Тазалау-жуу (ТЖЖ) жұмыстарының технологиясы және жабдықтары

ТЖЖ көлемі мен құрамы жылжымалы құрамның (ЖҚ) ластануымен анықталады. Ластану деңгейі және де тасымалдаулар қандай жолдармен (қатты немесе шаң топырақ) жүргеніне, құрғақ немесе ылғалды ауа райында, қандай климаттық аймақта орналасқанына, жазда немесе қыста т.с.с. орындалғанына байланысты да анықталады.

Жылжымалы құрамның барлық сыртқы (жоғарғы, бүйірлік, төменгі) беттері, сонымен қатар мотор майы, канатасты кеңістігі, кузовтың іші, көлік салоны периодты түрде жуып-тазалап тұруды қажет етеді. Тамақ өнімін тасумен айналысатын автомобильдерге бұл тіптен қажет.

Жуу жұмыстары тазалауға қарағанда механизацияға көбірек бейімделген. ТЖЖ-н жүргізу технологиясы төмендегідей:

Көлік кабинасын, салонын немесе кузовын тазалайды, ЖҚ-ды сыртынан жуады. ЖҚ-ды құрғатады немесе терезелерін және нөмірлерін сүртеді. Бұл жұмыстарды ЖҚ-ды сырттай жуу аймағында ұйымдастырады.

Жылжымалы құрамды жуу тәсілдері.Орындалу тәсіліне қарай бөлінеді: қолмен жуу, механикаландырылған және комбинацияланған.

Қолмен жуу шлангпен немесе пистолетпен жүзеге асады, су ағынының төменгі қысымы 0,2-0,4 МПа, жоғарғы қысымы 1,0-2,5 МПа болуы тиіс.

Механикаландырылған жуу арнайы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі және құрылысы мен пайдалану жағдайына байланысты бөлінеді:

– жұмыс органының конструкциясына байланысты ағынды, қылшақты, ағынды-қылшақты;

– көлік техникасының жұмыс органының салыстырмалы жылжуына байланысты: өтпелі және қозғалмалы;

– пайдалану жағдайына қарай: тұрақты және жылжымалы;

– басқару тәсіліне қарай: қолмен басқарылатын және автоматты.

Қолмен 10-20 минутта жуылатын процесті механикаландырылғаннан соң 1,5-3 минутта орындауға болады. Экономикалық есептеулер (25-30)% ұтатындығын көрсетеді.

Тазалау-жуу жұмыстарына арналған жабдықтартөмендегідей бөлінеді:

- тазалау жұмыстары мен шанақты санитарлық өңдеуге арналған жабдықтар;

- көлікті жууға арналған жабдықтар;

- жуып болған соң көлікті үрлеу мен құрғатуға арналған жабдықтар;

- өндіріс жағдайында регенерацияланған суды пайдалануға арналған қосымша жабдықтар.

Қазіргі кезде ең көп тараған М-130 маркалы ағынды-қылшақты жуу қондырғысының техникалық сипаттамасы:

Типі: тұрақты, автоматты

Өнімділігі, авт/сағ 50 70

Су шығыны, л/а 600 1200

Су қысымы, МПа 3,8

Электрқозғалтқыштардың жалпы қуаты, кВт 45

Габариттік өлшемдері, мм 7500х5500х40000

Масса, кг 1200








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 5067;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.