Ымада жер асты жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты
Жөндеу жұмыстарына байланысты, ұңғымалардың тоқтап қалуы көптеп кездеседі. Ұңғыманың тоқтап қалуының ұзақтығын пайдалану коэффициентімен анықтауға болады - ол ұңғыманың жұмыс сағатының бір айдағы жалпы сағат санына қатынасымен анықталады. Орташа пайдалану коэффициентін 0,95 деп аламыз. Ол мән жоғарылау үшін жөндеу жұмыстарын жақсы ұйымдастыру керек [7].
Мұнай және газ өндіруші кәсіпорнының негізгі тапсырмасы мұнай өндіруді көбейту болып табылады.
Осы мақсатқа жетуге арналған шаралар жиынтығында негізгі ролді жер асты жөндеу жұмыстары атқарады.
Ұңғымада жер асты жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты келесі жұмыстарды жүргізу болып табылады:
- ұңғыма жабдықтарының және ұңғыманың өзінің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру;
- жабдықтардың және ұңғымалардың пайдалану ұзақтығын жоғарылату және істен шығуын алдын алу;
- ұңғыма шығынын бастапқы деңгейге дейін немесе одан да жоғары деңгейге дейін жоғарылату.
Мұнай−газ өндіруші кәсіпорынның жұмыс істеу саласын бағалау үшін ұңғыма жұмысын жөндеу аралық (межремонт) периодының көрсеткішін қолданады.
Ұңғыма жұмысының жөндеу аралық периоды - бұл бірінші жөндеуден келесі жөндеуге дейінгі ұңғыманың шынайы пайдалану ұзақтығы. Ұңғыма жұмысының жөндеу аралық периодын ұзарту, жабдықтарды дұрыс таңдаумен және жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолдану арқылы жүзеге асады.
Ұңғымадағы жөндеу жұмыстарын үш топқа бөлуге болады:
1) ұңғыма алаңын жөндеу жұмыстарына дайындау жұмыстары;
2) ұңғыманы жер асты жөндеу;
3) жер бетіндегі жабдықтарды жөндеу жұмыстары.
Ұңғымада алаңды дайындау жұмыстары арнайы агрегаттар және типтік жабдықтар көмегімен жүргізіледі. Үлкен еңбек сыйымдылықты жұмыстар ұңғыманы жер асты жөндеу кезінде орындалады.
Жер асты жөндеу кезіндегі жұмыстар түрлері төмендегідей болады. Жер асты жөндеу кезіндегі барлық жұмыстарды ағынды (І) және күрделі (ІІ) жөндеу жұмыстарына бөлуге болады [7]:
І. Ағынды жөндеу жұмыстары:
1. Алдын ала жөндеу жұмыстары.
а) газлифт клапандарын ауыстыру;
б) ұңғымалы сораптарды жоспарланған мерзімінде немесе берілісі төмендегенде ауыстыру;
в) ұңғыманы құмнан тазарту;
д) СКҚ-дағы саңылауларды жою.
2. Апаттардың алдын алу, оқшаулау және жабдықтар істен шыққанда жүргізілетін жұмыстар.
а) штанганың үзілуі және майысуы кезіндегі жұмыстар;
б) істен шыққан ұңғыма сораптарын, кабельдерді және басқа да жабдықтарды алмастыру, пакерлерді орнату;
3. Технологиялық жұмыстар.
а) ұңғыма жабдықтарын басқа типтік өлшемдерімен өзгерту;
б) штангалы сораптардың қорғау құралдарын түсіру немесе ауыстыру;
в) СКҚ басқа өлшемдерге ауыстыру немесе оларды түсіру тереңдігін өзгерту;
г) ұңғымаларды басқа пайдалану әдістеріне ауыстыру;
д) қабатқа әсер ету кезінде ұңғыма жабдықтарын түсіру және көтеру жұмыстары.
ІІ. Күрделі жөндеу жұмыстары:
1. Апаттарды оқшаулау және жабдықтар істен шыққанда жүргізілетін жұмыстар.
а) шегендеуші құбырларды жөндеу;
б) ұңғыма жабдықтары үзілгенде және СКҚ үзілгенде алу жұмыстары.
2. Технологиялық жұмыстар.
а) басқа өнімділік қабатқа өту жұмыстары.
Бұл жұмыстарға ұңғымаға жөндеу жабдықтарын тасымалдауға арналған транспорттық көлік және ұңғымада түсіріп - көтеруге арналған жабдықтар қолданылады. Тасымалдау үшін тракторлар және автомашиналар қолданылады. Түсіріп - көтеру жабдықтарына вышка (мұнара) немесе мачта, таль жүйесі, лебедка, СКҚ тізбегі мен штанганы ұстауға арналған құралдар мен механизмдер, сонымен бірге құбырларды және штангаларды бұрап босату және бекітуге арналған құралдар жатады.
Бұдан басқа кейбір жұмыстарға келесі қосымша жабдықтар қажет етеді:
1) ұңғымаларды жууға арналған сораптар, ұңғыманы құмнан тазартуға арналған арнайы аппараттар;
2) жылжымалы бу генераторлы қондырғылар және ұңғыманы ыстық мұнаймен жууға арналған қондырғылар;
3) бұзылған жердің формасын анықтауға арналған печаттар, бұзылған жерді дұрыстауға арналған құралдар, пакерлер немесе бұзылған жерді цементтеуге арналған жабдықтар және цемент тығындарын бұрғылау жабдықтары;
4) жабдықтарды ұстауға дайындау және ұстау құралдары;
5) ескі ашылған (қазылған) қабатты саңылаусыздандыруға арналған жабдықтар (пакерлер және цементтеу жабдықтары) және жаңа қабатты бұрғылауға арналған жабдықтар (қашаулар, сораптар).
Ұңғымаларда жер бетіндегі жабдықтарды жөндеуге арналған жұмыстарына: фонтанды арматураның бөлшектерін ауыстыру, тербегіш-қондырғыны жөндеу, жер бетіне шығарылған құбырларды парафиннен тазалау және т.б. жұмыстар жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұңғыманы жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты мен түрлері қандай?
2. Ұңғыманы жөндеу жұмыстары қалай жүзеге асады?
3. Апаттардың алдын алу және жабдықтар істен шыққанда жүргізілетін
жұмыстарды атаңыз?
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3966;