Көлік техникасын жөндеу және өндірісті ұйымдастыру әдістерін талдау
Машина паркін пайдаланудың қарқындылығы, машина өнімділігі мен бірлік қуаттың өсуі, электрлік және гидравликалық жетектердің кеңінен қолданылуы қазіргі кезде жөндеу өндірісіне жоғары талаптар қоя бастады. Сондықтан да жөндеу түрлері мен әдістерінің маңызы артып тұр. Машина жөндеудің меншіктелген және меншіктелмеген түрлері болады.
Меншіктелмеген жөндеу кезінде қалпына келтіру операциялары жөнделетін детальдар мен тораптардың берілген машина моделінің белгілі бір түріне тиісті екеніне байланысты жүргізіледі. Бұл жөнделген бөлшектер жөндеуден өткен соң қай машинадан алынса, сол машинаға құрастырылады дегенді білдіреді. Негізгі кемшіліктері: жөндеу кәсіпорындарында үлкен өндірістік алаңның қажет болуы және жөндеудің ұзаққа созылуы. Жөндеудің бұл түрі бірліктік немесе кішісериялы өндіріске лайықты.
Меншіктелмеген жөндеу кезіндегі өндірісті ұйымдастырудың әдісі – бригадалық (әмбебап немесе арнайы бригадалар). Әмбебап бригадалардың жұмысы кезінде бригаданың әр мүшесі кез келген торапты жөндей алатындай болғандықтан жұмысшыларға жоғары біліктілік талабы қойылады. Сонымен бірге әр бригаданың өзінің қажетті аспаптары мен жабдықтары, қосалқы бөлшектері және машинаның барлық тораптарын жөндеуге арналған техникалық құжаттамалары болуы тиіс.
Арнайы бригаданың жұмысының нәтижесі әмбебаппен салыстырғанда жоғарылау болады. Бұл жағдайда бөлшектеу-құрау жұмыстарын бір бригада орындаса, ал тораптарды жөндеуді басқа бригада жүргізеді, жөндеуді белгілі бір жұмыс посттарында орындайды.
Меншіктелген әдістің сипаты – бір маркадағы барлық машинаның бөлшектерін шешу және дефектациялау кезінде меншіктейді, ал жөнделіп болған немесе жаңа детальдардан меншіктелген тораптарды жинайды да, берілген модельдегі машинаның кез келгеніне орналастырады. Машиналарды дайындау кезінде детальдар мен тораптардың өзара ауыстырымдылығына негізделген бұл әдіс қазіргі кезде жөндеудің негізгі әдісі болып тұр. Бұл әдіс жөнделетін бөлшектер партиясын ірілендіруге, сериялы өндірістің ерекшеліктерін пайдалануға, яғни ішкізаводтық мамандандыруды жүргізуге, жоғары өнімділікті жабдықтарды қолдануға, технологиялық үдерістерді механикаландыру және автоматтандыруға, жеке операцияларда жұмысшыларды мамандандыруға мүмкіндік береді. Меншіктелген әдіс сонымен бірге өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістері: агрегаттық- тораптық және ағымдық әдістерді қолдануға мүмкіндік жасайды. Жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі күрделі жөндеу кезінде толық, ал ағымдық жөндеу кезеңде айналма қордан келіп түсетін жөнделген детальдармен бөлшектеп ауыстыруды қарастырады.
Айналма қор дегеніміз – машина паркінің меншіктелген жөндеуін қамтамасыз етуге арналған жөнделген жинақ бірліктерінің белгілі бір қоры. Алғашында бұл қор жаңа тораптар мен кейбір бөлшектерді қалпына келтіру негізінде жинақталады, ал ағымдағы толықтырылуы тораптарды жөндеу есебінен жүргізіледі.
Бұл әдіс жөндеу кәсіпорындарында да, пайдалану жағдайында да, яғни құрылыс нысандарында қолданыла береді. Сонымен қатар жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі өндірістің көптеген салаларында, мысалы, автомобильдерді, вагондарды, тракторларды, экскаваторларды, станоктарды және т.б. жөндеуде кең қолданыс табуда.
Машина жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісін жүргізу көбінесе арнайы кәсіпорындарда көрініс табады. Бұл кәсіпорындар құрамында агрегаттық әдіспен жөндеу участоктары бар, олардың функцияларына айналма қорды құру және оны қажетті деңгейде ұстап тұру, оны сақтауды, тасымалдауды, жөндеуге беру мен жөндеуден алуды қамтамасыз ету кіреді.
Жөнделген тораптар мен агрегаттарды машиналарды жөндеу орнына жеткізу автожолдағы немесе теміржолдағы жылдам монтаждау кешені (2.4-сурет) көмегімен жүзеге асырылады .
2.4-сурет. Темір жолдағы жылдам монтаждау кешені:
1 – ұсталық бөлімі бар тұрғын вагон; 2 – тартосьті платформа; 3 – экскаватордың жүріс арбашасы; 4 – қозғалтқышты контейнер; 5 – экскаватор агрегаттары; 6 – шөміш; 7 – автомобильдік кран
Теміржолдағы жылдам монтаждау кешенінің жұмысы кезінде жөндеу алаңы жөнделетін машиналардың жұмыс орнына жақын жерден таңдап алынады. Жөндеу алаңына айналма қор тораптарының контейнерлері, монтажды кран, пісіру агрегаты және басқа да жабдықтар жеткізіледі. Гидрокранды қондырғылары бар автошеберханаларды қолдану кезінде (2.5-сурет) автономды монтажды кранды қолданудың қажеттігі болмайды.
Ал ағымдық әдіс бір маркадағы машиналарды көп көлемде жөндейтін заводтарда қолданылады. Жөндеуді ұйымдастырудың ағымдық әдісінің мәні технологиялық үдерістің, оның жүру бағытымен орналасқан белгілі бір жұмыс орындарында орындалатын жеке операцияларға бөлінуінде. Бұл әдіспен машиналарды жинау-бөлшектеу және детальдарды қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылуы мүмкін. Ал технологиялық үдерісті операцияларға бөлу ағымдық желінің тактісімен (ритммен) сәйкестендірілуі тиіс. Ағымдағы жинау жұмыстарын сәйкестендірілген жинау постарында орындайды.
2.5-сурет. Бульдозерді агрегаттық әдіспен жөндеу кезіндегі гидрокранды шеберхананы орналастыру сұлбасы:
1 – қайта жинақталатын бульдозер; 2 – қайырма; 3 – алдыңғы тірек; 4 – шынжыртабанды арбаша; 5 – қозғалтқыш; 6 –жиналатын бульдозер; 7 – гидрожабдық; 8 – шеберхана; 9 – сөрелер; 10 – детальдарды жуатын шомылғы;
- -------- қайта жинақталатын агрегаттар; ________- жинақталатын агрегаттар
Посттар жылжымалы (салмағы ауыр емес машиналардың үлкен сериясын жөндеуде) және тұрақты (салмағы ауыр машиналардың кіші сериясын жөндеуде) болуы мүмкін.
Жөндеуді ұйымдастырудың ағымдық әдісі бүкіл өндірістік үдерісті нақты жобалауды талап етеді. Цехтардың барлығы да (бөлшектеу, жөндеу, жинау) бекітілген ритмге сәйкес жинаудың ағымдық желісін қажетті бөлшектермен қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
Жөндеу әдістеріне жасалған талдау классификациялық сұлбаны құруға мүмкіндік береді (2.6-сурет), оның бөлінуінің белгілеріне жататындар:
– қалпына келтірілетін детальдар мен жинақ бірліктерінің орналастырылатын машинаға жөндеу әдісі үшін қажеттілігі;
– технологиялық процестің бөліну дәрежесі өндірісті ұйымдастыру әдісі үшін.
Айтылған сипаттамаларына сәйкес 2.5-кестеде негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер бойынша жөндеу әдістерінің сапалы бағасы берілген [17].
Сонымен бірге 2.5-кестеде өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі әдістерімен меншіктелген немесе меншіктелмеген жөндеуді орындайтын жөндеу кәсіпорындарының техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген. 2.6-кестені талдау барысында меншіктелген жөндеудің бәсекеге түспейтін артықшылықтарын байқауға болады.
Жөндеу әдістері |
Жекелеген |
Жекеленбеген |
Агрегаттық -тораптық |
Ағымдық |
Тұйықтық |
Арнайы бригадалар |
Өндірісті ұйымдастыру әдістері |
2.6-сурет. Өндірісті ұйымдастыру және жөндеу әдістерінің жіктелуі
2.5-кесте
Өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі әдістері кезіндегі жөндеу кәсіпорындарының техника-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Жөндеу әдісі | ||
Бір жөндеудің өзіндік құны | Меншіктелмеген | Меншіктелген (меншіктелмегенге пайызбен) | |
агрегаттық-тораптық | ағымдық | ||
Өнімді шығару: -бір өндірістік жұмысшыға -1 м2 өндірістік ауданға | |||
Қайтару қоры |
2.6-кесте
Жөндеу әдістерінің сипаттамасы
Көрсеткіштер | Жөндеу әдісі | |||
Меншіктелмеген | Меншіктелген | |||
тұйықтық | арнайы бригада | агрегаттық-тораптық | ағымдық | |
Технологиялық процесті бөлшектеу дәрежесі | бөлшектенбеген | аз бөлшектенген | тораптар бойынша бөлшектеу | толық бөлшектеу |
Жөндеу уақыты | өте ұзақ | ұзақ | нормадан төмен | ең қысқа |
Еңбек шығындары | өте жоғары | жоғары | нормативтік | нормадан төмен |
Жөндеудің өзіндік құны | өте жоғары | жоғары | оңтайлы | оңтайлыдан төмен |
Еңбек өнімділігі | өте төмен | төмен | жоғары | ең жоғары |
Негізгі қорды пайдалану | өте төмен | төмен | толық | толық |
Кадрлар әмбебаптығының дәрежесі | кең әмбебаптық | әмбебап | мамандандыру | ауқымы аз мамандандыру |
Жұмыс орнын материалмен, аспаппен, техникалық құжаттамамен жабдықтау | өте қиын | қиын | қалыпты | жеңіл |
Сапаны бақылау әдісі | машиналарды сынау | тораптарды сынау |
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 4992;