АҚҚ устамаларын есептеу
Параллель жұмысты қамтамасыз ететін АҚҚ құрылғыларының негізі параметрлері ажыратқыштың қайта қосуда уақыт ұстамы және АҚҚ сызбасының бастапқы қалпына автоматты қайтуы уақыты болып табылады. Тұтынушылардың қорек алу үздіксіздігі және энергожүйенің беріктігі шарты бойынша АҚҚ құрылғысы іске қосу уақыты минималды таңдау қажет. Бірақ АҚҚ әсерінен сызбаның қалпына келу қажетті минималды уақыты белгілі факторларға байланысты шектеледі: барлық қорек көзедрінен ақау орнының толық сөндірілуі уақыты.
Бір жақты бір ретті желілер үшін бір ретті АҚҚ құрылғысының іске қосылуы уақыты екі шарт бойынша таңдалады:
1. Желі сөндірілген уақыттан соң қайта қосылғанға дейінгі және кернеу берілгенге дейін ортаның деионизациялану шарты бойынша мына теңдік арқылы анықталады:
Онда - деионизациялану уақыты;
- артық уақыты.
220 кВ дейін кернеу бар тораптарда 15 кА ҚТ тогы кезінде 0,2 с және 15 кА артық токтарда 0,3-0,4с құрайды. 330 және 500 кВ желілерде 0,3-0,4 с құрайды. Сондықтан формула бойынша есептегенде 35 кВ жоғары тораптарда =0,3-0,4 с және 6-35 кВ тораптар үшін 0,4-0,5 с қабылданады.
2. Ажыратқыш жетегінің сөндірілгеннен соң қайта қосылуға дайындығы шарты бойынша:
Яғни, жетек дайындығы шарты бойынша қайта қосылуға АҚҚ уақыт ұстамы:
Бұл жерде - жетек дайындығының тұрақты емес екендігін есепке алатын артық уақыт, .
Бір жақты қоректенуші әуе желілері үшін бір ретті АҚҚ уақыт ұстамы 3-5 с деп алынады, ол ағаш құлауы, жылжымалы механизмдерге сымдардың тиюі, желмен тербелу және мұз қату т.б. ақау түрлерінде АҚҚ сәтті аяқталуын қамтамасыз етеді.
Іске қосылғаннан кейін АҚҚ бастапқы қалыпқа автоматты қайту уақыты бір ретті АҚҚ қызметін қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін тұрақты ҚТ кезінде қайта қосу АҚҚ қайтуы АҚҚ кейін қайта қосылған ажыратқыш релелік қорғаныспен өшірілген жағдайда ғана іске асады. РПВ-58 типті құрылғы базасында орындалған АҚҚ сызбалары үшін АҚҚ бастапқы қалыпқа қайта оралу уақыты теңдік бойынша анықталған мәннен кем болмауы қажет:
Бұл жерде - қорғаныстың ең ұзақ уақыт ұстамы;
- ажыратқыштың сөну уақыты.
Тәуелсіз сипатты қорғаныстар үшін уақыт ұстамы қорғаныстың уақыт релесі уставкасы бойынша анықталады. Тәуелсіз сипатты уақыт ұстамы бар реле үшін іске қосылу тогында уақыт ұстамы tзащср деп есептеу керек. Нақты жағдайларда 20 с не одан жоғарыға тең болуы мүмкін.
Бастапқы қалыпқа сөндіру мезетінде ажыратқыш арқылы іске қосылатын уақыт релесі қайтаратын АҚҚ сызбасында автоматты қайту уақыты теңдікпен анықталады:
Серіппелі жетекпен жабдықталған ажыратқыштардағы АҚҚ бір ретті әркетін қамтамасыз ету үшін серіппенің тартылуының минималды уақыты осы ажыратқышқа әсер ееттін қорғаныс уақытынан артық болуы қажет:
.
Екі ретті АҚҚ бірінші циклының уақыт ұстамы және бір ретті АҚҚ үшін де (1), (2) бойынша анықталады.
Екінші цикл ажыратқын екінші қайтара сөндірілген соң 10-20 с өткеннен кейін ғана өтуі қажет. Екінші циклдағы АҚҚ уақыт ұстамының үлкен мәні үшінші ҚТ тұрақты ақауға қосылуы кезінде ажыратқыштың сөнуге дайын тұруына меңзейді. Осы уақыт ішінде өшіру камераларынан бұлінген бөлікшелер жойылады, камера маймен қайта толтырылады және ажыратқыштың қайта қосылу қабілетін бұзады. РПВ-258 комплектісінде екінші циклдан соң келесі әрекетке дайындық уақыты 60-100 с құрайды.
Екі жақты қорек алатын параллель және құр желілері үшін АҚҚ құрылғыларының уақыт ұстамына қажетті қосымша шарттар ҚТ релелік қорғаныстың сөндіру уақыты есебімен таңдалады. АҚҚ уақыт ұстамын есептеу кезінде негізгі тез әрекет еткіш қорғаныстардың іске қосылуы уақыты емес, желінің резрвтік қорғанысы уақыты алынады, яғни АҚҚ нашар жұмысының мәні алынады. Есептеу мәні ретінде 0,1-0,15 с уақытпен АҚҚ құрылғысы орнатылған ток қорғанысының бірінші сатысы немесе қашықтан қорғаудың бірінші аймағы жағынан іске қосылу шарты алынады. Қарсы жақтан екінші және үшінші сатының уақыт ұстамымен желі сөндіріледі. Егер қашықтықтан қорғаудың екінші аймағының сезгіштік коэффиценті 1,2 с кем болмаса, ал ток қорғанысының екінші өрісі 1,5 кем болмаса екі сатының да іске қосылу уақыты есепке алаынады. Егер қорғаныстардың сезгіштік коэффиценті аз болса, онда резервтік қорғаныстың үшінші сатысының (өріс) уақыт ұстамы алынады.
Сол себептен, екі жақты қорек алатын желідегі АҚҚ уақыт ұстамын таңдау кезінде 1, 2 шартынан басқа үшінші шарт есептелінеді:
Бұл жерде - қорғаныстың бірінші сатысының ең аз уақыт ұстамы, АҚҚ уақыт ұстамы таңдалатын желінің соңындағы ажыратқышты сөндіру мен қосу уақыты;
- қорғаныс екінші сатысының уақыт ұстамы және желінің соңындағы ажыратқышты сөндіру мен қосу уақыты;
- деионизациялану уақыты (0,1-0,3);
0,5-0,7 с тең.
Егер және деп алынса теңдік :
Егер АҚҚ желідегі кернеуді бақылау құрылғысымен жабдықталса, (7) теңдігі құрамындағы және есептелмегендіктен қарапайымдалады. Желідегі кернеуді бақылау құрылғысымен жабдықталған АҚҚ үшін уақыт уставкасы былай таңдалады:
Құрлардың АҚҚ құрылғысының уставкасы есебі төмендегі ерекшеліктерге байланысты есептеледі. Екінші қосылатын ажыратқыштың АҚҚ құрылғысының іске қосылу уақыты бірінші қосылған ажыратқыш АҚҚ құрылғысының іске қосылу уақытынан артық болуы қажет.
Онда - ажыратқыштың қосылу уақыты;
- бірінші және екінші қосылыс АҚҚ құрылысының уақыт релесінің ұстам шығыны;
- ажыратқышты қосуда кеткен уақыт шығынын, 0,5-0,8 с тең қосушы контактордың бастапқы қалыпқа қайтын есепке алатын артық уақыт.
Сонымен қатар, құрлардың АҚҚ сызбасында құрды қорғанысының қайта қосылуы кезінде АҚҚ бұғаттау қарастырылса, онда бірінші мен келесі қосылу уақытын мына шарттар бойынша сәйкестендірген дұрыс:
- құр қорғанысының іске қосылу уақыты;
- 0,5-0,8 с тең артық уақыт.
Дәріс 17
Дата добавления: 2015-11-24; просмотров: 1519;