АҚҚ релелік қорғаныспен үйлесу

Тез әрекет еткіш қорғанысы жоқ желідегі тұрақты ҚТ кезінде қайта қосылу энергожүйенің апаттан кейінгі режимді ауырлатады, тез әрекет еткіш қорғаныспен жабдықталған желідегі АҚҚ салыстырғанда құрылғының ақауы мөлшері және тұтынушылар шығыны ұлғаяды. Сондықтан АҚҚ кезіндегі тез әрекетті қорғаныс кең таралған;

Қазіргі уақытта релелік қорғаныс құрылғыларының әрекетін жылдамдатушы екі түрі қолданылады: АҚҚ дейін және АҚҚ соң.

АҚҚ барлық түрі үшін міндетті шарт АҚҚ кейін релелік қорғаны әркетін жылдамдату болып табылады. Қорғаныс әрекетін жылдамдату екі негізгі тәсіл арқылы іске асады. Тәуелсіз сипаттамалы қорғаныстарда екі уақыт ұстамы қарастырылады:

бірі, барлық режимде жұмыс істейтін және аралас қорғаныс (іріктеуші) уақыт ұстамымен сәйкестендірілген, екінші, біріншіге қарағанда аз, АҚҚ әрекеті кезінде аз уақытқа ғана қосылады. Мысалы, ток және қашықтықтан қорғаныстың екінші сатыларын жылдамдатады. Қорғаныс әрекетінің жылдамдатуға қойылатын негізгі талап қажетті сезгіштікпен барлық желіні қамтуы болып табылады. Бұл қорғаныстардың уақыт ұстамы аралам мезеттік қорғаныстарда іріктеушілікпен қамтамасыз ету үшін 0 шамасында.

Жеделдету тізбегі аралық реле түйіспесімен қалыпты ажыратылған, ол ажыртқыштың қайта қосылуы алдында қосылады және қайтуға баяу, өзінің түйіспесін 0,7-1 с дейін тұйықтап тұрады. Сондықтан егер қайта қосылу тұрақты ҚТ іске асса, онда қорғаныс екінші рет уақыт ұстамынсыз әрекет етеді.

Жеделдету релесін іске қосу үшін ажыратқыш СӨНДІРІЛДІ тұрған реле түйіспесі қолданылады. Ажыратқыш іріктеуші қорғаныс арқылы сөндірілген соң реле іске қосылған соң, өзінің түйіспелерімен жеделдету тізбегін тұйықтайды. Релені қосуға команда берілгенде ажыратқыш СӨНДІЛДІ қалыбы бастапқы орнына бірден келмейді, 0,7-1 с баяулайды, яғни жеделдету релесі орамасынан “оң” кернеу сәтсіз АҚҚ циклында жеделдету тізбегі бойынша қорғаныс іске қосылу үшін жеткілікті уақыт ішінде түседі.

 

Сур.1. АҚҚ цикліндегі қорғанысты тездету сұлбасы: а—АҚҚ кейін; б—АҚҚ дейін

АҚҚ дейін қорғанысты жеделдету ақау санын азайтады, сәтті АҚҚ кезінде қалған тұтынушыларға ҚТ әсерін және сонымен қоса, ақауды іріктеп жоюмен қамтамасыз етеді. Тораптарда АК2 және АК3 максималы ток қорғанысына қарағанда максималды ток қорғанысының іріктеушілік шарты бойынша жоғарғы уақыт ұстамы болуы қажет.

W1 желісінде ҚТ кезінде жеделдету тізбегі бойынша АК1 қорғанысы іске қосылады және осы желіні уақыт ұстамынсыз сөндіреді. АҚҚ соң, егер ақау жойылса, желі жұмыс істеп тұрады; егер ақау тұрақты болса, уақыт ұстамымен желі қайта сөнеді.

 

 

 

Сур. 2. Бір жақты қоректенетін желінің саласы

 

W2 желісінде ҚТ кезінде АК1 қорғанысымен W1 желісі жеделдету тізбегі бойынша іріктелмей сөндіріледі. Содан соң W1 АҚҚ әсерінен қайта қосылады. Егер ақау W2 желісінде тұрақты болса, онда бұл желі өзінің АК2

 

 

қорғанысымен сөндіріледі, ал W1 желісі жұмыс істейді, яғни АҚҚ соң АК1 қорғанысы қалыпты уақыт ұстамымен, уақыт ұстамымен іріктегіш АК2 әрекет етеді.

Қорғанысты АҚҚ дейін жеделдету тізбегінде АҚҚ кейін жеделдету тізбегіне ұқсас жұмыс жасайды.

АҚҚ дейін қорғанысты жеделдету үшін реле КІ АҚҚ шықпа релесі іске қосылғанда жұмыс жасайды.

Төменде қарапайым ток қорғаныстарының көмегімен ақауды іріктемей сөндіруді түзетуді қамтамасыз ететін іріктемейтін релелік қорғаныс пен АҚҚ әрекеттестірудің күрделі тәсілдері қарастырылған.

Іріктемеушілікті түзетудің бір тәсілі ретінде тораптың әр түрлі нүктелерінде АҚҚ орнату алуға болады. W2 желісінде ақауды іріктеп жою үшін Q1 ажыратқышында бір ретті АҚҚ және Q2 ажыратқышында екі ретті АҚҚ орнату қажет. АҚҚ бірінші циклынан кейін және W2 желісінде тұрақты ҚТ кезінде қосылу кезінде екі желіде орнатылған қорғаныс іске қосылады және ажыратқыштарды сөндірелі. Себебі ажыратқышта екі ретті орнатылған, екінші рет тек ажыратқыш сөнеді. Осы кезде қосалқы станция құрларына жалғанған тұтынушылардың қорегі қалпына келтіріледі.

ҚТ қуатын төмендетуге арналған энергожүйелерде АҚҚ үйлестірген іріктемеген қима пайдаланылады.

 

Энергожүйе даму шарты бойынша торап сызбасына орнатылған ажыратқыш қуаты ҚТ тогын сөндіруге қабілетсіз болып қалуы мүмкін. ҚТ қаутын азайту үшін қосалқы станция құраларын шықпа желілердегі ақау кезінде немесе трансформаторда ток ақау орнына қорек көзі бөлігі арқылы келуі есептелінеді. Бірақ қосалқы станция сызбасын бөлу сызба тұрақтылығын төмендетеді. Сондықтан қосалқы станцияда тұйық сызбаны сақтау мақсатында бір қоре көзінің АҚҚ үйлестірілген арнайы іріктелмеген ток қимасы қолданылады.

 








Дата добавления: 2015-11-24; просмотров: 2191;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.