Жедел аллергоздар туралы түсінік

 

«Аллергия» терминің ХХ ғасырдың басында Австрия оқымыстысы Тирке енгізді, ол аллергия реакциясының негізгі қарқының анықтады. Бұл зерттеулер өте маңызды, себебі соңғы жылдары аллергиялық сырқаттармен ауыратын науқастардың саны көбейіп бара жатыр.

Аллергия ағзаның иммунологиялық серпілісімен, тіндердің зақымдалуы мен сипатталады. Егер ағзаға бөгде заттар түссе, онда ағза сол бөгде затқа жауабы ретінде антиденелерін тудырады.

Антидененің пайда болуына әсер ететін заттарды «аллергендер» деп атайды. Аллерген мен антидененің жинағынан пайда болатын серпілісті «аллергиялық серпіліс» дейді.

Антиген мен антидененің жиындысы пайда болғанда, қанға биологиялық белсенді заттар шығады (ацетилхолиндер). Бұлар тіндерді зақымдап, бронх тармақтарының бұлшық еттерін тарылтады. Майда қан тамырларының қабырғаларын босатады, олардың өткізгіш қабілеті бұзылады, сондықтан тамыр жанындағы тінге қанның сары суы жиналып, ісіктің білінуі байқалады.

Аллергендердің түрлері. Аллергендердің біріне жұқпалы аллергендер жатады. Бұған бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды жатқызуға болады. Ал келесі бір түріне жұқпалы емес аллергендер жатады. Бұған түрлі тамақтар өнімін, химиялық заттарды, дәрі – дәрмектерді, сары суды, вакциналарды, тұрмыстық шаң – тозаңды жатқызуға болады.

Аллергендер ішкі (эндо) және сыртқы (экзо) болып екіге бөлініп келеді. Экзоаллергендер ағзаға сырттан түседі, ал эндоаллергендер ағзаның ішінде пайда болады. Сондықтан олар аутоаллергендер деп аталады.

Аллергиялық серпілістің ең көп таралған жіктелуі бойынша тез және баяу дамитын түрлері болады. Серпілістің тез түрі 15-20 минут ішінде дамиды, ал баяу түрі 1-2 күн арасында дамиды.

Науқастан аллергиялық серпілісті қандай аллерген шақырғанын сұрастыру өте маңызды болып келеді. Осы жағдайды шешу үшін әр ауруханада аллергологиялық бөлімшемелер ашылған. Бұл бөлімшелерде жұқпалы және жұқпалы емес аллергендер жиынтық арқылы науқастардың дерт анықтамасын нақты ажыратуларды өткізеді. Науқастарды тексеру үшін сырқаттың қайталану кезінде аллергологиялық бөлімшелерге жіберу керектігін барлық медициналық қызметкерлер есте сақтағаны жөн. Науқасқа өткізілетін дерт анықтамалық әдістерінің ішінде қолданылатын сұрастыру мен, көз, мұрын, тері арқылы жүргізілетін сынама нәтижесінің көрсеткіштері маңызды шешім келуге өз ықпалың тигізеді. Дерт сынамаларын аллергендердің әлсіз ерітінділерімен жүргізеді.

Теріге өткізілетін сынама түрі.Білектің терісін 70% спирт ерітіндісімен сүртіп кептіреді. Аллергендері бар флакондардың тығындарын спиртпен сүртеді. Білектің спиртпен сүртілген терісіне аллергеннің әр түріне бөлек арналған шприцпен аллергеннің әр түрін 3-4 см қашықтықта тамшы ретінде тамызады. Содан кейін тамшылардың үстінен залалсызданған әр аллергенге бөлек скарификатормен теріні тіледі. 10 минуттан кейін аллергеннен қалған тамшысын залалсызданған тампонмен сүртіп тастайды. 20 минуттан кейін нәтижесін оқиды. Егер еккен жерде күлбірек пайда болса, сынама оң нәтижелі болып табылады.

Тері ішіне өткізілетін сынама түрі. Білектің терісін тартып, иненің үшін ғана терінің ішіне еңгізеді. Аллерген ерітіндісін 0,02 мл мөлшерінде жібереді. Сынаманың нәтижесін 20 минуттан кейін оқиды. Еккен жерде күлбірек, қызару пайда болса, онда сынама оң нәтижелі болып табылады.

Ингаляция түріне өткізілетін сынама түрі. Сынама өткізу алдында өкпе сиымдылығын тексереді. Содан кейін 2 минут ішінде науқас ингалятор арқылы аллергенді өте аз концентрацияда жұтады. Ингаляция кезінде науқастың тамағы

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 4220;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.