Ажыратқыштардың АҚҚ. АҚҚ релелік қорғаныспен үйлесуі

Электромагнитті жетекті ажыратқыштардың автоматты қайта қосылуы.Электромагнитті жетекті ажыратқыштар үшін қосымша РПВ-58 құрылғысы шығарылады.

Бір ретті АҚҚ сызбасы электромагнитті жетекпен жабдықталған ажыратқышы бар желі үшін суретте көрсетілген.

1. РПВ-58 құрылғысы құрамына кіреді: термикалық беріктілігін қамтамасыз ету үшін қосымша резисторы бар уақыт релесі; параллель және тізбекті екі орамалы аралық реле KBS; АҚҚ әрекетінің бір реттілігін қамтамасыз етуші конденсатор; зарядтаушы резистор R2 және R3 разрядтаушы резистор.

 

 

Сур. 1. РПВ-58 жинақ базасындағы бір рет әсер ететін АҚҚ сұлбасы

 

 

Аталған сызбада ажыратқышты қашықтықтан басқару бекіту қарастырылған басқару кілтімен жүзеге асады және операция қосылысымен кілт ҚОСЫЛДЫ не СӨНДІРІЛДІ жағдайында тұрады. Ажыратқыш қосылса және басқару кілті ҚОСЫЛДЫ жағдайында тұрса, конденсаторға кілт түйіспесі арқылы жедел ток “оң”, ал “теріс”- разрядты резистор арқылы беріледі. Конденсатор зарядталады және АҚҚ сызбасы әрекетке дайын тұрады.

Реле ажыратқышы қосылып тұрған кезде қосу тізбегінің дұрыс жұмысын бақылау жасаушы “СӨНДІРІЛДІ” жағдайында ток өтпейді және АҚҚ қосу тізбегінде оның түйіспелері ашық. Басқару кілті мен ажыратқыштың сәйкессіздігін былай түсіндіруге болады: яғни кілт түйіспелері арқылы АҚҚ сызбасына “оң” шұғыл ток беріледі, ал алдында ажарап тұрған ажыратқыштың қосымша түйіспесі ажырап-қосылады және реле орамасы тізбегін тұйықтайды, ол іске қосылғанда уақыт релесі орамасына “теріс” әрекет етеді.

Уақыт релесі іске қосылғанда оның лездік тұйықтаушы түйіспесі реле орамасына қосымша кедергі бере отырып ажыратылады. Бұл реле орамасындағы токтың төмендетеді, соның арқасында ұзақ уақыт ток өтуі кезінде термикалық бекемдігі қамтамасыз етіледі.

Реле бекітілген уақыт ұстамы өтуі бойынша тұйықтаушы түйіспені тұйықтайды және конденсаторға реленің параллель орамасын қосады. Реле конденсатор разряды тогы әсерінен іске қосылады және өзінің екінші орамасы арқылы ажыратқышты қосуға импульс береді. Реледе ретті орамаларды қолдану ажыратқышты қосуға қажетті импульс қамтамасыз етіледі. Ажыратқыш іске қосылады, қосымша түйіспелері ажыратылады және реле бастапқы жағдайына қайтады.

Егер желідегі ақау тұрақсыз болса, онда желі жұмыс істеп тұрады. Уақыт релесі түйіспелері ажыраған соң конденсатор зарядтаушы резисторлар арқылы зарядталады. Бұл резистор кедергісі зарядталу уақыты 20-25 с болып таңдалады. Сондықтан, белгіленген уақыттан кейін АҚҚ сызбасы автоматты түрде жаңа әрекетке дайын болады.

Егер ақау тұрақты болса, онда ажыратқыш қосылған соң, қорғаныспен қайта сөндіріледі және КОТ және КТ1 релелері қайта іске қосылады. Бірақ, КІ1 релесі екінші қайтара іске қосылмайды, себебі конденсатор АҚҚ бірінші әрекетінде зарядталады және екінші рет зарядталып үлгерген жоқ.

Ажыратқыш ЗА басқару кілтімен шұғыл сөндірілгенде басқару кілті қалпы мен ажыратқыш арасында сәйкестік туындамайды және АҚҚ әрекет етпейді. Сондықтан КОТ релесі ғана іске қосылады, ал КТ1 және КІ1 релесі жұмыс істемейді. SA кілтінің түйіспелерімен 1-3 шұғыл ток түсірілісімен 2-4 түйіспелері тұйықталады, конденсатор резистор арқылы зарядталады.ажыратқыш басқару кілтімен шұғыл қосылғанда АҚҚ әрекетке дайындығы конденсатор зарядталған соң 20-25 с туындайды. Сондықтан ажыратқыш шұғыл қосылғанда АҚҚ сөндіру талап етілмейді.

РПВ-58 релесін пайданылатын АҚҚ.РПВ қайта қосу релесі бағдарламалық басқару торапына ұқсас, оның көмегімен АҚҚ дейін және кейін қайта қосуға мүмкіндік береді. ЖК жедел қызметші 3-2 тізбек бойынша нысананы қосуға команда берісімен, конденсатор зарядтала бастайды. 7-2 тізбек бойынша сигнал берілісімен, орамаға толық қорек кернеуі беріледі.

Реле іске қосылады және оның ажыратушы түйіспелері тізбекке реле орамасымен бірге резистор енгізеді. Бұл резистор кедергісі ораманың термикалық бекемділікті қамтамасыз етуі және қосылған қалыпта реле зәкірі ұстауы бойынша таңдалады. Баяулай түскен тұйықтаушы түйіспе конденсаторға реле РП жалғайды; соңғы оның ормаларына зарядталады. аралық реле тұрақты ақау кезінде іске қосылмауы керек. Релені таңдау үшін келесі есеп жүргізіледі.

Алдымен релені іске қосуға жеткілікті кернеу есептелінеді Uср:

 

Кзап - қор коэффиценті нақты реле үшін тәжірибе арқылы таңдалынады.

 

Соңынан реле іске қосуды қамтамасыз етуші конденсатор заряды уақыты есептелінеді:

 

 

Бұл жерде Uи - қорек көзі кернеуі.

 

 

 

Сур. 2. РПВ-58 релесімен АҚҚ біріккен сұлбасы

 

Егер жедел қызметкер іске қосқан кезде конденсатордың зарядталуына қарағанда уақыт релесі жылдам жұмыс істейді, онда РП релесі қосылмайды және АҚҚ жалғаспайды. Дайындық уақытында конденсатор кернеу көзіне дейін зарядталып үлгереді, Рп релесі уақыт релесі түйіспесі тұйықталғанда қосылады, ал содан кейін конденсатордағы кернеуден тәуелсіз қосылған қалпын қосылу операциясы аяқталғанша сақтап тұрады. Қосылуға берілген сигналмен бірге релелік қорғаныс әрекетін жылдамдатуға команда беріледі. АҚҚ тыйым салу кейібір релелік қорғаныс түрлерінде қарастырылады және ол шұғыл қосылуда қажет.

РПВ-258 релесін пайданылатын АҚҚ.РПВ-258 релесі екі ретті АҚҚ іске асыруға арналған, әрекеті РПВ-58 релесіне өте ұқсас,бірақ орнатылған екінші контур RC, сондай-ақ көрсеткіш реле арқылы ерекшеленеді.

Сызба дайындығы жедел қызметкердің нысанды қосуға берген командасымен басталады. Конденсатор зарядталып үлгерді және құрылғы екінші қосылуға дайын деп қарастырайық.

Жұмыстың бірінші циклі РПВ-58 релесі жұмысынан ерекшеленбейді. Сәтті қайта қосылуда 1-4 тізбегі бойынша С1 конденсатор зарядталады ол кезде ток резистор және реле орамасы арқылы өтеді. Сәтсіз АҚҚ кезінде

 

 

 

Рис. 3. РПВ-258 релесімен АҚҚ біріккен сұлбасы

 

 

уақыт релесі қайта қосылады, бірақ осы уақытта конденсатор зарядталып үлгермейді және РП реле сырғымалы түйіспе тұйықталғанда жұмыс істемейді. Екінші сатыға тең уақыт ұстамында конденатор тізбегіндегі түйіспе тұйықталады, РП реле іске қосылады және екінші АҚҚ жүзеге асады. Сәтті АҚҚ кезінде конденсаторлар С1 және С2 зарядтала бастайды. Егер де екінші АҚҚ да сәтсіз болса, онда екі конденсатор да тұйықталады: С1- жүргізуші органмен, ал С2- РВ түйіспесімен және реле орамасымен.

АҚҚ құрылымдық сызба.Сызба келесі тораптардан тұрады:

Дайындық торабы АҚҚ дейін және кейін тұрақты ақау кезінде қайта қосылуға тыйым салады.

Жүргізу органы (ЖО) АҚҚ құрылғыларын әрекетке келтіруге бағытталған. Жүргізуді төмендегілермен сәйкес жүзеге асыру қажет: релелік қорғаныс сигналдары; ажыратқыш және басқару кілті қалпы; бұғаттауды пайдалана отырып ажыратқышты сөндіру. Кейбір жағдайларда, жүргізуден басқа, осы торап көмегімен тексеру және алдын ала сынақтар өткізіледі. Параллель жұмыспен және құрылғыны динамикалық бекемділікпен қамтамасыз ету үшін синхронизмді тексеру пайдаланылады және жүргізу органы синхронизм элементтерімен толықтырылады. Бұл элементтер тез әрекет етуші ажыратқыштар және тез әрекет етуші релелік қорғаныс бар болса, қолданылмайды. Жүргізу органы кернеуді бақылау элементтерімен толықтыру сөндіру торабы учаскелері кезекті қосуға мүмкіндік береді. Алдын ала және үздіксіз торапты сынау қысқа тұйықталуды өлшеуіштермен орындалады.

 

Сур.4. АҚҚ құрылымдық сызбасы

 

 

Бағдарламалық басқару торабы (ББТ) нысанның қайта қосылуын жүзеге асыруға арналған. ББТ қосылғанда басқару бойынша тізбекті опреацияларды іске асырады. Бір және екінші ретті АҚҚ кезінде ББТ көмегімен сөндірілген және ақйта қосылған ажыратқыш арасында уақыт интервалы белгіленеді.

 

Лекция 15

 








Дата добавления: 2015-11-24; просмотров: 3224;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.