АҚҚ құрылғыларын жөндеу

АҚҚ құрылғыларын тексеру және жөндеу “Релелік қорғаныс және энергожүйедегі электроавтоматика құрылғылары тексеру түрлері, мерзімі және көлемі туралы типтік Ережеге” сәйкес жүргізіледі. Тексеру төмендегі санаттарға бөлінеді: жаңа қосу кезінде тексеру, профилактикалық бақылау, профилактикалық қалпына келтіру, кезектен тыс тексеру, апаттан кейін тексеру.

Жаңа қосу кезінде құрылғыларда сұлба мен таңбалауды толық тексеру, сыртқы байқау және релені электрикалық реттеу бойынша аппаратураның жалпы жағдайын бағалау, АҚҚ сызбасының өзара әрекеттесуін тексеру жұмысы жүргізіледі.

Профилактикалық бақылау кезінде пайдалану үрдісінде элементтердің кенеттен істен шығуы себептері жойылады.

Құрылғының профилактикалық қалпына келтіру негізгі қызметі- ескіру және ауыстыру жолдарының тозуы үрдісі салдарын мерзімді жою немесе құрылғы элементтерін біртіндеген ескірудің алдын алу үшін қалпына келтіру. Профилактикалық қалпына келтіруді орындау кезінде профилактикалық бақылау мәселелері де орындалады.

Кезектен тыс тексерулер сызбаның жекелеген өзгерістері кезінде немесе құрылғы реконструкциясы, тізбекті қалпына келтіру, негізгі құрылғының жөндеу жұмыстарына байланысты, сондай-ақ реле және құрылғы сипатын өзгертуге қажеттілік туындағанда өткізіледі.

Тексеру көлемі құрылғы жағдаына байланысты анықталады, ал профилактикалық бақылау және қалпына келтіру кезінде- реле және құрылғының басқа элементінің жұмысы жағдайымен пайдалану процесімен, ластану және ылғалдану дәрежесімен, панелдердің дірілімен анықталады.

Егер жаңа қосылу кезінде жұмыс жоғары дәрежеде орындалса, онда профилактикалық бақылау және қалпына келтіру көлемі аз болады, құрылғыны апатсыз пайдалану ұзықтығы анықталады.

Сұлбаны тексеру, релені реттеу және уставкаларын баптау басқа басты назар АҚҚ жұмысының (сәтті және сәтсіз АҚҚ циклы, қорғаныс әрекетінде бұғаттау, синхронизді бақылау релесі, әрекеттің бір реттілігі т.б.) қажетті режимдерін тексеру де қажетті. Сызба жұмысының режимі АҚҚ сызбасындағы түйіспелердің ажырау және тұйықталуына ұқсас.

РПВ-58 құрылғысын тексеру және баптау ерекшеліктерін қарастырамыз. Комплекттің құрамына уақыт релесі, кодалық реле және зарядттаушы резистор және разрядты конденсатор кіреді. Уақыт релесін реттеу және баптау ұсыныстарға сәйкес орындалады. Уақыт ұстамы тиісті кернеу кезінде тұрақты ток релесі үшін - 0,7 Uном, айнымалы ток – 0,85Uном. Егер уақыт ұстамын өлшеу кезінде көрсетілген шарттардан асса, релені алмастыру қажет. Белгіленген АҚҚ уақыт ұстамын баптау кезінде реле сызбасындағы барлық элементтерді есепке алу қажет, сондықтан секундомер шықпа реле түйіспесімен тоқтауға лайықтап орнатылады.

Аралық релені тексеру ережеге сйәкес өткізу ұсынылады. РПВ-58 құрылғысында қолданылатын аралық релесінің ерекшелігі ондағы екі орамада: бір орама 1- негізгі-параллель, конденсатор разрядынан жұмыс істейді, келесісі-2- ретті- жұмыс істеп тұрған қалпында релені ажыратқыш толық сөндірілгенге дейін ұстап тұру үшін. АҚҚ құрылғыларын баптау алдында реле паспорт бойынша ораманы ұстап тұру тогынң мәнін тексеру қажет. Ажыратқышты қашықтан басқару сызбасы ажыратқышты басқару кілтімен қосу контакторы арқылы қосуды қарастыруы мүмкін. Бірінші жағдайда ұстап тұры тогы контактор орауышы тұтынуымен анықталады және ампермен өрнектелетін мәнге ие; екінші жағдайда ұстап тұры тогы милиампермен өрнектеледі, себебі ол реле орамасының тұтынуымен анықталады. Релені тексеру кезінде орамалардың өзара дұрыс қосылуына көңіл бөлу қажет. Көп орамалы релелерде бірполярлы шықпалар бірдей белгімен (нүкте немесе жұлдызша) белгіленген. Іске қосылу және қайту тогы және кернеу анықталады немесе реленің дұрыс жұмысына баға беру үшін іске қосылу және қайту тогы кернеу мен реленің әр орама бойынша ұстап тұруы тексеріледі.

Ұстап тұры кернеуі мен тогы келесі тәсілмен анықталады. Ұсьтап тұрышу орамада 0,8Iном тең ток немесе 0,7U тең кернеу орнатылады, содан реле іске қосылғаннан кейінгі қалыпқа қолмен келтіріледі және ұстап тұруға тексеріледі. Іске қосылу және реленің ток орамаларын ұстап тұру тогы 0,8I артық болмауы қажет. Егер бұл шарт орындалмаса, онда нақты ұстап тұру тогы тексеріледі. Ол үшін реле зәкірі төмен түсіп тұрғанда 0,65; 0,7; 0,75 тең сатылы ток орнатылады. әр ток мәнінде тексеріледі.

Ұстап тұру тогын жатық, яғни іске қосылған реле орамасында төмендете отырып тексеруге болмайды: онда қайту тогы анықталады.

Егер орамалардың полярлық бойынша қосылуына күмән туса, онда тексеріс келесі тәсілмен жүргізіледі: ораманың біріне тиісті мәнге жақын ток не кернеу беріледі, екіншісінде іске қосылу тогы мен кернеуі анықталады. Дұрыс қосылғанда олар бір ораманы қоректендіру кезіндегі іске қосылу тогы мен кернеуіне қарағанда аз болады, одан кейін тбелгіленген шықпалары бар тұрақты ток вольтметрімен бірполярлы орама шықпалары анықталады.

Конденсатор тексеру кезінде оның және резисторының дұрыстығына көз жеткізу қажет, резистор арқылы конденсатор зарядталады және разрядталады. Конденсатор дұрыстығы 1000 В мегаомметрмен зарядтау ақырлы және аз кедергіге (150-200 ОМ) разрядымен тексеріледі. Жалынның шығуы конденсатор дұрыстығын көрсетеді.

Конденсатор заряды уақыт тексеру үшін РПВ-58 комплекті шұғыл ток кернеуін тізбекті қоосылған конденсаторға және зарядтаушы резисторға жабысып тұратындай етіп береді. 30-40 с кейін С-1 тізбегінен кернеу түседі және уақыт релесі түйіспесін тұйықтау арқылы аралық реле орамасы арқылы конденсатор раряды үшін контур тудырады. Бұл кезде реле аз уақытқа іске қосылуы қажет. Конденсатор разрядын біртіндеп азайта отырып, конденсатор зарядына жеткіліксіз, релені іске қосатын уақыт табылады. Бұл уақыт конденсатор зарядына жеткілікті минималды уақыт болып табылады. Зауыт нормативі бойынша конденсатор зарядына қажетті уақыт 15-20 с. Егер уақыт мәні үлкен болса, онда оның дұрыс жұмыс істемей тұрғандығын не кедергінің тиісті мәнге сәйкес еместігін білдіреді. Егер зарядтау уақыты 15 с аз болса, яғни зарядтаушы резистор кедергісі төмен. Резисторды жаңаға алмастыру қажет.

 

 








Дата добавления: 2015-11-24; просмотров: 2117;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.