Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды ұйымдастыру

Бөлшектеудің технологиялық реті жобамен, мысалы, экскаватор үшін төмендегідей болады. Алдымен жөндеуге кететін жебесі, білегі, шөміші және басқа тораптары шешіліп алынады да, металқұрылым цехына жөнелтіледі. Сонан соң экскаватордан торапты детальдарға бөлшектейтін участоктарға жіберілетін ірі тораптар – шығырлар, редукторлар, жүріс арбашалары бөліп алынады. Платформадан негізгі тораптар алынып болған соң оны көпірлі кран арқылы көтеріп, жөндеу цехына жөнелтеді.

Жөндеу-механикалық кәсіпорындарында бөлшектеу жұмыстарын механикаландыру негізгі бөлшектеу операцияларын орындауға, бұрандалық, престік, бастырмалық қосылыстарды ажыратуға арналған құрылғылар мен арнайы механикаландырылған аспапты кеңінен қолдану бағытында жүргізіледі.

Жөндеу кәсіпорындарының тәжірибесі бөлшектеу жұмыстарының технологиясын қатаң сақтау, механикаландырудың тиімді құралдарын пайдалану, мойынтіректерді қайталап қолданудың көлемін 15...20% өсіруге және машинаны жөндеудің өзіндік құнын 5...8% азайтуға мүмкіндік беретіндігін көрсетті.

Жөндеу-механикалық заводтардың көпшілігінде жуылған машинаны арбашамен жинақ бірліктерге бөлетін бөлшектеу-жуу бөліміне жеткізеді, сонан соң жуып, детальдарға бөлшектеп, арнайы машиналарда тағы да жуады.

Бөлшектеу-жинау жабдықтарына престер, рольгангтар, конвейерлер, шебер столдары және әмбебап, арнайы, жылжымалы, жылжымайтын стендтер жатады. Жөндеу кәсіпорындарында максимал күші 100 және 1000 кН болатын гидравликалық престер қолданылады. Сонымен бірге шынжырмен байланысқан арбашалар топтамасынан тұратын конвейерлер де пайдаланылады (3.5-сурет).

 

3.5-сурет. Жетекші арбашалы жинау-бөлшектеу конвейерінің сұлбасы:

1 – тартым механизмі; 2 – тартқыш шынжыр; 3 – арбаша;

4 – рельстер; 5 – редуктор; 6 – электрқозғалтқыш

 

Бұрандалы қосылыстарды бөлшектеу немесе жинау үшін сомынды, шетжақты, бұрамасұқпалы және арнайы кілттер қолданылады. Тербелу мойынтіректерін шешу үшін ішкі сақинаға (3.6 а-сурет) және сыртқы сақинаға (3.6 ә-сурет) күш түсіретін бұрамалы ажыратқыштар қолданылса, шарикті мойынтіректі босату үшін ішкі сақинаға (3.6 ә-сурет) күш түсіретін гидравликалық ажыратқыштар пайдаланылады.

 

3.6-сурет. Ішкі (а) және сыртқы (ә) сақиналарға түсірілген күші бар мойынтіректерді баспалауға арналған бұрамалы ажыратқыштар:

1 – таяныш стакан; 2 – тартым; 3 – бұрама; 4 – маңдайша

 

Ал эксцентрикті кілттер көмегімен (3.7-сурет) бұрамасұқпаларды бекітеді немесе босатады. Бұрандалы қосылыстарды босату электрлік (3.8-сурет) немесе пневматикалық сомынбұрағыштар көмегімен жүзеге асырылады.

 

 

3.7-сурет. Эксцентрикті кілт

 

3.8-сурет. Соққылы-импульсті муфтасы бар электрлік сомынбұрағыш:

1 – құрал сағасы; 2 – аша; 3 – айналдырық; 4 – серіппе; 5 – шарик

Бөлшектеу участоктары әртүрлі стендтер және жабдықтармен жарақталған. Мысалы, бульдозер агрегаттарын жөндейтін участоктар жарты осьтер мен мойынтірек айналмаларын шешетін гидроқондырғылармен, борттық редукторды бөлшектеуге арналған стендпен, фрикционды бөлшектейтін қондырғымен, тарту механизмін шешуге арналған стендпен және т.б. жабдықталған.

Автомобиль қозғалтқыштарын мотор цехтарындағы арнайы посттарда бөлшектейді.

Майдан тазартылған және жуылған детальдар олардың техникалық жайдайын анықтау үшін (ары қарай пайдалануға болады немесе қайта жөндеуге жіберіледі) бақылауға қойылады. Бақылау цехтың бақылау-сұрыптау бөлімінде немесе тікелей жұмыс орнында жүргізіледі. Детальдардың дефектациясы машиналарды күрделі жөндеудің техникалық шарттарынан тұратын детальдар жөндеуі мен ақаулар картасына сәйкес жүргізіледі. Көлік техникасының әр түрлі типіндегі детальдардың жекелеген түрлерінің (біліктер, осьтер, мойынтіректер) дефектациясына қойылатын техникалық талаптар ұқсас болып келеді.

Дефектация кезіндегі тозудың, зақымданудың түрі мен сипатына қарай детальдар төмендегі топтарға бөлінеді: жөндеу кәсіпорнында жөндеуге кететін жарамды және жасыл, ақ, қызыл түстермен белгіленетін жарамсыз. Детальдардың техникалық жағдайын бақылауға сыртқы пішінін қарау, сәйкес карталарда көрсетілген өлшемдерді тексеру немесе арнайы аспаптарда (ақаукөргіште, серпімділікті өлшейтін құралда) тексеру жатады.

Дөңгелектер күпшегі мен муфталар арқылы өтетін біліктер мен мойынтіректер ұясына арналған тесіктер отырғызылуында кездесетін сызаттары бар детальдар сыртқы пішінін қарау арқылы ақауы бар жарамсыз деп есептеледі. Ал өлшемдерін тексеру арнайы немесе әмбебап өлшеу аспаптары, шектік мөлшерлегіштер мен қима үлгілер көмегімен жүзеге асырылады.

 








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 3352;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.