басына түсетін күш 60 кН-ға жетеді, сораптарды түсіру тереңдігі – 1200÷1500 м, плунжердің жүріс ұзындығы – 3300 мм, жүріс саны – минутына 15. Сораптардың ең үлкен диаметрі 146 мм шегендеуші құбырларда – 43 және 32 мм, 168 мм – 56 және 43 мм.

Мұндай жабдықтардың кемшіліктері – сұйық жер бетіне бір канал арқылы көтеріледі, жабдықтарды түсіру және қабаттарды зерттеу қиынға түседі. Бұл схеманың құбырлы варианты (УГР-Н-Д) келесі түрде ерекшеленеді, барлық жабдықтар СКҚ арқылы түсіріледі, содан кейін жоғарғы сораптың цилиндріне бекітілетін ұстағышты штанга түсіріледі. Бұл жағдайда сораптың ең үлкен диаметрі 68 мм, қосынды берілісі 297 м3/тәу (минутына 10 жүрісте, толу коэффициентінде ηнак =1).

Бақылау сұрақтары:

1. Екі өнімді қабатты бір уақытта бірдей пайдалануға болады ма?

2. Екі өнімді қабатты бір уақытта бірдей пайдалану барысында қандай

қондырғылар қолданылады?

3. Өнімді қабаттарды зерттеу жұмыстары қалай жүргізіледі?

 

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2473;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.033 сек.