Астмалық статустың клиникасы

Және мейірбикенің тактикасы

 

Науқастың шағымдары Объективтік өзгерістер
1. Тұншығу. 2. Жөтел. 3. Қақырық бөлудің қиындауы. 4. Әр түрлі иістерге сезімталдығының жоғарылауы. 1.Экспираторлық демікпе. 2.Еріксіз жағдай. 3.Дистанциондық сырылдар. 4.Тамыр соғуының жиілеуі, толуының төмендеуі. 5.Қан қысымы көбіне төмен.
Мейірбикенің тактикасы
1. Науқасқа ыңғайлы ортопноэ жағдай жасау. 2. Қысып тұрған киімдерін босату, таза ауа жіберу. 3. Қалта ингаляторымен қолдану, оттегіні беру. 4. Дәрігер келгенше науқастың жағдайын бағалау.

Аллергиялық мәнбірлердің әсерін жою мүмкін болмаса, сезімталдықты тежейтін ем қолданылады. Ол үшін үдемелі мөлшерде өзіндік аллерген беріледі. Антигенге сезімталдығын жою үшін емдәм терапиясын қолданады. Сезімталдығы жоғары тағамдарын жиі қолданбаған жөн (жұмыртқа, шоколад, кофе, құлпынай және т.б. ). Жұқпа қабыну дәрісі белсенді жағдайда антибактериалдық емін қолданады: кортикостероидтер және кортикостероид емес дәрі-дәрмектерін. Бронхтық астманың емдеу барысында бронхтардың өткізгіштік қабілетін жақсартатын емнің маңызы ерекше болып табылады. Ол үшін сілтілі сұйықтықтарды көп мөлшерде ішкізеді, сілтілі ингаляциялармен бірге емдік гимнастика өткізіледі. Бронхыларды кеңейтетін және қақырық түсіретін дәрі – дәрмектер тағайындалып, қолданылады: сальбутамол, беротек, дитек, интал т.б. Бұл дәрілер ингаляция түрінде небулайзер арқылы қолданылады. Қақырықты жібітіп, жеңіл түрде шығару мақсатымен мукалтин дәрісі беріледі, калий йодидінің ерітіндісін ішкізуге болады. Солодканың, жалбыз тікеннің түбінен, жолқұрай, тасшөп, жебір, френхель, және басқалардың тамырынан, жапырағынан, гүлінен дайындалған тұнбалар да өте пайдалы. Бронхтық астманы емдеу үшін физиотерапиялық емдік дене шынықтыру, тыныс жолдарының емдік гимнастика, инемен шаншу және басқада дәрісіз ем тәсілдері қолданылады. Ем гимнастикасы, дене шынықтыру бронхылар тармақтарының өткізгіш қабілетін жақсартып, тыныс бұлшық еттерінің энергетикалық қоректенуін арттыруға арналып бағытталады. Науқасты өзінің тыныс алу дәрісімен басқара алуына дағдылатып, жаттықтыруы керек.

Алдын алуы. Атопиялық демікпенің алғашқы алдын алу шараларына науқастың сезімталдығын тежеп, тыныс жолдарының жедел ауруларына дер кезінде ем көрсетуі керек. Ал жұқпалық – аллергиялық демікпенің алдын алуда созылмалы жұқпа ошақтарды қайта қаулатпаудың маңызы өте зор. Бұл сырқат түрін антибиотиктер мен сульфаниламидтер дәрілерімен емдегенде, олардың аллергия тудыратындығын естен шығармай, тек өте қажетті жағдайда ғана тағайындап, қолданған тиіс. Екіншілік алдын алуда жағдайына байланысты пациент диспансерлік нұсқау бойынша учаскелік терапевтпен тексеріліп отырады. Қаралған сайын қан анализін тапсырады. Аспаптық тексерістерден өтеді: спирометриядан, пикфлоуметриядан. Жылына 1 рет кеуде қуысына рентгенография жасайды. Сырқат ауыр ағымды болса, науқасты көбіне мүгедектікке ұшыратады. Дер кезінде дұрыс емделгендерге көбінесе сырқаттың ағымы жеңілденіп, науқастар еңбекке ұзақ уақыт жарамды болады. Созылмалы бронхтық астмасында сырқаттар дер кезінде дәрігерлік бақылауға алынып, олардың сезімталдығын келтіруге әрекет ықпалдарын өткізген қажет. Ол үшін ағзаны шынықтырып, физикалық күшті көтеруді дамытады, тыныс алу дәрісін жаттықтыру түрлерін өткізіп, сулық ем шараларын пайдаланған дұрыс. Пациентті демікпе кезінде өзіне-өзі көмек көрсетуді үйреткен жөн, ингалятормен қолдану, пикфлоуметрия жүргізе білу (арнайы оқу орнында үйреткен дұрыс). Асқынумен аурудың қозу санын азайтатын мақсатпен педагогикалық аспектіде жүргізілетін мейірбикенің жұмысы маңызды роль атқарады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Ауруға жалпы түсініктеме беріңіз.

2. «Жұқпалық – аллергиялық» деген терминді қалай түсінесіз?

3. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерді атап шығыңыз.

4. Сырқаттың клиникалық көрінісі қалай сипатталынып өтеді?

5. Демікпе ұстамасының әр ағымының түріне қысқаша сипаттама беріңіз.

6. Демікпе ұстамасындағы өткізілетін мейіркеш іс әрекеттері.

7. Сырқаттың негізгі емдік қағидасын айтыңыз.

8. Алдын алу шараларына түсінік беріңіз.

 

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2590;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.