ЖҚ жедел қызметші командасын іске асыру тәсілдері.
Жедел қызметші команда беру үшін РПВ-58 немесе РПВ-258 релелерін қолдануы басқару кілті пайдаланылады. ЖҚ командасын бекітуші элементі ретінде телебасқару болса, бекітуші электромагниттік реле қолданылады. “Қосу” командасы берілгенде реле жаңа қалыпта түседі, ол сод қалыпта басқару сигналы болмаған кезде де қалады. Реленің бастапқы қалыпқа қайтуы “Сөндіру” командасы берілгенде ғана жүзеге асады.
Сур. 5. Команданы сақтайтын түйін, басқару кілтімен (а), басылған түйме (б) және бекіту релесі (в)
Жүргізу органының сызбасы нақты нысанды тағайындауға және тәсілге байланысты. Бір жақты қоректенуші электр жеткізуші желі үшін тізбекте ажыратқыштың түйіспе блогы немесе олардың қайталағышы қолданылады. Екі жақты қоректенуші желі үшін ЖО сызбасы күрделі болады. Оған тексеру немесе бақылау эелементтері енгізіледі.
Трансформатордың АҚҚ жүргізу органы екі тәсілмен іске асады. Бірінші тәсіл АҚҚ құрылғысын барлық апатты жағдайда, соның ішінде ішкі ақау кезінде де қосуды қарастырады. Бұл сәтсіз АҚҚ кейін жылдам сөнуді қамтамасыз ететін тез әрекет етуші қорғаныста қолданылады. Екінші тәсіл ішкі ақау кезінде қорғаныс іске қосылғанда трансформатордың АҚҚ құрылғысын бұғаттауды қарастырады.
Барлық апатты жағдайларда АҚҚ қосу, ал бұғаттау трансформатордың газдық реле сигналды түйіспелері тұйықталғанда қолдану тиімді болып саналады. Бұғаттау үшін синалды түйіспелерді қолдану АҚҚ уақытын ұзаруы қажет, сигналды түйіспе сөнген түйіспеге қарағанда баяу қосылады.
Сур.6. АҚҚ жіберу органы
Екі жақты қоректенуші желілерде тұйықталу кезінде синхронды емес жұмыс істейтін бөліктерінің жиілігін теңеумен және синхронды орнына келтірумен асинхронды режим аяқталады, синхронды емес АҚҚ орнатылады.
АҚҚ құрылғылары жоғары көрсетілген органдармен толықтырып синхронизмді бақылаушы АҚҚ құрылғылары деген жалпы атауға ие болады және екі түрі бар:
Синхронизмді тосушы АҚҚ құрылғылары (АПВОС) және Синхронизмді келістіруші АҚҚ құрылғылары (АПВУС).
Дата добавления: 2015-11-24; просмотров: 1471;