Анафилаксиялық шоктың клиникасы
Және мейірбикенің тактикасы
Науқастың шағымдары |
1. күрт әлсіздену, 2. дененің қызуы, терінің қышуы, 3. қалшылдау, бастың ауыруы 4. демнің қиындауы, 5. лоқсу, құсу, іштің ауыруы, 6. кеуденің қысылғанын сезіну, |
Клиникалық белгілері |
1. қозу, мазасыздану, 2. жабысқақ суық тердің шығуы, 3. көгеру, есінен тану, құрысып – тырысу, 4. қан қысымының төмендеуі, 5. тамыр соғуының әлсізденуі, 6. жүрек соғысының және дем алудың тоқтауы, |
Мейірбикенің тактикасы |
1. дәрігерді шақыру; 2. дәрі жіберуді тоқтату; 3. Тренделенбург жағдайын жасау (науқастың басын төмен, аяқ-қолын көтеріңкі ұстау); 4. қан қысымы анықталмаған жағдайда тері астына әр 2 –5минут сайын 0,1% - 0,3 мл адреналин ерітіндісін егу. Адреналиндік “блоктарды” алдын алу үшін инъекция салған орынды әр сайын ауыстырып отыру керек; 5. дәрігер келгенше көк тамырдан инені шығармай жұмыс жағдайында сақтау керек, 6. көк тамырға 60–120 – 150 мг преднизалон ерітіндісін жіберу; 7. жүрек соғуымен дем алуы тоқтаған жағдайда реанимация шараларын өткізу. |
Аллергиялық дерматит
Дәрілік заттардың әсерінен терінің аллергиялық зақымдануынан сипатталатын сырқаттың бір түрі. Көбінесе дерматитті тудыратын дәрілерге антибиотик препараттары (пенициллин, стрептомицин), жансыздандыру дәрілері, витаминдер, бояулар жатады. Осы дәрілердің әсерінен терінің нағыз қабаты зақымданып әртүрлі өзгерістер білінеді. Аллергиялық дерматиттің жасырың кезеңі 7 – 10 күннен 1 айға дейін, кейде одан да көпке созылуы мүмкін. Нағыз терінің аллергендермен жанасқан жерінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер әр түрде кездеседі: эритема, папулалар тағыда басқа түрде болып сипатталады. Тері қызарып, ісініп, суланады. Субъективті белгілерге қышыма және күйдіру сезімі жатады. Сырттай қарағанда терідегі өтіп жатқан аллергиялық дәріс жедел экземаға ұқсас, бірақ тері зақымдануын туғызған аллергеннің әсерін тоқтатса, аллергиялық дерматит тез басылады. Сонымен қатар күн сәулесі де аллергия ретінде әсер етуі мүмкін. Бұл кезде тері қызарады, ісінеді, көпіршіктер пайда болады. Осымен қатар дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, лоқсу, әлсіздік, ұйқысының бұзылуы байқалады. Бірнеше күннен кейін қабыршақтану және дақтар пайда болады.
Емі. Аллергиялық дерматитті емдегенде келесі ережелерді сақтау керек: аллергендің түрлерін анықтап, оларды жою. Осымен қатар емдәм тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. Аллергиялық дерматиттің емі ұзақ және кешенді түрде өткізілуі тиіс. Уыттануға және сенсибилизацияға қарсы ем жүргізіледі. Осы мақсатпен уыттануға қарсы көп мөлшерде сұйықтық мөлшерлерін енгізуі керек. Сенсибилизацияға қарсы антигистамин тобының дәрілерін тағайындайды: супрастин, пипольфен, тавегил, диазолин және т.б. Осымен қатар жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі – дәрмектер беріледі: валериана, бром, седуксен және шөп тұңбаларыда қолданылады. Жергілікті түрде терінің қабынуына, қышуына, сулануына қарсы әртүрлі қоймалжыңдар, майлар қолданады. Ауыр жағдайда арнаулы кестелік тәртіп бойынша гормон препараттарын береді (преднизалон, гидрокартизон, дексаметазон т.б.).
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1979;